Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті Мектеп: Павлодар қаласындағы хбб нзм күні



бет1/3
Дата01.03.2023
өлшемі129,28 Kb.
#70886
түріСабақ
  1   2   3

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп: Павлодар қаласындағы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Слямова А.Р.

Сынып: 5 (оқыту тілі қазақ тілінде)

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер

Сабақтың тақырыбы

Өмірдің иесі – ана

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О5. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу
О5. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

Сабақтың мақсаттары

Қажетті ақпаратты анықтау үшін сұрақтар құрастыра білу.

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің мазмұнын түсінеді

  • Ақпаратты анықтау үшін сұрақ құрастыра білу.

Дескрипторлар

  • Мәтіндегі ақпаратты түсінеді

  • Мәтіннің тақырыбын анықтайды

  • Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтайды

  • Мәтіннен жанама ақпараттарды анықтайды

  • Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Оқушылар сөздік қорларын кеңейтеді. Өз ойын жүйелі де еркін жеткізе отырып, өзгенің пікірін тыңдай біледі.
Пән лексикасы және терминология:ана, ана қасиеті, отбасы
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша жанама ақпарат ол - , оны мен былай түсіндіремін.



Құндылықтар

Оқушылар бір-бірін тыңдауда шыдамдылық таныта біледі, сыныптастарына құрметпен қарайды. Жұппен, топта жұмыс істей алады.

Пәнаралық байланыс

Биология /жануарларлың анасымен қатысы/

Осыған дейін меңгерілген білім

-

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин


Қызығушылықты ояту кезеңі

  • Балалар, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

Оқушылардың күтілетін жауабы:

  • Әке.

  • Ана.

  • Ата.


Мұғалім:

  • Иә, балалар, жоқты бар, ашты тоқ ететін ол – ана. Қатықсыз айран ұйымайды, анасыз бала ұйықтамайды. Әке қанша мейірімді болса да, ананың орны бөлек. Ана – үйдегі бақ, әке – отыратын тақ. Сол себепті де бүгінгі біздің сабағымыз ана туралы болмақ.

Оқу мақсаттарын анықтау.
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.
Дескриптормен таныстыру.

  • Мәтіннің мазмұнын түсінеді

  • Мәтіннің тақырыбын анықтайды

  • Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтайды

  • Мәтіннен жанама ақпараттарды анықтайды

  • Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра алады



Сабақтың ортасы


Оқылымалды кезеңі.

Төменде берілген сөздердің мағынасы анықталады.


Тіршілік иесі –


Құдірет иесі –
Мәпелеу –
Несібе –
Үн қату -


Оқылым кезеңі.

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана, Келтірген дүниеге нелер дана. Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ, Өмірдің алтын кілті сонда ғана, - дегендей көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана. Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен, Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең. Аналық махаббатың кәусар бұлақ, Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ. Адам “адам” болғысы келсе, алдымен Ананы қастерлей білуі керек. Өмірде Ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәләл болса керек. Ғалымдар адам Аналарынан айрылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл Ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты Ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, Ана құшағы ғана. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен Ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі Анаңа, тағы да Анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда. “Егер атаң мен Анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі Анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар. Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата-Анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген. Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл Ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын Ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші! Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса, сөз – сөздің ең төресі: Анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның Анасын да солай сыйла, барлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса.


1-тапсырма.

  1. Мәтінді оқып, төмендегі кестені толтырыңыз. Бірінші бағанға мәтіннің негізгі ойын ашатын негізгі ақпаратты жазыңыз, ал екінші бағанға негізгі ойға қатысты жанама ақпаратты жазыңыз.




Негізгі ақпарат

Жанама ақпарат

1.
2.
3.

1.
2.
3.

Әр топ өздерінің таңдаған ақпараттарын дәлелдейді. (Осы жерде оқушылар тақырып пен идеяны қозғау керек. Бұл негізгі ақпарат, себебі ол бұл мәтіннің негізгі ойын көрсетіп тұр, мынау жанама ақпарат себебі негізгі ойға қатысы аз (немесе жоқ)







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет