Сабақ: Қазақ тілі тақырыбы: 41-сабақ. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері мектеп: Ж. Мырзағалиев орта мектебі



Дата06.01.2022
өлшемі52,37 Kb.
#11568
түріСабақ

Бекітемін: 15.11.18

Оқу ісінің меңгерушісі



САБАҚ: Қазақ тілі

ТАҚЫРЫБЫ: 41-сабақ. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

МЕКТЕП: Ж.Мырзағалиев орта мектебі

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Габдешова Ж

СЫНЫП: 4 а

қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

4.3.7.2 – сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ажырату және тыныс белгісін (үтір, қос нүкте) қою


САБАҚТЫҢ

МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы біледі.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ажырата алады, тыныс белгісін қояды.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ажыратып, өздері мысал келтіріп қорытынды жасай алады.

Алдыңғы білімдер

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер


І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут)

2 минут


(Ұ) «Ыстық лебіз» Оқушылар шеңбер құрып, өлеңді хормен айту арқылы бір-бірлеріне сәттілік тілейді.

Қайырлы күн, досым!

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі күн біз үшін

Сәттілікке толсын!

Көңілді әуен қосып қою


3 минут

(Ұ) Ой қозғау


-ұлттық мұра.

-Суреттерді сөйлетсек , қалай болар еді?

-Домбыра, жетіген, ,қобыз- ұлттық мұра.

-Бұл сөйлем арқылы қандай тұжырым жасар едіңдер?

-Бүгінгі тақырыбымыз бен мақсатымыз қандай болуы мүмкін?



Интерактивті тақта

ІІ. Операционалдық-орындаушылық кезең (30 минут)


5 минут

3 минут

1 минут

2 минут

4 минут

1 минут
4 минут


4 минут


3 минут

3 минут


https://imektep.kz/kz/biringay-musheler

Сайтынан бірыңғай мүшелер туралы тыңдалым тыңдату.

Топтық жұмыс

Тапсырма : Мәтінді оқып,бірыңғай мүшесі бар сөйлемнің астын сызыңыз.

Дәлелдеу кестесі бойынша дәлелдеңіз.

Қазақтың баспанасы – киіз үй

Киіз үй сонау ежелгі заманнан бері көшпелі халықтардың баспанасы болып келген. Оның арғы тегі арба үстіне орнатылған күйме үй. Ал киіз үйдің қазақ даласында пайда бола бастауының өзіне үш мың жылдай уақыт өтті. Киіз үй біріншіден - көші-қонға қолайлы баспана Оны тез бұзады, шапшаң тігеді.

Киіздің ыстықты, суықты өткізбейтін қасиеті – киіз үйдің аптап шілдеде – сая, ызғырықта – жылы баспана болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан да оған аппақ киіз жабады. Ақ түс басқа түске қарағанда күн сәулесін жақсы шағылыстырып, жылуды аз сіңіреді.

Киіз үйдің әбзелдері: кереге, уық, есік, шаңырақ, туырлық, үзік, бау-басқұр. Олар ағаштан, жүннен жасалады.



2 топ

Киіз үй

Атам менің айбынды,

Атам менің сүйікті.

Бір қойнауға шалғынды

Киіз үйін тігіпті.

Алдымдағы арнаулы

Шопан үйі дөңгелек

Ақша бұлттан аумайды,

Қонақтаған жерге кеп.

Әрі жарық, әрі кең,

Ақ сарайдай бұл бөлме.

Жасауымен, сәнімен

Қызықтырады кіргенде.

Алашаның жердегі

Ашық екен өрнегі.

Текеметтен төрдегі

Көзімді алғым келмейді.

Қастек Баянбай
3-топ

Қазақ – қонақжай халық

Қонақ күту – қазақ халқының ең жауапты ісі. Оларды риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға қымыз, шұбат ұсынады. Содан кейін шай ішіледі. Шайдан кейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі бар жағдайды жасайды. Ауылдағы әнші ,күйшілерді шақырып қонақтардың көңілін көтереді.

Шетелден келген қонақтар «Қазақ халқы – қонақжай халық» деп бекер айтпайды.

4- топ

Қазақтың ерте заманнан келе жатқан музыкалық аспаптарының түрлері өте көп. Ата-бабаларымыз тастан, ағаштан, темірден, өсімдіктерден, саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан тағы басқа да дыбыс шығаруы мүмкін заттардан қарапайым ән-күй аспаптарын жасаған. 

Қазақ даласының кең тынысын күй мен жырға арқау еткен өнерпаздарымыз ел тарихының алтын парақтарында өз үлесін таңбалап кеткен. 

Дескриптор Білім алушы

- бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерді анықтайды;

- бірыңғай мүшелердің қызметін дәлелдейді.

«Дәлелдеп үйрен» кестесі

Бұл бірыңғай мүше, өйткені

Олардың бәрі бір ғана сұраққа жауап береді.

Сөйлемде бір мүшенің ғана қызметін атқарады.

Бәрі бір сөз табынан болады



Бұл _____________________________________

Өйткені

-_____________________________________________

-____________________________________________

-_____________________________________________

(Ө) 22-жаттығу. (Ө; Қ) Сызба бойынша сөйлем құрау.

Сызба бойынша бірыңғай мүшелері бар сөйлем құрап жазады. Жазған жұмыстарын топта жариялап оқиды.
Жұппен тексеру.

Дескриптор :

1.Бастауыштан болған бірыңғай мүшелі сөйлем құрайды.

2.Тұрлаусыз мүшеден болған бірыңғай мүшелі сөйлем құрайды

3.Бірыңғай мүше етістіктен болған сөйлем құрайды.

(Ө) «Сағат дос» әдісі арқылы

Сағат 9 .00- де кездесетін оқушылар

Тапсырма: Сөйлемдегі бірыңғай мүшені тауып , тиісті тыныс белгісін қой.

Айша Жанар Сәуле - үшеуі дос..

Сағат 12 .00- де кездесетін достар

Біз табиғатты ауаны қоршаған ортаны қорғаймыз

Сағат 15.00- де кездесетін достар

Мәкіш Абайға кінәлай да сынай да қарады.

Сағат 17 .00-де кездесетін достар.

Жүрісіміз – кейде бүлкіл кейде бөкен жүріс.



Дескриптор :

1.Сауатты көшіреді.

2. Бірыңғай мүшелердің арасына тиісті тыныс белгісін қояды;.

Оқулық


ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі (5 минут)

4 минут


Пайыздық көрсеткішпен өздерін-өзі бағалау.




Қосымша ақпарат


Дифференциация: Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау: Оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс:
Денсаулық пен қауіпсіздік
АКТ


Құндылықтар



















Бақылау:

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы болды ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?





Қорытынды бағалау:

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт.



1:

2:


Осы сабақтан келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет