Сабақ барысы Сабақ ұйымдастыру кезеңімен басталды. Оқушылар сыныптың «Алтын ережесін»



Дата05.01.2023
өлшемі285,08 Kb.
#60423
түріСабақ

«Садыр орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме
2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығында физика, математика, информатика пәндері
әдістемелік бірлестігінде атқарылған жұмыстарына қорытынды
А Н Ы Қ Т А М А
2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығында физика, математика, информатика пәндері әдістемеләк бірлестігінде 7 - мұғалім жұмыс атқарады. Бірлестікте жас маман информатика пәні мұғалімі Боранбай Мейірбек бар. Жас маманға мектеп әкімшілігі тарапынан тәлімгер бекітіліп берілді.
Мұғалімдер «Қазақстан Республикасы білім беру мазмұнын жаңарту аясында пәндер бойынша» өз білімін жетілдіру курстарынан өтті.
Тоқсан басында бірлестік отырысы жоспарға сәйкес ұйымдастырылды. Отырыс барысында өткен жылдық қорытынды шығарылды. Жаңа тоқсандағы міндеттер мен алдағы атқарылатын іс-шаралар жоспары таныстырылды.
Барлық пән мұғалімдері мемлекеттік білім стандартымен толықтай таныстырылды. Әдістемелік нұсқаулық бірлестік мүшелеріне таныстырылып талқыланды. Әр пән мұғаліміне күнтізбелік тақырыптық жоспарлау кезінде әдістемелік нұсқаулықты басты назарға алады.
Желтоқсан айында пән мұғалімдері математика, физика, информатика пәні бойынша тақырыпқа сәйкес бақылау жұмыстары мен тест тапсырмаларын алды. Бақылау жұмыстары тексерілді. Есеп шығарудан қиналатын балаларға тақырыпқа сәйкес қосымша тапсырмалар берілді. Қабілеті жоғары оқушылар мен үлгерімі төмен, білімінде олқылығы бар оқушылармен пән мұғалімдері қосымша жұмыс атқарады.
Желтоқсан айында Мақаш Айнұр 8Ә сыныбында «Квадрат теңдеулер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың мақсаты
Квадрат теңдеулердің түрлерін ажырату және оларға байланысты есептер шығаруды үйрету. Математикалық есептерді орындауға баулу. Сабақ барысы
Сабақ ұйымдастыру кезеңімен басталды. Оқушылар сыныптың «Алтын ережесін» айтып өтті. Үй тапсырмасы бойынша алдыңғы оқу тапсырмалары тексерілді. Үй тапсырмасын қорыту, талдау жұмыстары атқарылды. Үй тапсырмасы бойынша есептердің дұрыстығы мен қателері айтылып өтті. Дұрыс жауап нұсқасы оқушы назарына ұсынылды. Сабақ барысында түрлі математкиалық амалдарды орындады.
Жаңа сабақ бойынша «Ой шақыру» стратегиясы қолданылды. Оқушылар мағынаны тану мақсатында жаңа сабақ тақырыбын болжады, өз ойларын айтты. Жаңа тақырып мазмұнын суреттердегі есептерді қосу, алу амалдарын орындау арқылы ашты.
«көк шар», «күлгін шар» тобына бөлініп сабақ бойы топтық, жұптық, жеке, ұжымдық тапсырмаларды бір ауыздан орындады. Бір-бірлерін топ ішінде толықтырды. Оқушылар арасында диалог, ұжымдық жұмыс жүргізу, бір-біріне қолдау көрсетулері байқалды.
Тест тапсырмаларымен жұмыс атқарды. Тестің дұрыс жауаптарын топтар өзара тексерді. «Мағынаны тану», «Ойлан тап», «Стикердегі диалог» тағы басқа да оқушының математикалық білімін тереңдететін әдіс-тәсілдер қолданылып, математикалық тапсырмалар орындалды.
Оқушылар есеп шығару барысында бір-біріне көмектесті. Каийм Ансар, Муражатова Бахар, Багдатжанов Ислам тапсырмаларды тез, әрі дұрыс орындады.
Математикалық білім деңгейі төмен оқушылар Аблизова Парвиназ, Ахметов Муслим мұғалім көмегімен және топтағы оқушылардың демеуімен жұмыс атқарды.
Тақырып бойынша барлық тапсырмалар орындалды. Оқулық пен дәптермен, интерактивті тақтамен жұмыс жүргізілді. Балалар ашық сабақ бойынша жаңа тақырыпты түсінді.

Информатика пәнінің мұғалімі Боранбай Мейірбек информатика пәні бойынша «Пәндік құзыреттілікті арттыру» курсына барып келді.


Желтоқсан айында пән мұғалімдері өз пәндері бойынша білім сапасы мониторингісін шығарып, сыныптардағы білім деңгейін анықтады. Барлық сыныптардан бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары алынып, бағаланды. Бөлім бойынша жиынтық бағалауға талдау жұмыстары жүргізіліп жұмыстары топтастырылды. Тоқсандық жиынтық бағалау бойынша комиссия құрылып, әр сыныптан 3 оқушыға модерация жұмысын жүргізді. Модерация нәтижесінде хаттамасы толтырылып жазылды.
Пән мұғалімдері «Күнделік.кz» сайтындағы электрондық журналымен жұмыс жүргізуде. ІІ тоқсан бойынша пән білім сапасы шығарылды.
Алдағы қойылған міндеттер аудандық, облыстық жарыстарға қатысу.
Сәтті нәтиже
- Мұғалімдер жоспарлаған іс-шараларды өз уақытында жүргізді
- Мектепішілік олимпиада өткізілді
Сәтсіз тұстары
- Кейбір тапсырмалардың дер кезінде орындалмауы
- Оқушылардың математикалық сауаттылық бойынша білімдерінің төмендігі
- БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын оқушылардың толықтай орындай алмауы
Қорытынды
- Жаңартылған білім мазмұнымен оқушылармен қосымша жұмыс түрін жүргізу
- Республикалық, облыстық, аудандық байқауларға оқушыларды дайындау
- Сабақта қалыптастырушы бағалау түрлерін түрлендіру
- Бірлестік аясындағы жұмыстарды жандандыру
- Аудандық «Ашық есік» күндеріне, пәндік семинарларға белсене қатысу
Бірлестік жетекшісі: А.Т.Мақаш

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет