Сабақ барысында қолданылатын интерактивті әдістер Малдыбаева Әлия Мукановна



Дата18.03.2022
өлшемі19,02 Kb.
#28378
түріСабақ

Көру қабілеті бұзылған балалармен сабақ барысында қолданылатын интерактивті әдістер

Малдыбаева Әлия Мукановна



Шымкент қаласы «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатының» тәрбиешісі

Біз оқытуды және білім беруді, егер сабақ барысында мұғаліммен оқушы арасында өзара әрекеттестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізсе, интерактивті деп атаймыз.

Интерактивті сөзі—ағылшын тілінен аударғанда,inter – аралық, бірнеше,act - әрекет дегенді білдіреді. Өзара әрекеттестік әдетте белгілі бір мәселені шешу,ол шешімнің тиімділігі туралы әңгімелесу талқылау турінде қтеді.

Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылырдың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен , мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді.

Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі «итерактивті оқыту әдісі» .Бұл әдістің негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диологы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту .

Интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.Интерактивті оқытудың мәнісі- сыныптаіы барлық оқушы таным үрдісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрелері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады.Таным үрдісінде оқу материалын игеруде ,оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр оқушы өзіне тән еңбегін сіңіреді білім , идея,әрекет ету тәсілдерімен алмасу үздіксіз жүреді.Сонымен қатар бұл үрдіс мейірімділікпен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады.

Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:

-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы ;

-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;

-педагогикалық қолдау көрсету.

Интерактивті әдістерге мыналар жатады: проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, пікір таластар топпен жұмыс «миға шабуыл» әдісі,сын тұрғысынан ойлау әдісі , зерттеулер, іскерлік ойындар,рөлдік ойындар, «инсерт» әдісі , сахыналау,тест сынағы әдісі , дебат т.б.

Интерактивті әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды: тақта,кітаптар,бейне материалдар, слайдтар,флипчарттар , постерлер , компьютерлер және т.б. пайдалана отырып таныстырулар жатады

Көру қабілеті бұзылған балаларға оның ішінде мүлде көрмейтін балаларға интерактивті әдісті пайдаланған кезде қосымша мынандай құралдарды

(Брайль жүйесі бойынша оқуға және жазуға арналған):

-прибор, грифель

-машинка


-рельефті суреттермен сызбалар қолданамыз.

«Миға шабуыл» («ми шабуылы», «ми штурмы», «дельфи») әдісі бойынша берілген сұраққа әр оқушы жауап бере алады.

Маңыздысы – айтылған көзқарасқа баға қоймау керек, барлық жауап қабылданады және әр пікір қағазға жазылғаны дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері тиіс.Бұл әдісті кері байланыс алу үшін қолдануға болады. Мысал ретінде өзім өткізген тәрбие сағаттан үзінді ұсынамын.Оқыту «Менің әуес ісім кітап оқу» тақырыбы бойынша өткен сабақта осы әдісті қолдандым.Осы тақырып төңірегінде өздерінің ойларын айтуға ұсыныс жасадым.Барлық ой-пікірлерді қабылдап,жазып алдық.

Оқушылардың арасында кітаптың қазіргі кезде пайдасы аз, оны оқуға көп уақыт зая кетеді,кітапта түсініксіз жазылған қателер бар, қызық емес деген пікірлерде айтылды. Дегенмен оқушылардың басым көпшілігі кітап адам үшін рухани байлық, өмірде жолдас, ақылшы , кітапты көп оқыған адам білімді,жан жақты болады деген тұжырымдаманы ұсынды.Ереже бойынша барлық идеялар мен талқылаулар айтылып біткен соң, берілген тапсырма қайта еске салынды. Бұдан соң жазылып алынған пікірлер оқылды. Осы пікірлер бойынша қандай қорытынды жасауға болатынын сұрап, бұл әдіс бойынша жұмысты аяқтадым. Оқушылар «Кітап білім бұлағы» деген қорытындыға келді . «Миға шабуыл» әдісі қажеттілігіне қарай тиімді әдіс болып табылады және мынандай мәселелерді шешуге болады:

-даулы мәселелерді талқылау;

-талқылауға қатысуға онша сенімді емес қатысушыларды ынталандыру;

-қысқа мерзім ішінде идеяны көптеп жинау.

Инерактивті оқыту технологиясының мүмкіндіктері өте көп. Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа тәсілдерін ойлап таба алады.

Жұмыс барысында жұптасып жұмыс жасау, тест құрастыру, жобалау әдістерін қолданамын.Бұл әдістердің берері:

-оқушы белсенді болады;

-пәнге деген қызығушылығы артады;

-сыйластық, жауапкершілік сияқты дағдылар қалыптасады.

Интерактивті оқыту тәсілдерін қолдану оқушылар шығармашылығын арттыруда ең қуатты ынталандыру құралы болып табылады. Ол үшін құрылымы әр түрлі оқу әдістері мен ұстаздың дайындығы, ізденісі жоғары болуы керек.

Қазіргі білім беру саласында оқытыдудың озық технологияларын меңгермегенше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.



Қазіргі заман мұғәлімінен тек өз пәнінің білгірі болуы емес, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылықта талап етілуде.Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын шебер менгерген жан болғанда білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет