Сабақ барысында топпен жұмыс жасай білу оқушылар үшін оңай нәрсе емес. Әр қайсысы өз ойын айтқысы келетіндіктен түйінді ойлары



бет1/2
Дата31.12.2021
өлшемі21,85 Kb.
#21234
түріСабақ
  1   2

Бірлескен және топтық жұмыс

Топтық жұмыс оқушылардың сүйікті жұмыс түрлерінің бірі болып

табылады. Бұл жерде «неге?» деген сұрақ туындайды. Себебі, оқушылар

үшін ең маңыздысы – қателік жіберіп алмау деген қорқыныш сезімін жеңу,

өзіне деген сенімділіктің пайда болуы. Топтық жұмыстың нәтижесінде

оқушылар берілген материалды жақсы меңгереді. Олардың шығармашылық

қабілетін дамытуға септігін тигізеді, сонымен қатар топтық жұмыс сабақты

қызықты етіп өткізуге көмектеседі.

Сабақ барысында топпен жұмыс жасай білу оқушылар үшін оңай нәрсе

емес. Әр қайсысы өз ойын айтқысы келетіндіктен түйінді ойлары

шашыраңқы болып шығуы мүмкін. Осыны жою мақсатында мұғалімдер

сабаққа топпен жұмыстарын енгізіп отыр. Балалар топпен жұмыс жасағанда

ең алдымен бір бірін тыңдап үйренеді, ұйымшылдыққы үйренеді, бір біріне

көмектесіп, жалғыз қалдырмауды үйренеді.Оқушы ең алғаш мектеп

табалдырығын аттағаннан топпен жұмыс жасауға ебі болмағандықтан,

бастауыш сынып мұғалімдері ең алдымен балаларға топпен жасалатын

жұмыстар береді, себебі бала топпен жұмыс жасап үйренбейінше ол

сыныпты жатырқайтын болады сол үшінде оған топпен жасалатын жұмыс

ыңғайлырақ болады. Топпен жасалатын жұмыстар әдетте қиындық

тудырмайтын және балалардық жас талабына сай беріліп отырады.

Оқушылар берілген топқа арналған тапсырма арқылы өз еріктерімен

тақырыпты ашуға да бейімделеді. Және сабақ үстінде топтармен жұмыс

жасауға арналған тест сұрақтарында беруге болады. Сабақ үстінде топтық

жұмыс жасалғанда оқушылардың өзгенің ойын құрметтеуі, қарсылас топқа

сыйластық білдіруі, қызығушылық, біліктілік, білімділік жағынан

қадағалауға алынап, бақыланып отырады және осы қасиеттерді бойға

сіңіруге осы топпен жұмыс септігін тигізеді.

Топпен жұмыс жасаудағы талаптар мынадай болып келеді:

-Ұйымшылдықпен түгелдей ат салысып, қатысып отыруы керек;

-Уақытты оздырмай берілген уақыт бойынша тапсырманы топпен орындап

уақытты тиімді пайдалану;

-Нақты жауаптармен тапсырманы толықтай орындау;

-Өзінің және өзгенің ойын сыйлау;

-Сұрақ бар ма жоқ па екендігін сұрау;

-Белсенді тыңдау;

-Көмектесу, көмек сұрау;

-Дәйекті айғақтармен сөйлеу;

-Не болсада ұжыммен талқылау;

-Түсініктеме беруді өтіну;

-Белсенді жұмыс жасай білу.

Топпен жұмыс жасағанда тұйық оқушылар ашыла бастайды, ал өз ойын

ашық жеткізе алатын оқушылар білімдерін алмасып жаңа ақпарат көздерін

миларына тоқиды. Топпен жұмыс жасағанда оқушылар тақырыпты қызу

талқыға салып, тақырыпты ашуға тырысады. «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» дегендей жалғыз жұмыс жасау адамның өзіне

сенімсіздігін тудыруы мүмкін. Топпен жұмыс жасағанда ой алмасып сенімді

жауапты ортадан шығарғандықтан сенімдірек болады деп санаймын. Және

топ мүшелері бір бірінің ойын толықтыру ролін атқарып отырады. Күнделікті

өмірдің өзінде біз көбіне топпен жұмыс жасаймыз. Жеке дара жұмыс

жасағаннан топпен жасалған жұмыс жеңілдеу болады. «Жұмыла көтерген

жүк жеңіл» демеуші ме еді аталарымыз. Сол секілді сабақ барысында да

күрделі сабақтар баланың жеке дара өзіне ауыр тиетін болғандықтан топпен

жұмыстарды мұғалім ұйымдастырып отрғвны жөн деп санаймын.

Оқушылардыңда жеке тұлға ретінде дамуына топпен жұмыс жасау әсер етеді

адамдармен тіл табысып араласуды үйренеді. Топтық жұмыс кезінде

оқушылар түрлі идеялар есту арқылы өзіне жаңа идея туындауы мүмкін, бұл

баланың жан жақты ойлану әрекетінде пайда болады. Осының арқасында

олар өздеріне белгілі бір тұрақты ұғым қалыптастырып үйренеді. Топтардың

шағын топтар деген түріде болады , ондағы адам саны азырақ болатындықтан

шағын болып есептеледі.

Қорыта келгенде топпен жұмыс жасау адамға сабақта болсын, өмірде

болсын өз пайдасын әкелетіні анық. Топтық жұмыс – оқытудың өте ықпалды

тәсілдерінің бірі. Оқушылар ересек адамдарға тәуелді болмау үшін

тапсырмаларды жоспарлайды және оларды орындауды ұйымдастырады. Сол

үшін сабаққа топпен жұмыс жасауды көптеп ұйымдастыруға тырысқан жөн.


Ынтымақтастық оқу – оқыту мен оқуға білім беру тәсілі, бұл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін бірлесіп жұмыс істейтін оқушылар тобы дегенді білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы оқуды жүзеге асырады.

Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:

1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.

2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.

3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.

4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік гимнастика кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.

       Ынтымақтастық оқыту жағдайында білім алушылар түрлі көзқарастағы пікірлерді естіп, өздерінің идеяларын дұрыс қалыптастыруды және оны қорғай білуді үйренетіндіктен, олардың алдына әлеуметтік, сондай-ақ эмоционалдық тапсырмалар қойылады. Сол арқылы, білім алушылар өздерінің ұғым-түсініктерін қалыптастырып, және де оқулықта ұсынылған түсініктерге немесе сарапшылардың пікірлеріне ғана сенуден бас тартуды үйрене бастайды. Яғни, ынтымақтастық оқыту барысында білім алушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуге, өз пікірлерін айтуға және оны қорғауға мүмкіндік алады.

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет