«Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңаны табатын өнер»



Дата14.03.2022
өлшемі19,88 Kb.
#27890
түріСабақ

«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес,

ол үнемі жаңаны табатын өнер»

Ж. Аймауытов

Қазіргі кезеңде Республикамызда қосымша білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Мұғалім компьютерлік технологияларды кез келген сабақта және оның түрлі кезеңдерінде қолдануына болады. Ақпараттық технологияны пайдаланып оқыту төмендегідей мақсаттарды көздейді:



  1. Ақпараттық технологияны білім деңгейін тексеру бағытында қолдану;

  2. Мұғалімнің оқытушылық мақсатында қолдануы;

3.Компьютерді мультимедиялық мүмкіндіктер арқылы көрнекі құрал ретінде пайдалану;

  1. Электрондық оқулықтармен интернетті пайдалану.

Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық – әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге, елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Олардың баяндама, реферат жазғанынан презентация жасағаны тиімді, себебі, презентация жасау барысында олар алған материалдарын жүйелеп, негізгісін, тақырыптың өзекті жерлерін бөліп алады. Бұл дағды оқушының логикалық ойлауын, шығармашылықпен, ақпаратпен жұмыс жасауын қалыптастырады. Оқушылардың шығармашылық жоба жазуына да ақпаратпен жұмыс жасауына көмегін тигізеді.

  Келешекте өз тәжірибемде :




  1. Оқушылармен үнемі тепе – теңдікті ұстауды, еркіндік беруді.

  2. Оқытуды сапалы ету үшін жаңа тәсілдерді қолдана отырып, сабақтарымды түрлендіруді

  3. Әріптестерімді қызықтырып, бірлесе жұмыс жасауды

  4. Ата – ана, мектеп психологымен жаңаша бағыттағы жұмысты дамытамын.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет