Сабақ Бөлім: 1а екі таңбалы сандар



бет1/162
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#53993
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162



Математика пәнінен қысқамерзімді жоспарлар
2022-2023 оқу жыл


ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР




    1. сабақ





Бөлім:

1А ЕКІ ТАҢБАЛЫ САНДАР

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып: 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Екі таңбалы сандардың құрылуы. Ондықтармен санау.

Оқу

2.1.1.1. 100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы

бағдарлама-

орнын анықтау.

сына сәйкес




оқыту




мақсаттары




Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар ондықтармен және бірліктермен санай отырып, екі таңбалы сандардың құрылу жолын түсінеді, олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.
Көптеген оқушылар бірліктермен санап бір таңбалы сандарды, ондықтармен санап толық ондықтарды, ондықтармен және бірліктермен санап, бірнеше екі таңбалы сандарды құрады, оқиды, жазады.
Кейбір оқушылар санның әрбір цифры белгілі бір орынға ие болатынын түсінеді, тілдік терминде «екі таңбалы сан», «...бірлік»,
«...ондық», «разряд» сөздерін, сөз тіркестерін пайдаланады.

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

Кіріспе-қызықтырушылық кезеңі

Оқулықта берілген шартты

Қалыптастырушы

Оқулық

басы

Кіріспе әңгімеде мұғалім оқулықпен, оқулықта

белгімен танысады, ортақ

бағалау.







берілген шартты белгілермен таныстырады,

тақырыппен танысады,

Мұғалімнің қолдау,







оқулықтың атқаратын қызметіне түсінік береді.

өмірмен байланыстырады.

мадақтау сөздері.







Отанымыз туралы, мектепте білім алу













ерекшеліктері, математика пәні, пәннің













маңыздылығы туралы әңгімеленеді.













– Сенің туған жерің қалай аталады?













– Менің туған жерім – Қазақстан Республикасы.













– Сен қай мектепте білім аласың?













– Мен ... мектепте білім аламын.













– Биыл нешінші сыныпта оқисың?
















«Мен екінші сыныпта оқимын» лексикалық тақырып мазмұнымен жұмыс жасалады.
1-тапсырмада натурал сандар қатары туралы білімдерін есіне түсіреді және толықтырады.

  • Сыныпта неше оқушы бар?

  • Сыныпта неше парта, тақта, орындық бар?

  • Сенде неше оқулық бар?

  • Осы сұрақтарға жауап беру барысында қандай сандарды атадың?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сандар «Неше зат? Зат нешеу?» деген сұрақтарға жауап беруге көмектесетінін және бұл сандар натурал сандар деп аталатынын естеріне түсіреді.

  • Натурал сандар тізбегі 1 санынан басталады. 1 саны – ең кіші натурал сан. Ең үлкен натурал сан болмайды.

  • Әрбір натурал сан алдыңғы саннан 1-ге артық болады.

  • Натурал сандар қатары шексіз, өйткені кез келген санға бірліктен қосып отыруға болады.

  • 0 цифры натурал сандардың жазылуында пайдаланылады. Бірақ 0 саны – натурал сан емес.

0 саны ешқандай зат жоқ екенін білдіреді.

  • Егер натурал сандар тізбегінен бірнеше санды ретімен алсақ, онда натурал сандар тізбегі пайда болады. Мысалы, 4, 5, 6, 7, 8, 9 – натурал сандар тізбегі.

4, 5, 6, 8, 9 – натурал сандар тізбегі бола ма?
Қалай ойлайсың? (4, 5, 6, 8, 9 – натурал сандар тізбегі емес, себебі 7 саны жоқ)
4, 9, 8, 7, 5, 6 – натурал сандар тізбегінің
кесіндісі бола ма? (4, 9, 8, 7, 5, 6 – натурал сандар тізбегінің кесіндісі емес, себебі сандар ретімен тұрған жоқ.)

1-тапсырмада оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, натурал сандар туралы білімдерін естеріне түсіреді және толықтырды.

Кері байланыс:
«Көршіңе бір сөз таңда».
Әр бала өзінің жанында отырған баланың бүгінгі еңбегі, іс-әрекеті туралы бір ауыз жақсы сөз, мадақтама айтады.

  • Сен жарайсың!

  • Сұрақтарға өте жақсы жауап бердің!

  • Бүгін өте жақсы жұмыс істедің! т.б.

Слайдтар: «Сан сәулесі, 20 көлеміндегі екі таңбалы сандардың түрлі графикалық модельдері.
Натурал сандарды санау материалдары, заттар бейнеленген суреттер.




Сабақтың ортасы

Операционалдық-танымдық кезеңі Оқулықпен жұмыс.
2-тапсырма оқушыларды екі таңбалы санның құрылуы туралы өз тұжырымын жасауға жетелейді. Тапсырма жаңа тақырыпты ойын ойната отырып, меңгерту мақсатында орындалады.
Оқушылардың «Суретте қанша шаршы бар?» деген сұраққа жауап бере алуын, санауды қалай жүргізетіндіктерін анықтау, сабаққа жұмылдыру мақсатында төмендегідей «Досыңа көмектес» дидактикалық ойыны ұйымдастырылады, яғни
«Досыңа көмектес»
Мұғалім суретке назар аударуларын сұрайды.

  • Бірліктермен сана. 1 шаршыны 1 бірлік деп қабылдасақ, неше бірлік бар?

  • Ондықтармен сана. Неше шаршы бар?

  • Бірліктермен және ондықтармен сана. Неше шаршы бар? Шаршы санын қалай анықтадың? Демек, бір шаршы – бір бірлікті білдіреді.

Он бірлік бір ондықты құрайды.
10 саны – ондық нөмірленудің негізі. Оқушылардың бір разрядтың 10 бірлігі келесі өзінен кейінгі разрядтың 1 бірлігін құрайтынын түсінгендері маңызды.
10 бірлік = 1 онд.
Бір жолақша бір ондықты білдіреді.
Демек, оқулықта шаршылармен қандай сандар берілген?
3-тапсырманы топтық жұмыс түрінде орындау ұсынылады.
Бұл тапсырмада сандарды анықтау амалдары жүзеге асады. Мысалы,

  • 5 ондық пен 6 бірліктен тұратын сан қандай сан? (56)

  • 6 ондық пен 9 бірліктен тұратын санды анықта.


  1. тапсырмада бірліктермен, ондықтармен санай отырып, шаршы санын анықтайды,

шаршы санын қалай анықтағанын түсіндіреді. Бірін-бірі тыңдайды, жауабын толықтырады. Бір разрядтың 10 бірлігі келесі өзінен кейінгі разрядтың 1 бірлігін құрайтынын түсінеді.



  1. тапсырмада берілген үлгі бойынша сандарды атайды, жазады.

Керекті сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, берілген сөйлемдерді толықтырады, өзіндік тұжырымын ұсынады,



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет