Сабақ Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен



бет1/2
Дата13.10.2022
өлшемі74,5 Kb.
#42833
түріСабақ
  1   2

Қазақ тілі 29-сабақ



Бөлім:

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Мұғалімнің аты-жөні

Хаметкызы

Күні:

12.10.2022

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ц дыбысы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу
3.4.1.1* э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады және ц әрпі бар сөздерді сауатты жаза алады.
Көптеген оқушылар: мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді тауып оқиды, ц дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай алады.
Кейбір оқушылар: ц дыбысына жұмбақ құрастырады және ц дыбысы бар сөздер қатыстырып, сөйлемдер құрап жаза алады.

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
10 мин

Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне деген сенімділік қалыптастыру мақсатында дауыстап өлең оқиды:
Өмірдің мәні - жақсылық,
Біліп ал, бәрін ұғып ал.
Қадірін білсең жақсының,
Қазақтың жұлдызы жарқырар.
Өткен тақырыпқа шолу:
а) Үйге берілген оқу тапсырмасы:
Ч, щ әрпі бар сөздерден сөйлемдер құрап жазу.
Оқу материалын жариялау «Жұмбақ» әдісі арқылы болады.
Циркульда бар,
Сызғышта жоқ.
Циркта бар,
Сахнада жоқ. (ц)
- Ц дыбысы туралы не айта аласыңдар?
-Ендеше бүгінгі сабақта ц дыбысы бар сөздерді сауатты жазу жайлы білімімізді жетілдіру мақсатында тапсырмалар орындайтын боламыз.
«Санау» әдісімен төрт топқа бөлу.

  1. Өлеңді дауыстап оқиды.

Үйге берілген тапсырманы қалай орындағанын түсіндіреді.



ҚБ:
2 балл



Интерактивті тақта


Сабақтың ортасы
10 мин

2 мин

2 мин

18 мин




(Т) 1-тапсырма «Сұрақ-жауап» әдісі, дәптермен жұмыс.
А) 39-жаттығу. Мәтінді оқы.
-Сұрақтарға жауап бер:
1. -Мәтін не туралы?
2. Мәтін неше бөліктен тұрады? Әр бөлікте не туралы айтылған?
3. Клоундар неге күлкілі болады деп ойлайсың?
4. Циркке барғанды ұнатасың ба? Неліктен?
5. Ц дыбысы бар сөзді тап. Оның айтылуына назар аудар.
6. Ц және с дыбыстарын өзара салыстыр. «Акробаттар», «Шабандоздар», «Клоундар» тақырыбы бойынша олардың цирктегі атқаратын қызметтерін топта талқылаңдар.
Дескриптор:
-Мәтіннің не туралы екенін анықтайды.
-Мәтін бөліктерін табады.
- Клоундардың күлкілі болу себебін анықтайды.
дыбысы бар сөзді тауып, оның айтылуын анықтайды.
- Ц және с дыбыстарын өзара салыстырды.
- «Акробаттар», «Шабандоздар», «Клоундар» тақырыбы бойынша олардың цирктегі атқаратын қызметтерін ажыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет