Сабақ Бөлім: Өнер Тақырыбы: Өнер алды-қызыл тіл Бала-бауыр етің



Дата07.01.2022
өлшемі323,82 Kb.
#17607
түріСабақ

Әдебиеттік оқу 3-тоқсан

3 сынып


50-сабақ

Бөлім: Өнер

Тақырыбы: Өнер алды-қызыл тіл

Бала-бауыр етің

(Аңыз-әңгіме)

Сабақ мақсаты:

Сабақ мақсаты:

3.5.1.1.Нақыл сөздерді түсініп оқу, өз пікірін білдіру, нақыл сөздер құрастыру, екі ананың сөздерін салыстыра сипаттап жазу.

Бағалау критерийлері:

  • Аңызды түсініп оқып, өз пікірін білдіре алады.
  • Екі ананың сөзін салыстыра сипаттайды.
  • Бидің шешіміне өз көзқарастарын білдіріп, дәлелдей алады.

Ең тәтті де – тіл,

Ең ащы да – тіл.

Ең қатты да – тіл,

Ең жұмсақ та – тіл.



Неліктен?

Нақыл сөзді түсініп оқы. Тіл сөзін сөз деп алып қайталап оқы. Өз ойыңды білдір.



Ой қозғау.

Қазыбек би туралы мәлімет.


Қаздауысты Қазыбек би, қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болған. Халық «Қазыбек қазып айтады» деп құрметтеген.

Аңызды тыңда


Бала-бауыр етің

Қазыбек бидің елге белгілі болған кезі екен. Бірде бір бала үшін дауласып, екі әйел алдына келіпті.

Әйелдердің бірі:

- Мынау баламды мен есін білмейтін жас күнінде жоғалтып алып едім.Соны мына әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма, білмеймін, әйтеуір асырап алыпты... Бүгін баламды танып, тауып алдым. Бірақ мына әйел, «өз балам» деп бермейді,-дейді.

Екінші әйел тұрып:

-Мынау босқа жармасып тұр. Бұл-менің балам,-дейді.

Қазыбек екі әйелді мұқият тыңдайды. Сосын ойланып отырып қалады. Сәлден кейін:

-Бірің балаңды жоғалттым, енді бірің таптым дейсіңдер. Бірақ оның шын-өтірігін білетін куә жоқ. Сондықтан мынадай билік еткім келеді,- дейді Қазыбек би.

Ол баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қояды да, өзі алдаспанда жоғары көтереді.

-Екеуіңе баланы қақ бөліп берейін, осыған ризасыңдар ма?-дейді.

Сонда балаға ие болып жүрген әйел:

-Біреуге тірі бергенше, жартысы болса да, өзімде қалсын. Бөлсең, бөл!-дейді безеріп. Ал баланы таныған әйел:

-Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын, шаба көрмеңіз!-деп безек қағады.

Сонда Қазыбек би:

- Бала мына жоғалтқан әйелдікі екен. Өйткені баланың амандығын тілеп тұр. Баласын өзіне бер,-деп билік айтыпты. Серік Негимов. « Шешендік сөздер» кітабынан

Сөздік жұмыс

Алдаспан – қылыш.

Безеріп – қатігезденіп, жек көріп.

Безек қағады – жаны ауырады, шырылдайды.

1- тапсырма. «Бала – бауыр етің» аңыз-әңгімесінің негізінде екі ананың іс-әрекетіне қарай нақыл сөз құрастырып көріңдер.


Дескриптор:

Екі ананың іс-әрекетіне қарай нақыл сөз құрастырады.

Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс.

 Мейрімі мол ананың —жүрегі жылы, қолы кең.

Ана алақанының аясы —ақ шынардың саясы.

2-тапсырма: Қазбек биге келген екі ананың сөзін салыстыра сипаттап жазыңдар.



Дескриптор:
  • Екі ананың сөзін салыстыра сипаттайды.

Бірінші ананың соңғы сөзі

Екеуіне ортақ қасиет

Екінші ананың соңғы сөзі

Біреуге тірі бергенше, жартысы болса да, өзімде қалсын.

Бөлсең, бөл!

Ана

-Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын, шаба көрмеңіз

Қатыгез ана

Мейірімді ана

3-тапсырма: Қазыбек бидің шешіміне өз көзқарастарыңды білдіріңдер. Жауаптарыңды үлгіге сүйене отырып дәлелдеңдер.


Меніңше,

Менің ойымша,

Қазыбек би

әділ қазы

деп ойлаймын

емес

Өйткені

Себебі

Менің ойымша Қазыбек би әділ төрелік айтты

Бала жоғалтқан әйелдің жүрегінің мейірімділігіне қарап әділдігін айтып берді.

Дескриптор:
  • Бидің шешіміне өз көзқарастарын білдіріп, дәлелдей алады.

Қорытынды


Сен бүгінгі сабақта:
  • Аңызды түсініп оқып, өз пікірін білдіре алды.
  • Екі ананың сөзін салыстыра сипаттады.
  • Бидің шешіміне өз көзқарастарын білдіріп, дәлел келтірді.

Оқу тапсырмасы

1.Аңызды түсініп оқы, мазмұндап айтуға дайындал.

2. Қазыбек бидің шешендік сөздерін жатта.


Бағалау критерийлері:
  • Аңызды түсініп оқиды, мазмұндап айтады;
  • Шешендік сөздерді жаттайды.

Дескрипторлар:
  • Аңызды түсініп, мазмұндай алады;
  • Шешендік сөздерді жатқа айта алады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет