Сабақ Бөлім: Өзім туралы. Екі таңбалы сандар



Дата23.05.2022
өлшемі19,54 Kb.
#35399
түріСабақ

«------------------------- орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Математика 6-сабақ


Бөлім:

Өзім туралы. Екі таңбалы сандар

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ондықтан аттап қосу/ Менің қызығушылығым

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.1.2.5.** бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолданып, 100 көлеміндегі сандарды ауызша қосу жəне азайтуды орындау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолданып, 100 көлеміндегі сандарды ауызша қосуды орындай алады.
Көптеген оқушылар: екі таңбалы сандардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтап талдайды.
Кейбір оқушылар: бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу тəсілін қолдануға қорытынды жасайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқу материалын жариялау:
«Көршісін ата» әдісі.
-67 санының көршілерін ата.
-49 бірліктен тұратын санның көршілері қай сан?
-70 бірліктен тұратын санның көршілері қай сан? тсс
«Ой қозғау» әдісі.
-Мен қандай сандарды құруды тапсырдым?
-Ендеше бүгінгі сабағымызда немен шұғылданатын боламыз?

Аталған сандардың тікелей алдында және тікелей кейін тұрған сандарды атайды.





Сабақтың ортасы
10 мин

2 мин

10 мин


(Ұ) 1- тапсырма «Есепті шығар» әдісі арқылы жүзеге асады.
А) Сырым сары түсті конструктор бөлшектерін көк түсті бөлшектермен біріктіргісі келді. Неше бөлшекті біріктіріп қойды? нешеуі қалды?
6+7=6+4+3=10+3=13
Ә) Әлияның есептеуді қалай орындағанын түсіндір.
Дескриптор:
-Сұраққа жауап береді.
- Әлияның есептеуді қалай орындағанын түсіндіреді.
Саралау тәсілі: «Қарқын» әдісі арқылы жүзеге асады
Қарқыны жоғары оқушыға:
- Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу тəсілін қолдануға қорытынды жаса.
Қарқыны баяу оқушыларға: уақыт беріледі.


Сергіту сәті
Салтанат екіде,
Бақытжан жетіде,
Екеуінің жасын қосқанда,
Сәуленің жас шығады.
Ал, Сәуле нешеде?


(Д) 2- тапсырма «Есептеп көр» әдісі арқылы жүзеге асады.
А) Түсіндіре отырып есепте:
7+4=7+3+1=10+1=11
Тсс
89+2=89+1+1=90+1=91
Дескриптор:
- Түсіндіре отырып өрнектің мәнін есептейді.
- Есептер бойынша өрнек құрастырады.
Саралау тәсілі: «Қарқын» әдісі арқылы жүзеге асады
Қарқыны жоғары оқушыға:
- Екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу тəсілін қолдануға қорытынды жаса.
Қарқыны баяу оқушыларға: уақыт беріледі.

Оқушы тапсырмаларды түсініп оқып, орындайды.
Ә) 8+5= 8+2+3 =10+3 =13
18+5=18+2+3=20+3 =23
38+5= 38+2+3 =40+3 =43

Өлеңді дауыстап айтып, сергіту жаттығуларын жасайды.


А) Оқушы түсіндіре отырып қосындының мәнін табады.
Ә) Есептер бойынша өрнек құрастырады.
.



ҚБ: 1-10 балдық жүйе.

ҚБ: 1-10 балдық жүйе.

Оқулық, дәптер қалам

Оқулық


Сабақтың соңы
3 мин

Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша өтеді.













Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет