Сабақ (II тоқсан) Оқу мақсаты: Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру ( )



Дата11.02.2023
өлшемі8,01 Mb.
#67059
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Егін алқабы Сөздердің тура және ауыспалы мағынасы


Қазақ тілі. 5-сынып
2-сабақ (II тоқсан)
Оқу мақсаты: Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру (О5.)
Мектеп құндылығы: Қоғамға пайдалы тұлға тәрбиелеу
Бағалау критерийі: Мәтін мазмұнын түсінеді, нақты ақпараттарды анықтай отырып сұрақтар құрастырады.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Егіндік алқапты егіс немесе егістік деп атайды. Бұрын жершаруашылығымен айналысқандар ақ егіс және көк егіс деп ажыратқан. Ақ егіске - бидай , арпа , тары т.б дақылдарды өсіретін егіс жатса, көк егіске бақша өнімдері мен техникалық дақылдардың жекелеген түрлерін өсіретін егіс жатады. Ақ егіс күтіп-баптауды көп қажет етпейді, ал көк егіс күтіп - баптауды талап етеді.Дегенмен ақ егіске зиян келтіретін табиғи құбылыстар көп: құрғақшылық, мезгілсіз жауған жаңбыр, дауыл. Мәселен, астықтың дәні пісіп тұрған кезде қатты жел соқса, егіннің дәндері төгіліп қалады.

Мезгілінде піскен астықты жинап алу шарасы егін ору деп аталады. Бұл науқан астықтың сұрпы мен тұқымына байланысты пісу мезгіліне сәйкес шілденің екінші жартысынан бастап күзге дейін жалғасады. Егінді жинап алғаннан кейін , көбінесе күзде, қазақтар үлкен мереке - сабантой өткізген.

1.Мәтін мазмұнын түсініп,берілген жауаптарға сұрақ құрастырып көріңіз.

  • Диқаншылар егісті ақ егіс және көк егіс деп ажыратқан.
  • Көк егіс күтімді көп талап етеді.
  • Астықтың пісу мезгілі оның сұрпына да байланысты болады.
  • Піскен астықты жинап алу шарасы егін ору деп аталады.
  • Ақ егіске - бидай, арпа, тары жатады.

2- тапсырма.
Біле жүріңіз….

Барлық суретке ортақ сөзді атаңыз.Не байқадыңыз?

ағаштың түбі


3-тапсырма.

78 - бет, 8-тапсырма. Ауыспалы мағынада берілген сөздердің тура мағынасын жазыңдар.Тура мағынасымен сөйлем құраңдар.

Үлгі: Асыл сөз - асыл тас.

Асыл тастардың бағасы тым қымбат.

Терең ой, қатты адам, жұмыстың аяғы, салқын мінез.


Дескриптор:
  • Ауыспалы мағынада берілген сөздердің тура мағынасын жазады.
  • Тура мағынасымен сөйлем құрайды.

4-тапсырма.

Оқу тапсырмасы

78- бет, 9-тапсырма.Тура мағынасында тұрған сөздерді теріп жазыңыз.(жұмыс дәптерлеріңізге орындайсыздар)


Бүгінгі сабақ сілтемесі. https://drive.google.com/file/d/1PTBAaV6rOElU5WDzob4xFw80lJ2rloC7/view

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет