Сабақ Жерді бағалау Жерді экономикалық бағалау экономикалық көрсеткіштер бойынша экономикалық құнарлығын салыстырып бағалау



бет1/2
Дата27.03.2022
өлшемі19,99 Kb.
#28968
түріСеминар
  1   2

15-семинарлық сабақ

Жерді бағалау
Жерді экономикалық бағалау – экономикалық көрсеткіштер бойынша экономикалық құнарлығын салыстырып бағалау.

Жерді экономикалық бағалау-жер кадастры жүйесінде экономикалық, өндірісе қолданылатын жердің құндылығын, табиғи және экономикалық жағдайларын есептеудегі экономикалық көрсеткіш көмегімен топырақтың әр-түрлілігімен өндірістік қабілеттілігін анықтаумен мінезделеді. Экономикалық бағалау мәліметтері келесі есептерді шешуге қажет:



  • Жерді пайдаланушылардың, жеке меншік иесінің, жалға алушының меншігіндегі жерлердің шаруашылық іс-әрекетін бағалауға;

  • Жер учаскесін бөлуге және беруге;

  • Жердің нормалық бағасын, жер салығын, жердің жалға беру бағасын бекітуге;

  • Мемлекеттік меншіктегі жер қорларын жеке және мемлекеттік меншікке беруге қажет.

Экономикалық бағалаудың ең басты мақсаты-көп жақтылы есептеу негізінде ауыл шаруашылығындағы әр-бір шаруашылық жерлерінің өнімділігін және оларды пайдаланудағы экономикалық тиімділігін және жер учаскенің әр-түрлілігін пайдаланудағы қоғамдық еңбекті анықтау болып табылады. Республикада ауыл шаруашылық жерлерін бағалау келесі мақсаттарға сәйкес жүргізіледі:

  • Нысаналы мақсатты ескере отырып, жер учаскелерін пайдалану тиімділігін анықтау;

  • Жер учсаскесін кепілдікке беру арқылы несие алу;

  • Салық салу, жерді жалға алу төлемдерін анықтау;

  • Мемлекеттік мүдделер үшін жер учаскелерін алып қою кезінде;

  • Жер учаскелерінің жемесе жерді пайдалану құқығын сату кезінде оның бағасын білу.

Жерді бағалау үшін жер бағалық аудандау өткізіледі. Содан кейін, сол жерлердің шекараларынада топырақ бонитировкасы және жердің экономикалық бағалау жүргізіледі. Жерді экономикалық бағалау 2-ге бөлінеді

  1. Жалпы бағалау-жалпы ауылшаруашылық дақылдары бойынша бағаланады;

  2. Жеке бағалау-жеке ауыспалы егістіктер бойынша бағаланады.

Бағалау көрсеткіштері: өнім құндылығы (ӨҚ), шығын қайтарымы (ШҚ), дифференциалдық табыс (ДТ)

Жерді бағалау бойынша жүргізілетін жұмыстар:



  1. дайындық жұмыстары, бастапқы ақпаратты жинау, өңдеу;

  2. топырақтарды бонитеттеу;

  3. жерлерді жалпы және жеке экономикалық бағалау;

  4. жерді бағалау мағлұматтарын қарау;

  5. жерді бағалау материалдарын жасап шығару, беру.

Дайындық жұмыстары 2 бөлінеді:



  1. камеральдық, дайындық жұмыс;

  2. далалық жұмыстар.

Камеральдық дайындық жұмыстары келесі мәліметтерді қамтиды

  1. жердің сапалық және сандық есепке алу мәліметтері;

  2. агро климаттық көрсеткіштері.

Жерді бағалау кезеңдері:

1кезең-Бастапқы құжаттарды жүйелі түрде жұмысқа дайындау.

2 кезең-Жер бағалаудағы аудандау.

3 кезең- Топырақты агроөндірістік топтастыру.

4 кезең- Өнімділік бойынша бағалау шкаласын құру.

5 кезең-Жер бағалау жұмыстарын жүргізу.

6 кезең-Жер бағалаудағы құжаттарды дайындау және беру.

Жер бағалау жұмыстарын жүргізудегі құжаттар:

Есептік нормативтік құжаттама (коэффиценттік кестелер). Ішкі шаруашылық жерді бағалау жеке шаруашылықтар бойынша жүргізіледі. Жерді бағалау үшін жер жер бағалық аудандау өткізіледі. Содан кейін, сол жерлердің шекараларынада топырақ бонитировкасы және жердің экономикалық бағалау жүргізіледі. Жерді экономикалық бағалау 2-ге бөлінеді


  1. Жалпы бағалау-жалпы ауылшаруашылық дақылдары бойынша бағаланады;

  2. Жеке бағалау-жеке ауыспалы егістіктер бойынша бағаланады.

Бағалау көрсеткіштері: өнім құндылығы (ӨҚ), шығын қайтарымы (ШҚ), дифференциалдық табыс (ДТ).

Жерді бағалау бойынша жүргізілетін жұмыстар:



  1. дайындық жұмыстары, бастапқы ақпаратты жинау, өңдеу;

  2. топырақтарды бонитеттеу;

  3. жерлерді жалпы және жеке экономикалық бағалау;

  4. жерді бағалау мағлұматтарын қарау;

  5. жерді бағалау материалдарын жасап шығару, беру;

Бағалаудың есептік - конструктивтік әдісі. Шаруашылықтардың егістік жерлеріне бағалау шкаласын жасау төмендегі ретпен жүргізіледі:

Шаруашылықтың егістік жерлерінінің балл бонитеті әрбір топырақ түрлерінің балл бонитеттерінің орташа өлшемдері бойынша мына формуламен анықталады:

Бш =∑ К1-п∙Б1-п , бұндағы,

∑ К1-+п

Бш-шаруашылық егістігінің балл бонитеті,

К1-п-топырақ түрлері тармақтарының көлемі;

Б1-п-топырақ түрлері тармақтарының балл бонитеті.

Құрама (комплексті) топырақты жер участкелерінің балл бонитеті әр құрамның (комплекстің) компонентінің орташа өлшем мөлшеріне сәйкес біркелкі контурға негізделіп қайтадан есептеледі: әрбір топырақ түрлерінің сапалық баллдары ауыл шаруашылық дақылдардың көпжылдық орташа шығымдылығымен салыстырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет