Сабақ жоспары Білім беру ұйымының атауы



Дата06.04.2022
өлшемі0,7 Mb.
#30008
түріСабақ

7-сынып. Қазақстан тарихы пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

Білім беру ұйымының атауы

М.Маметова

Пәні:

Қазақстан тарихы

Бөлім:

Қазақстанның XІХ-ХХ ғасыр басындағы мәдениеті

Педагогтің аты-жөні:

Камбеков Әбдімүтәліп

Күні:

14.03

Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

ХІХ ғасырдағы мәдениеттің дамуы

Зерттеу сұрағы: Неге XIX ғасыр қазақ халқының дәстүрлі музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп саналады?



Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.2.2.3 ұлттық музыкалық аспаптардың қолдану ерекшеліктерін сипаттау.

Сабақтың мақсаты

Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптар түрлері мен оның пайда болу тарихын, қолдану ерекшеліктерін анықтау.

Бағалау критерийі


Ұлттық музыкалық аспаптардың қолдану ерекшеліктері мен пайда болу тарихын талдайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Өткен білімді еске түсіру




І.Ұйымдастыру

«Сәттілік тілеу» әдісі арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Топқа бөлу: « Музыкалық аспаптар» әдісі арқылы

«домбыра», «сырнай», «жетіген», «қобыз»


ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.

Слайд №1. Топтық жұмыс

«Топтастыру» әдісі




Қырқынан

шығару


Қонақасы

Ерулік

Бата

Бағалау: топтық бағалау

Кері байланыс:

1.Қазақ халқында кең таралған қандай ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды білесің?

2.Сіздің үйде ең жиі орындалатын қандай әдет- ғұрып бар?


Оқушылар топқа бөлінеді

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.




Мадақтау

Презентация
Әнші мен сазгерлердің портреттері, мәтіндер

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)

3-том. – Алматы, 2010.


Сабақтың ортасы

Бекіту


Қызығушылықтарын ояту.

«Құрманғазының «Адай» күйін тыңдату.

Слайд №2. Талқылау сұрақтары:

- Музыкадан қандай әсер алдыңыз?

- Бұл орындалған шығарма қай ғасырға жатады?

- Бұл күйдің авторы кім?

- Осы күйді тыңдағанда қандай аспаптардың дыбысы естілді?

- Қандай ұлттық аспаптарды білесің?

Берілген сұрақтарға оқушылардың жауабы толықтырылып, сабақ тақырыбы анықталады. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылып,зерттеу сұрағына назар аударылады.

Зерттеу сұрағы: Неге XIX ғасыр қазақ халқының музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп саналады?



Жаңа сабақ

Бейнематериалмен жұмыс

-Электронды оқулықтан «Қазақстанда ақындық өнер және музыка мәдениеті» туралы ақпарат беріледі.



Топтық жұмыс

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

«ДЖИКСО» әдісі арқылы жаңа мәліметпен жұмыс жасау (топ-жұп-жеке).

1. Топтарға оқулықтағы «ХІХ ғасырдағы дәстүрлі музыка өнерінің дамуы» мәтінімен жұмыс жасату.

(Әр топтан бір оқушы шығып, оқулықта берілген тапсырма мен көрсетілген бейнематериал бойынша түсінік айтады.)

2. Топ ішінде жұптық тапсырмалар орындату (әр топтағы оқушылар жұпқа бірігіп, бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар құрастырады, деректермен жұмыс жасайды)

3. «Интерпретация әдісі» арқылы

(Сабақта алған білімдері мен деректерді пайдалана отырып, қорытынды жасайды)



І. Топтық тапсырма:

1-топ. Дұрыс жауабын тап



2-топ. Кім туралы айтылып тұр?



3-топ. Дұрыс жауабын сәйкестендір




4-топ Анаграмма



Кері байланыс:

1. Бұл тапсырмадан қандай жаңа мағлұмат алдыңыздар?

2. ХІХ ғасырда мәдениетіміздің дамуына кімдер үлес қосқан?

Бағалау: мадақтау


1-тапсырма. Зерттеу және талдау.

Слайд №3. Оқушылар музыка өнері туындыларын шығу тарихымен байланыстырып таныстырады.

1-топ: Құрманғазы «Кішкентай» күйі

2-топ: Ықылас «Шыңғырлау»

3-топ: М.Байжанов «Ақ сиса»

4-топ: Ақансері «Құлагер»

Бағалау: топтар критерий бойынша бір-бірін бағалайды

Бағалау критерийі

1. Өнер туындысының шығу тарихын анықтайды;

2.Әнші-сазгерлер өз шығармаларында қандай мәселеге көп көңіл бөлгенін біледі;



Талқылау:

Бұл шығармалардың ортақ идеясы қандай?


Слайд №4. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары туралы мәліметтер ұсыну

Жеке жұмыс

2-тапсырма. Сематикалық карта

Аспаптың атауы

Үрмелі

Ұрмалы

Шертпелі

Сыбызғы










Жетіген










Дабыл










Тоқылдақ










Тұяқтас










Домбыра










Дауылпаз










Шертер










Үскірік










Бұғышақ










Адырна










Дабыл










Бағалау: тақтадағы дұрыс жауаппен салыстыру

Талқылау:

1. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары қандай топтарға бөлінеді?

2. Осылардың ішіндегі саған қай аспап ұнайды және қай аспапта ойнай аласың немесе ойнауды үйренер едің?
Корытындылау кезеңі

Жеке жұмыс

«Интерпретация әдісі» арқылы

Оқушылардың сабақта алған білімдері мен дағдыларын жинақтап, тиянақтау үшін төмендегі тапсырма ұйымдастырылады.
Үлгі:

Қазақтың музыкалық аспаптары, мыналар ... .... ...

Олар дыбыс бояуына қарай бөлінеді. Атап айтсақ, олар ..

Әр музыкалық аспап өзінше ерекше. Мәселен, ... .... ... ....

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарына баға берер болсақ, .. ... ...
Дескриптор:

Ұлттық музыка аспаптарының кемінде 2-уінің түрін, ерекшелігін бағалайды


Кері байланыс. Мұғалімнің бағалауы.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Мәтінмен жұмыс

Мәтіннен негізгі идеяны анықтайды


Дескриптор:

-ХІХ ғ. әнші-сазгерлерді атайды;

- ХІХ ғ. әнші-сазгерлер шығармаларындағы негізгі идеяны талдайды

-Тарихи дереккөз ретінде жырау шығармасының құндылығын бағалайды;

-Музыка өнері туындыларының маңыздылығына талдау жасайды.

Дескриптор:

-Үрмелі қазақ халқының дәстүрлі музыкалық аспаптарының кем дегенде 1-2-уін дұрыс ажыратады және жіктейді;

-Ұрмалы қазақ халқының дәстүрлі музыкалық аспаптарының кем дегенде 1-2-уін дұрыс ажыратадыжәне жіктейді;

-Шертпелі қазақ халқының дәстүрлі музыкалық аспаптарының кем дегенде 1-2-уін дұрыс ажыратады және жіктейді;

Сабақтың тақырыбын қорытындылау




ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
«Ең үздік жауап»

«Алақан-жұдырық»

«Екі жұлдыз, бір тілек»

«Жұлдызшалар»

«Ең үздік жауап»

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады




Оқулық

Қабылдинов З.Е.,

Қалиев Ж.Н. Қазақстан тарихы Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 8(7)-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2018.

Хрестоматия Атамұра, 2012.

"Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

Қосымша-1

Кесте-таратпалар,

суреттер топтамасы

Қосымша-2

Мәтін таратпалар



Қосымша-3

Сөз тіркестері жазылған карточка



Сабақтың соңы



Кері байланыс

«Б.Б.Б» кестесі толтырылады.



Білемін

Білгім келеді

Білдім










Үй тапсырмасы:

Қaзaқ өнeрі дaмуының «aлтын ғacыры» бoлып caнaлaтын XІX ғacырдaғы музыкa мәдeниeтіне арналған буклет жасап келу.




Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады



«Оқушылар бағалау критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет