Сабақ жоспары Бөлім: Адам және әлем



бет3/5
Дата14.05.2022
өлшемі2.49 Mb.
#34346
түріСабақ
1   2   3   4   5
4. Оқиға айту (әңгіме)



Аңыз

Жер ана

Ертеде Жер кіршіксіз таза болған. Ол шексіз мейірімді, әрі жайдары болатын. Ол жануарлар әлеміне пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады.

Күндердің бір күнінде адам пайда болды. Ол құдіретті, әрі сымбатты болды. Ол күлгенде, онымен бірге күн де күлетін, ол қамыққанда онымен бірге ай да мұңға бататын, ол ән айтқанда оған аспан мен жел қосылып, ән шырқайтын, сондықтан Жер оған ғашық болды. Ол да Жерге ғашық болды, оның ұлылығы мен кеңдігіне, мейірімділігі мен көркемдігіне, асқақтығы мен тазалығына ғашық болды.

Жер - Ана мен Табиғат адам бір-бірінен жарастық тауып олардан адам-ұрпақ өмірге келді. Бірақ әрбір ұрпақ- адам оларға өмір сыйлаған Ұлы сүйіспеншіліктен алыстай берді.

Жер - Ана олар үшін өмір сүрудің, байлықтың қайнар көзіне айналды, олар оның кім екенін де ұмытты, ал адам олар үшін бірі сеніп, бірі сенбейтін аңызға айналды.

Олар өздерінің қажеттіліктері үшін жер жыртып, тырмалап, егін егіп, оны жинап, арттарынан шіріп, Жердің бастапқы тазалығын құртатын көп мөлшердегі қалдықтар тастады. Тамақ іздеп, олар Жердің мәпелеп өсірген жануарларын аяусыз жайратты. Содан соң, алтын және басқа да қазба байлықтарды іздеп Жер - Ананың денесін ойып, үлкен шұңқырлар қазып, шөл мен шөлейттерді қалдырды. Бірақ бұл да аз болды, олар жарылыстар жасап, өздері сияқтылардың көздерін құрту үшін қуатты қаруларды сынақтан өткізіп, ол қаруларды бір-бірімен соғыстарда қолданды.

Ал Жер - Ана осының бәріне шыдады, ол адамдар естерін жияр, олар Ұлы сүйіспеншіліктің перзенттері екенін түсінер деп сенді. Осыдан кейін, ол өзін адамдардың естеріне саламын деп, табиғи апаттарын жасап, өз күшін көрсетті. Сонда да адамдар қорқатын емес, олардың құлақтары алтынның сыңғырынан керең болған, көздері сараңдықтан көрмей қалған, адамдықтың шырқау биігінен төмендеп, әрі қарай өмір сүруде.Егер адамзат Жерге қайырымды болып, нағыз сүйіспеншілігін көрсете алмаса, ал адамға деген шынайы сенімін қайтара алмаса, Жер - Ана мен адамның махаббат дастаны, адамзат өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу тарихы осылайша өкінішті аяқталуы мүмкін.

Сұрақтар:

1.Жер- Ананың бастапқы қалпы қандай болған?

2. Жер - Ана неге адамдарға ашуланды? Ол неден үміттенді?

3.Жерді неліктен күллі тіршіліктің анасына теңейміз?

4. Қоршаған әлем табиғатқа риясыз қызмет ету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек? Жауабыңды нақты мысалдармен дәлелде

5.Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай құндылықты ашады деп ойлайсыңдар?

6. Табиғатқа жасалған залал қиянатқа жата ма?

Түйін: Бізді қоршаған әлем үнемі өзгеріп отырады. Қазір мұхиттар тұңғиығы, ғаламшар қойнаулары , заңғар таулар мен Күн жүйесіндегі ғарыш кеңістігіне және т.б. қол жеткізу соншалықты қиын емес. Бәрі де өзгереді. Тек адам баласы ғана осыдан талай ғасыр, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, қазір де сол қалпында өзгеріссіз өмір сүруде: бұрын қалай сүйсе, бүгінде тап солай сүйеді, өз болмысының сырын солай іздеп табады, өзін-өзі, өзгелерді және айнала қоршаған әлемді де сол бұрынғыдай танып біледі. Адам қоршаған әлеммен үйлесімділікті түйсіне бастағанда ғана әлеммен «үндестікте» болады. Осындай үндесу, үйлесімге ие болған жан Отанға, Атамекенге деген құрметті сезініп, оның ата-анаға, жақындарына деген сүйіспеншілігі оянып, адамдармен және қоршаған ортамен қарым-қатынасында үлкен қуанышты басынан кешеді.«Жер -ана», « табиғат –ана», «туған жер» ұғымдарын бір-бірінен ажырата алмаймыз. Қоршаған әлем мен адам тығыз байланыста болу керектігін ұғындық. Табиғат ананы аялай білейік.


Оқушылар сұраққа жауап береді.



Өз ойларымен бөліседі








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет