Сабақ жоспары Бөлім: Тұлғаның қалыптасуы



Дата16.05.2022
өлшемі26,06 Kb.
#34667
түріСабақ

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары


Бөлім:

Тұлғаның қалыптасуы

Педагогтің аты-жөні

Дукенова Г

Күні:

12.11.2021

Сынып: 10

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны: 0

10 сабақтың тақырыбы

Адамның жан сұлулығы

Оқу бағдарламасына

сәйкес оқыту мақсаттары


Тұлғаның әлемді тануы, түсінуі және адамгершілік ұстанымын жоғары қатынас жасай алу қабілеттері арқылы адамның ішкі әлемі, оның шынайы бейнесі, тұлғаның рухани кемелденуін кеңейту.

Құндылығы:

Қиянат жасамау

Қасиеттер:

Ақниеттілік, қамқорлық, жауапкершілік

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға «рухани сұлулық», «ар-ұждан», ұғымдарын түсіндіре отырып, Киянат жасамау жалпыадамзаттық құндылығының мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік

  2. Дамытушылық

  3. Тәрбиелік

  • Оқушыларға адамның ішкі дүниесі оның тұлға ретіндегі бет-бейнесі екендігін ар-ұжданмен байланыстыра отырып тереңдету;

  • Оқушылардың бойындағы ақниеттілік пен қамқорлық жасау дағдыларын дамыту;

  • Оқушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі
1.Жағымды көңіл-күй



Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.

Мұғалім оқушыларға оңды эмоционалды көңіл-күй бере отырып, «5Т» ережесін кең көлемде түсіндіреді.

Одан кейін «Су асты патшалығына ойша саяхат» тыныштық сәтін өткізеді.



Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.
Сыныпта көңілді атмосфера қалыптасып, оқушылардың бойынын жақсы көңіл-күй байқалады.

Оқулық мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал,

Слайд


2.

Үй тапсырмасын тексеру (әңгіме)


Бөлтірік Әлсенұлының «Ақыл» мәтіні берілген

Сабақта мұғалім шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қоя отырып, оқушылардың оның мазмұнын қалай түсінгендерін тексеріп, құндылық пен қасиеттердің мәнін ашуға күш салады.



Сұрақтар:

  1. Бөлтірік ақылды «Қайтпайтын, таймайтын қолдаушы мен қорғаушыға», «жарығы тұтас елге түскен қасиетті шыраққа», «жел жетпес жүйрік, асыл текті пыраққа» теңеуінің себебі неде?

  2. Өздеріңіз ақылды неге теңер едіңіздер?

  3. Бөлтірікті басқа төре шешендерден биік етіп тұрған не деп ойлайсыздар?

  4. Адам өмірінің баянды, бақытты болуы неліктен адамның ақылына, ақылды істеріне байланысты?

  5. Айналаңызда ақылын өміріне серік еткен адамдар бар ма?

Әңгімелеп беріңіздер.

Мұғалім сұрақтардың көмегімен оқушыларды Бөлтірікті азбайтын, тозбайтын байлық пен ақылдың мағынасын аша отырып, терең түсінуге көмектеседі
Күтілетін нәтиже:

  • Адамның басына қонған бақыттың байлық емес ақыл екенін түсінеді;

  • Ақылды адам кез-келген қоршаған әлемге қамқорлық жасауға дайын болуды ұғынады..

Оқулық, № 10 сабақ 46-47-беттер

3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) әңгіме


«Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандану керек»

Виктор Гюго

Виктор Гюго (фр. Victor Marie Hugo) (1802-1885) – дүние жүзіндегі ең көп оқылатын прозашылардың бірі. Ол отандастары үшін ең әуелі өз ұлтының ұлы ақыны, француз өлеңінің, драматургиясының реформаторы, сондай-ақ көсемсөз шебері, публицист-патриот, саясаткер-демократ.

Сұрақтар:


  1. Адамға жан сұлулығы не үшін керек?

  2. Адамды тек сыртқы келбетіне байланысты сұлу деп айта аламыз ба? Неге?

  3. Ақниеттіліктің жан сұлулығына қандай байланысын

байқауға болады?

  1. Жандану сөзінің мағынасын түсіндіріңіздер?

  2. Дәйексөзден қадай ой түйдіңіз?

Мұғалім дәйексөзді оқушымен бірге талдап, қорытынды жасайды және оны дәптерге жазуды ұсынады.

Оқушылар

Виктор Гюго  өмір баянымен танысып, қанатты сөздің мағынасын талқылайды, оны бірнеше рет қайталайды және дәптерге жазады.


Презентация, слай

Жұмыс дәптерлері.




4. Оқиға айту (әңгіме)



Алтын шекілдеуік

Бір үлкен мейрам алдында, әкесі балаларын қуанту үшін үйіне әртүрлі жеміс алып келді. Леночка деген кіші қызы сол келтірген көп жемістің ішінде, сырты алтындаған шекілдеуіктерге қызығып, соны маған бер деп қоймады.

Шешесі айтты:

- Бұл шекілдеуіктер тек әдемілікке істелген, мыналарды ал,- деп, бөтендерін беріп еді, Леночка жылай бастады:

- Мен қара шекілдеуіктерді алмаймын, алтын тыстысын аламын, оның ішіндегі дәні де тәтті шығар- деп. Шешесі тіл алмайтын қисық баланың дегенін істегеннен артығы жоқ екенін ойлап, Леночкаға алтын тыстыларын, бөтен балаларына бөтен шекілдеуіктерді таратып берді. Леночка қуанып шекілдеуіктерін дереу шаға бастады, қараса, бірінің де ішінде дәні жоқ, бос қабықтар екен. Мұны көріп қасындағы балалар мазақтап күле бастады. Сонда атасы айтты:

- Бұл шекілдеуіктер жеу үшін істелген емес, тек көзге әдемі көріну үшін қойылған; мен шекілдеуіктердің бос қабығын алып, сыртын күміспен бояп қана қойып едім, екінші рет не нәрсенің де құр сыртына қарап қызықпа, асылы ішінде болар,- деді.



Сұрақтар:

1. Лена қандай жеміске қызықты?

2.Неге Ленаның таңдауы дұрыс болмады?

3. Ленаның атасы қандай кеңес берді?

4. Адамның асылы ішінде болу үшін қандай қасиеттер мен құндылық болу қажет?

5.Қасында отырған сыныптасыңыздың бойындағы қасиеттерін атаңыз. Ол қандай сұлулық түріне жатқызылады?

6. «Сырты бүтін, іші түтін» сөздерінің мағынасын қалай түсінесіздер?

7. Әңгімедегі жағдай өз бастарыңыздан өтті ме? Әңгімелеп беріңіздер.



Оқушылар оқиғаның тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, «Сырты бүтін, іші түтін» мақалының мағынасына баса назар аудара отырып әңгіменің мағынасын ұғынады.


«Алтын шекілдеуік» Ы.Алтынсарин мәтінінен үзінді.

5. Шығармашылық жұмыс



Мұғалім оқушыларды ІІІ топқа біріктіреді және топта жұмыс ұйымдастырады.

І - топ тапсырмасы:

2- тапсырма. Мәтінді оқыңыздар. Сіздер үшін мәтіндегі тірек сөздер қайсы, теріп жазыңыздар. Жан дүниенің байлығы мен тазалығын, сүйіспеншілікпен өмір сүрудің мәнін ашатын дайын жауап бар ма? Тауып, баяндап беріңіздер

ІІ-топ тапсырмасы:

3-тапсырма. Сенеканың «Денесін шынықтыратын адамдар көп, жан-дүниесін жетілдіретіндер өте аз» деген ойын «көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау» әдiсiмен талқылаңыздар.

ІІІ - Топтың тапсырмасы:

4- тапсырма. Жағдаятты шешіңіздер. Кейіпкердің жан дүниесінің сұлулығын тауып, сахналап беріңіздер

Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы сыныпта орындап таныстырады.

.


Флипчарттар, баяу әуен қойылады.



6. Жобалау қызметі


«Менің борышым» жобаның екінші кезеңіндегі екінші тапсырма бойынша әртүрлі мамандық бойынша ақпарат жинатамыз.

Оқушылар мұғаліммен бірге мамандықтар туралы ой-пікірлерін білдіреді.

Презентация, слайд.

Жұмыс, жоба дәптерлері.



7. Топпен ән айту

Бәрінен де сен сұлу.

Әні: Ш.Қалдаяқов, сөзі: М.Майшекин


1.Жаз гүліндей жайнаған

Масатыдай жер сұлу

Аққу-қаздар тойлаған

Айдын шалқар көл сұлу

Қайырмасы:

Өзгеден де ең сұлу

Өмірлік дос тең сұлу

Өзім сүйіп ұнатқан

Бәрінен де сен сұлу сен сұлу

2. Нұрын төккен қырмызы

Аспандағы күн сұлу

Жымың қаққан жұлдызы

Айлы кеште түн сұлу

Қайырмасы:

3.Тəрбиелі тамаша

Бал мінезді жар сұлу

Таңданарлық қараса

Талай абзал бар сұл





Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды, Адам жаны әрқашан сұлулыққа құштар, ол әдемілікті аңсайды. Адам музыка сазына елтиді, бидің ырғағына тербеледі, қолөнер туындыларының кереметтілігіне тамсанады. Нәтижесінде айналасын, мекендейтін тұрағын әдемілеп,сәнделеді, өзінің сырт келбетіне көңіл бөледі, әрбір ісі мен жауапкершілік тұлғасын қалыптастырады.

Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі.



8.Үй тапсырмасы



3 тапсырма

Оқушылар үй тапсырмасын жазады, орындайды

Оқулықтан №11 сабақ, 50-51-беттер

9. Сабақтың қорытынды сәті

Мұғалім оқушыларға көздерін жұмып, сабақта не ұнағанын еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады. Мұғалім оқушыларға өз мақсаттарына жетулеріне тілек білдіріп бүгінгі сабақ үшін рақмет айтады.

Оқушылар мұғаліммен кері байланыс жасап, бүгінгі күн үшін мұғалімге алғыс білдіреді

Баяу композиция қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет