Сабақ жоспары Бөлімнің атауы: Балалар мен үлкендер



бет1/8
Дата31.12.2021
өлшемі36,8 Kb.
#21741
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлімнің атауы: Балалар мен үлкендер

Мектеп: «№ 13 ЖОББМ» КММ

Күні: 30.06.2017ж


Мұғалімнің аты-жөні: Сарбасова К.Б.

Сынып: 7

Пәні:әдебиет

Қатысқандар:


Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы


С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау


Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады:

Повесть жанры, оның ерекшелігі жайлы түсініктері қалыптасады



Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Шығармадағы көркемдік тәсілдерді анықтайды, олардың оқиғаны өрбітудегі алатын орнына талдау жасайды.



Кейбір оқушылар орындай алады:

Көркем сөз қолданыстарының образ сомдаудағы ерекшеліктерін сараптайды, Дәлелдерді қолдана отырып, автордың әдеби портретті берудегі шеберлігін өз көзқарастарымен негіздеп жеткізеді.



Бағалау критерийі


І топ.

  • Шығармадан пейзажды таба алады, тақырыппен байланыстыра отырып түсіндіреді;

  • Әңгімеде адамдар арасындағы диалогтардың маңызын ашып, автордың қолдану себебін айтады.

ІІ топ.

  • Әңгімеде суреттеу, баяндау, сипаттау сияқты көркемдік тәсілдер қатысатынын біледі;

  • Үзіндіден қызықты мысалдар келтіре отырып,жазушының қолдану себебін түсіндіреді.

ІІІ топ.

  • Көркем сөз қолданыстарының образ сомдаудағы ерекшеліктерін сараптайды;

  • Дәлелдерді қолдана отырып, автордың әдеби портретті берудегі шеберлігін өз көзқарастарымен негіздеп жеткізеді.

4 топ.

  • Кейіпкер әрекетінің оқиғаны өрбітудегі алатын орнына талдау жасап, мінездеме береді;

  • Әдеби кейіпкер әрекетіне сипаттама беріп, автор қолданған тәсілдерді тауып дәлелдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет