Сабақ жоспары: Ерітінділер тақырыбына арналған глоссариймен жұмыс


Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар (… ұпайға дейін)



бет6/6
Дата06.01.2022
өлшемі52,49 Kb.
#15717
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар (… ұпайға дейін):

Есептер мен жаттығулар.

1. Калий хлоридінің 300 г 6 % ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм тұз және су алу керек?

2. Калий гидроксидінің 600 г 10% ерітіндісінен 200 г су буландырылды. Шыққан ерітіндінің массалық үлесі қандай?

3. Аммиактың 150 г 10% ерітіндісін дайындау үшін оның 25 % (  =0,9 г/мл) ерітіндісінен және судан қанша алу керек?

4. Күкірт қышқылының 3 л 20 % ерітіндісін толық бейтараптау үшін натрий гидроксидінің 10 % ерітіндісінен қанша керек? 14. Кальций карбонатының 20 грамымен әрекеттесу үшін тұз қышқылының 20 % ерітіндісінен (  =1,100 г/мл) қанша кӛлем керек?

5. Натрий гидроксидінің 6 л 10 % (  =1,1г/мл) ерітіндісі 1420 грамы қалғанша суалтылды. Алынған ертіндінің концентрациясы қандай?

6. Техникалық ас тұзының 50 грамынан алынған хлорсутегі күміс нитратының 501,5 миллилитрі 15 % ерітіндісі арқылы (  =1,13г/мл) ӛткізілді. Күміс толық тұнбаға түсірілген болса, түзілген тұнбаның массасы қандай болады? Техникалык тұздағы таза ас тұзының проценттік мӛлшері қандай?

7. 1 литрінде 234 г натрий хлориді бар ерітіндінің мольдік концентрациясы қандай? 18. Натрий карбонатының 0,1 литрінде 5,3 г epiген зат бар. Ерітіндінің мольдік концентрациясы қандай болады? 102

8. Натрий нитратының 1 М ерітіндісі 5 есе сұйылтылды. Алынған ерітіндінің концентрациясы қандай?

9. Алюминий сульфатының 2,5 л 0,8 М ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм тұз алу керек?

10. Азот қышқылының 500 мл 0,25 М ерітіндісін дайындау үшін 30 % (  =1,184г/мл) ерітіндісінен неше мл алу керек? 22. 36% (  =l,19г/мл) тұз қышқылы ерітіндісінің мольдік концентрациясы қандай?

11. Алюминий сульфатының 0,5 М 100 мл ерітіндісін барий хлоридінің 2 М 75 мл ерітіндісімен араластырғанда неше грамм барий сульфаты түзіледі?

12. 250 мл 0,5 н ерітіндісін дайындау үшін барий хлориді тұзынан қанша алу керек?

13. Калий карбонатының 1 литрінде 20,7 г ерiген зат бар, ерітіндінің нормальдық концентрациясы қандай?

14. Натрий гидроксидінің 200 мл ерітіндісінде 0,8 г еріген заты бар. Ерітіндінің нормальдығы мен титрі қандай?

15. Қорғасын нитратының 1 л ерітіндісінде (  = 1,083 г/мл) 112 г еpiген зат бар. Ерітіндінің массалық үлесі, мольдік, нормальдық концентрациялары және титрі қандай болады?

16. Барий хлоридінің 1,5 н 50 мл ерітіндісінен барий карбонатын тұнбаға толық түсіру үшін натрий карбонатының 2 н ерітіндісінен неше миллилитр керек?

17. 6,4 л метан жанғанда түзілген көмір қышқыл газы калий гидроксидінің 76,4 мл 36 % (  =1,31г/мл) ерітіндісі арқылы сіңірілген. Шыққан ерітіндідегі тұздың құрамы және концентрациясы қандай?

18. Мырыш хлориді 20 % ерітіндісінің (  =1,186 г/мл) мольдік концентрациясы қандай?

Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:

1. Аймақов О.А., Тлеуова З.Ш., Қазбекова Т.Т.- Химияның теориялық негіздері, Көкшетау, 2005. 239 бет.



2. Бейорганикалық химияның теориялық негіздері / Оқу-әдістемелік кешен/ Астана: БҮ «Сарыарқа», 2011.

3. Бірімжанов Б.А., Жалпы химия:Оқулық. Өңделіп, толықтырылып, төртінші рет басылуы. – Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. -752 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет