Сабақ жоспары Интеграциялық оқыту жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру



Дата07.01.2022
өлшемі22,04 Kb.
#17821
түріСабақ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі



Сабақ жоспары

Интеграциялық оқыту жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру



Модуль /пән атауы: Мектепке дейінгі мекемедегі инклюзивті білім беру пәні

Дайындаған педагог: Орынбасарова Ж.У.

«27» қаңтар 2021 жыл

1.Жалпы мәліметтер

2020-2021 оқу жылы ІІІ курс

топ МД-18-11

Сабақ типі жаңа сабақ

2. Мақсаты, міндеттер

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі балалардың іс-әрекет түрлерін, әр жастың өзіне тән ерекшеліктері туралы түсінуі тиіс.

3. Сабақты жабдықтау: кестелер, оқулықтар

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:

1. Мангутова Б.Б. Мүмкіндігі шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы. // Психология, социология, дефектология, 2009, №4, 23-26 б. 2. Ж.Жанділдаева. Инклюзивті білім беру мазмұны. // Қазақстан мектебі, 2011, №7, 60-61 б. 3. Дзюбаева Т.В., Бердалина А.У., Хафизова К.М. Особенности обучения вклассах ЗПР. // Психология в школе 2010, №5(29) 34-37 б. 4. Магид М.Н. Социальное государство в тупике // www.rambler.ru



3.2 Техникалық құралдар, материалдар: компьютер.

4. Сабақтың барысы

XX ғасырдың аяғында көптеген дамыған әлем елдерінде (АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Германия, Скандинавия елдерінде) мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды дамытуда алдыңғы орында тұрған инклюзивті білім беру болды. Жалпы білім беру үрдісіне енгізілген балаларға оқуды жеңілдететін қосымша арнайы жағдай, көмек, қолдау қарастырылады. Әрбір елде интеграциялаудың өзіндік үлгісі іске асырылуда, бұл білім беруде интеграциялаудың жан-жақты үлгісін құрудың мүмкін еместігін көрсетуде. Инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан елдерде айқындалған басым бағыт жалпы мектептік білім беру саласында қарастырып отырған категориядағы балаларды жалпы білім беру үрдісіне міндетті түрде енгізуді көздейді.

Интеграция (шоғырлану, бiрiгу) - мектепке дейiнгi балалардың дамуына бала туғаннан кейiнгi тұзету жұмыстарын алға қою; «Интеграция» термині әдебиеттерде XIX ғ. бастап кездеседі және қайта құру, толықтыру ретінде түсіндіріледі. Мұндай түсіндіру адам білімінің әртүрлі салаларында кеңінен қолданылуды қарастырады. Бұл ұғымның педагогикада пайда болуы және оның дамуы білім кеңістігінде жүріп жатқан объективті процестермен байланысты. Қазіргі уақытта интеграция шешуші мәнге ие болып, білім беру жүйесі дамуының басым бағытына айналды. Біріншіден, бұл бағытта жүріп жатқан өзгерістер ғылыми талдаудың жаңа пәндерінің пайда болуы ғылымның жүйелі түрде дамуының сәті болып табылады. Пайда болған құбылыстар әртүрлі ғылымдар үшін зерттеудің жалпы пәндерін анықтай отырып, шын мәнінде ықпалдастық сипатында болады. Екіншіден, педагогика ғылымының дамуындағы іріктеу процестері педагогикалық шынайы болмыстың жаңа феномендерін табу және зерттеу, олардың қасиеттерін белгілеу және зерттеудің ғылыми объектіне сәйкес келетін өзіне тән ерекшеліктері бар теориялық принциптер мен әдіснамалық құралдарды анықтау бойынша күш-жігердің көрінісі болып табылады.

Рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың мақсаты: педагогикалық іс-әрекет арқылы жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайларды жасау.

Интеграция компоненттері: мақсаттық компонент, басқару компоненті (педагогикалық ұжым, педагог), интеграт (құндылықтар жүйесі), оқу пәнінің мазмұны (дидактикалық бірліктер), ықпалдастық процесі (кезеңдер, формалар, әдістер, тәсілдер және т.б.), ықпалдастық іс – әрекеті, ықпалдасу нәтижесі.

Интеграция механизмдері: мазмұнның, тапсырманың, мінез-құлық ережелерінің акценті, оқу тілдерінің колдануы.

Интеграция процесінің тәсілдері: жалпылаудың, нақтылаудың түрлері, әртүрлі құбылыстар мен процестердің салыстырмалы талдауы, ғылыми параллельдер мен ұқсастықтарды пайдалану, әртүрлі объектілерді талдауға жалпы тұрғыдан келуді ашып көрсету, себеп-салдардық байланыстарды басқа пәндерден алынған білімдерге сүйене отырып біріктіру.

Интеграция іс-әрекеті: ойындардың түрлері – шапшаң, спорттық, іскерлік, рөлдік, дидактикалық, педагогикалық. Ойын іс-әрекетінің элементтері – оқу іс-тәжірибесі процесіндегі педагогикалық міндеттердің теориялық шешімдері, педагогикалық жағдайларды модельдеу, өзін-өзі талдау, педагогикалық іс-тәжірибе кезеңіндегі тапсырмаларды өз бетінше шешу және т.б.

Нәтиже: студенттің педагогикалық мәдениеті деңгейінің жоғарылауы.

Италиядағы білім берудегі интеграциялау қиындықтары бірнеше себептерге байланысты. Интеграциялау үрдісі аймақтың қажеттіліктеріне зерттеу жұмыстарынсыз, қажетті мамандар бар-жоқтығы анықталмастан басталды. Жалпы білім беретін мұғалімдерді оқыту шектеулі ғана болды. 1 ай ішінде арнайы сабақтар ұтымды нәтижелер бермеді, көптеген мұғалімдер тіптен оқытылмады. Қолдаушы мұғалімдер мен сынып мұғалімдерінің бірлесуі қиындықтар туғызды. Үлкен қиындықтарды ойлау қабілетінің дамуында ауытқуы бар балалардың жалпы білім беру үрдісіне енгізілуінен туындады. Көптеген мамандар мұндай балаларға арнаулы сыныптар ашу керек деп санайды. Алайда, бұл ұсыныс Италияда қаралмай отыр, ол тағы да өзін «төмендету» ретінде көрсеткен арнайы білім беру жүйесін құруға әкеледі деп қауіптенеді. Италиядағы интеграциялауды кең тұрғыда қарағанда бұл мәселеде мақсатқа жетті деп есептеуге болады. Бірақ, бұл сұрақ бойынша жүйелі орталықтанған өңделген көрсеткіштердің жеткіліксіздігінен білім берудегі интеграциялау үрдісінің нәтижелері жөнінде өте аз белгілі.

Білім берудегі интеграция түрлері : «Интеграция» термині әдебиеттерде XIX ғ. бастап кездеседі және қайта құру, толықтыру ретінде түсіндіріледі. Мұндай түсіндіру адам білімінің әртүрлі салаларында кеңінен қолданылуды қарастырады. Бұл ұғымның педагогикада пайда болуы және оның дамуы білім кеңістігінде жүріп жатқан объективті процестермен байланысты.

Интеграцияның шарттары:

1) Сыртқы;

2) Ішкі;

Сыртқы шарт – баланың оқу және дамуын іске асыратын шарт жүйесі. Оған мыналар кіреді:

- Кемшіліктерді алдын-ала анықтау;

- Бастапқы айларда түзету жұмыстарын жүргізу(бұл кезеңде баланың жалпы оқуларда оқуына мүмкіндік беріп, принципті дамуына үлес қосу);

- Ата-аналардың өз баласын, сау баламен оқуына ниеті және өз баласына көмектесудің шынайы дайындығы мен талпынысы; - Инклюзивті білім алуға білікті түрде тиімді көмектесу;

- интеграциялық оқу модельдерін жүзеге асыруға жағдай жасау;

- Ішкі шарт – баланың психофизикалық және сөйлеуін дамыту жүйесі.

-жасерекшелік нормасына немесе соған жақын психофизикалық және сөйлеуін дамыту;

- қалыпты дамыған балаларға қарастыратын жалпы білім нысандарын игеру мүмкіндігі;

- интеграциялық оқуға психологиялық дайындық;

Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы сипаттамасы, себептері, жіктелу, ажырату тәсілдері. Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы ҚР Заңына сәйкес мүгедек — тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам. Сонымен қатар осы заңда мүгедек балаға да мынадай жеке анықтама беріп өтеді: тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам. Ал мүгедектiк дегеніміз — организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тiршiлiк-тынысының шектелу дәрежесi. Мүмкіндігі шектелген балалардың көбіне тез шаршағандық тән. Олар тез босаңсып, ашуланады, жылайды, тапсырманы шешуде қиындықтар туындайды. Сәтсіздікке ұшыраса қызығушылығы төмендеп, тапсырманы орындаудан бас тартады. Тез шаршайтын балардың көбі аз қозғалады. Бала мазасызданады, ымдау немесе бет-аузын тыжырайту, қисайту қасиеттері көріне бастайды, сілекей безінің көптеп бөлінуі байқалады. Ойын ойнағанда барлық ойыншықтарды өзіне алып оларды лақтырады, тез сөйлеп, сөйлеген сөздері түсініксіз болады. Бұндай балада ойын ойнау кезіндегі ұйымдастырушылығы қиындықпен қалыптасады. Кейбір мүмкіндігі шектелген балалардың денсаулығында жоғары дәрежеде сезгіштік, мазасыздану, қызбалық пен қасарушылық байқалады. Олар үшін көңіл-күйдің тез өзгеруі тән: бірде олар көңілді жүрсе, кез келген уақытта қызбаланып, жылауық болады. Осындай баланы тәрбиелеу кезінде баламен сабырлы сөйлесіп, қайырымдылық пен шыдамдылық таныту қажет. Мүмкіндігі шектелген балалардың көбінде тез әсерленгіштік болады: дауыс ырғағына қынжыла жауап қайырады, анасының көңіл-күйіндегі аздаған өзгерістерге аса мән береді, өзгенің жылағанына қынжылады. Кейбір балалар 50 өзінің және өзінің жақындарының денсаулығы үшін бос мазасыздана береді. Сондықтан ең алдымен үйде тыныштық жағдай қажет. Сонымен бірге баланың баланың алдында оның денсаулығының мәселелері туралы сөз қозғауға, ұрысып, бостан бос жылауға болмайды. Мүмкіндігі шектелген балалардың көбісінде ұйқының бұзылуы байқалады: қиындықпен мазасызданып ұйықтайды, қорқынышты түстер көріп, кейде ұйықтап жатып жылайды. Бұндай ұйқы ағзаның жүйке жүйесінің тынығуына мүмкіндік бермейді: таңертен бала босаңсып оянады, мазасыз болып, сабаққа барудан бас тартады. Сондықтан баланың ұйқысы бұзылса, ата-аналары дәрігермен кеңескен жөн.

Сонымен бірге бұндай баланы тәрбиелеуде күн тәртібін сақтап, ұйықтар алдында тыныштық жағдайды сақтаған дұрыс: шулы ойындардан аулақ болу, видео мен телехабарларды көрмеуге тырысу. Бұл айтылған ерекшеліктер мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу кезінде белгілі бір ұстанымдардың қалыптасуын жүзеге асырады. Ата-аналар дәрігерлермен кеңесе отырып, нақты тамақтану мен ұйқы тәртібін ретке келтіріп, жүйелі емдеу шараларын жүргізу керек. Мұндай балаға отбасында дұрыс тәрбие берілмесе, баланың жүйке жүйесінде бұзылулар қалыптасады. Мүмкіндігі шектелген балалардың көбісінде қоршаған орта туралы көзқарастары шекетулі келеді. Сондықтан баланың дүниетанымын үнемі кеңейтіп, әртүрлі заттамен құбылыстармен таныстырып, кейбір құбылыстар мен өмірлік жағдайларға мүмкіндік жасау маңызды. Мәселен, балаға үй жануарын көрсетпес бұрын, оған сол жануар туралы түсіндіріп, суретін көрсетіп алған дұрыс.

5. Сабақ бойынша рефлексия

6. Үй тапсырмасы

1. Рухани және дене тәрбиесін интеграциялау дегенді қалай түсінесіз?



2.Мүмкіндігі шектелген балаларға қандаай балалар жатады?

3. Сыртқы шарт және ішкі шартқа талдау жасаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет