Сабақ жоспары мұғалімнің аты-жөні



Дата06.02.2022
өлшемі59,45 Kb.
#24910
түріСабақ

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:

Ж.Сералина

Пән/Сынып:

Қазақ тілі, 7-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

3-тоқсан, 5-апта, №13 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

7-бөлім: Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан этностарының тарихы

Оқу мақсаттары:

7.Ж2. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу

7.ӘТН 4.2. Еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсіну



Сабақ мақсаты:

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады; еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсінеді

Бағалау критерийлері:

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1-2 минут


Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Сабағымыздың тақырыбы: «Қазақстан этностарының тарихы»

Бүгінгі сабақта:


  • шағын мақала, әңгіме немесе нұсқаулық жазасыздар;

  • еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсінесіздер.

Оқушылардың белсенді жұмыс жасауға деген ынтасын бақылау.

Презентация, оқулық.

4 минут

10-15 минут



Жаңа сабақ

Қызығушы-лықты ояту



Тапсырмалар

Балалар, алдымен сұрақтарға жауап берейік.

Берілген суреттерде кімдер бейнелеген?

Дұрыс айтасыздар, әр ұлттың, этностың адамдары бейнеленген.


Ал этнос дегеніміз не?
Жарайсыздар, балалар! Иә, этнос дегеніміз - ортақ мәдениетіне, тіліне және тарихы мен географиясына байланысты біріккен адамдар тобы

Балалар, Қазақстандағы этностар туралы қосымша мәліметпен келесі тапсырма арқылы танысайық.




1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтінге ат қойып, жанрын анықтаңыз:

Мемлекетіміздің негізін қалаушы халық – қазақтар. Республикада қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері тұрады. 2013 жылы өткізілген халық санағының қорытындысы бойынша халқы 100 мыңнан асатын 8 этнос бар екені белгілі болды. Олар: қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндер, ұйғырлар, татарлар, немістер, кәрістер. Осы 8 ұлт бірігіп Қазақстан халқының 96 пайызын құрайды. Одан өзге саны 30 мыңнан асатын 8 этностың орналасқанын байқауға болады. Олар: түріктер, әзірбайжандар, белорустар, дүнгендер, күрдтер, тәжіктер, поляктар, шешендер.



«Қазақстан этностары» кітабынан

Дескриптор:

  • мәтінге ат қояды;

  • мәтіннің жанрын анықтайды.



Өзіңізді тексеріңіз

Мәтінге «Қазақстан этностары» деген ат қоюға болады. Мәтіннің жанры – мақала. Мәтінде нақты деректерге сүйеніп, Қазақстандағы этностар туралы ақпарат берілген. Мәтін көпшілікке арналған, нақтылық бар.

Балалар, алдыңғы сабақтарда сіздер мақала, әңгіме, нұсқаулық туралы білген болатынсыздар.

2-тапсырма. Тақырыптың біреуін таңдап, шағын мақала, нұсқаулық немесе әңгіме құрастырып жазыңыз:

«Қазақстан – татулық мекені» тақырыбында шағын мақала

«Дос болайық бәріміз!» нұсқаулығы

«Досы көпті жау алмайды» тақырыбында шағын әңгіме



Дескриптор:

  • жанрлық ерекшелікті сақтайды;

  • стильдік ерекшелікті сақтайды;

  • көркемдегіш құралды орынды қолданады.


Балалар, келесі тапсырманы орындамас бұрын еліктеуіш сөздер не екенін есімізге түсірейік:

Еліктеуіш сөздер деп табиғатта ұшырасатын сан алуан заттар мен құбылыстардың бір-біріне қақтығысуларынан пайда болатын дыбыстардың атауларын айтамыз. Мысалы, Мылтық тарс етті. Ағаш гүрс етіп құлады.
3-тапсырма. Жұмбақтардан еліктеуіш сөздерді тауып, құрамына қарай талдаңыз:

Бiрде былдыр-былдыр,

Сәбилердiң тiлiндей,

Бiрде сыңғыр-сыңғыр,

Қоңыраудың үнiндей,

Ән сап жатқан ерiнбей,

Бұл не? /Бұлақ/
Тоқ-тоқ етіп тұрады,

Тұмсығын алмай ұрады. /Тоқылдақ/
Аяғы жоқ, жүреді,
Сылқ-сылқ күледі. /Бұлақ/

Өзіңізді тексеріңіз

Былдыр-былдыр, сыңғыр-сыңғыр, тоқ-тоқ, сылқ-сылқ – күрделі еліктеуіш сөздер, өйткені екі сөздің қосарлануы арқылы жасалып тұр.

Сабақты мұқият тыңдауын қадағалау


Презентация

3-4 минут

Қорытынды

Бүгінгі сабақта

  • шағын мақала, әңгіме, нұсқаулық жаздыңыздар;

  • еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсіндіңіздер.







Кері байланыс

«Аяқталмаған сөйлем»

Бүгін мен ... білдім.

Мен үшін ... қиын болды.

Мен үшін ... қызық болды.











Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет