Сабақ жоспары Пән Қазақ тілі



Дата17.02.2023
өлшемі18,47 Kb.
#68946
түріСабақ

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән

Қазақ тілі

Бөлім атауы

Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.

Мұғалімнің аты-жөні

Шибаева Алтынай Маратқызы

Күні




Сыныбы: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сидней олимпиадасының чемпиондары

Оқу мақсаты

6.2.4.1 ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру;
6.4.4.2 етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану

Сабақ мақсаты

Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстырады.
Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолданады.

Бағалау критерийі

Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстырады.
Етістіктің етіс түрлерінің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолданады.

Оқу дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тілдік мақсат

Оқушылар істей алады: алдыңғы бөлімдерде қамтылған грамматикалық білімдерін қайталайды.
Диалог пен жазу үшін қажетті сөздер мен тіркестер: бокс, ринг, раунд, олимпиада, чемпион.

Құндылықтарды дарыту

Салауатты өмір салтын ұстануға, ақыл-ойды дамытатын спорт түрлерін дәріптеуге баулу.

Пәнаралық байланыс

Дене шынықтыру, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Алдыңғы білім

Бокс саңлақтары



Сабақ барысы

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
3 минут

Ұйымдастыру кезеңі.
Тренинг. Оқушылар шеңбер бойында тұрып, бір-біріне жақсы тілектерді айтады.
Алтын, күміс, қола медальдармен топқа бөледі..
І топ. Бекзат
ІІ топ Ермахан
ІІІ топ Мұхтархан



Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне тілек айтады.







5 минут

Үй тапсырмасын сұрайды

Оқушылар үй тапсырмасына жауап береді.

Смайликтер арқылы




2 минут

Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен танысады.







Сабақтың ортасы
3 минут
7 минут

5 минут


5 минут

5 минут

5 минут


Жаңа сабақ.
Бейнебаян көрсетеді.
Сидней олимпиадасының чемпиондарының өмірбаянын көрсетеді. Бейнебаян бойынща сұрақ қояды.
Топтық жұмыс.
1-тапсырма. Постер қорғау.
І топ. Бекзат Саттарханов
ІІ топ.Ермахан Ыбырайымов
ІІІ топ. Мұхтархан Ділдәбеков
2-тапсырма. Мәтінді оқу, мәтін бойынша негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.


Жеке жұмыс.
3-тапсырма. Мақал-мәтелдерде іс-ірекет кімнің тарапынан орындалатынын байқаңдар, етіс түрін ажыратыңдар.
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.

Қой келгенде, қойшының қызы таранды.

Ақылды айтқызбай біледі,
Ақсұңқар қаққызбай іледі.

Топтық жұмыс.
«Адасқан жұрнақтар». Етістердің жұрнақтарын тауып жазу.
Өздік етіс: -ын, -ін, -н, -ыл, -іл, -л.
Ортақ етіс: -ыс, -іс, -с.
Ырықсыз етіс: -ын, -ін, -н, -ыл, -іл, -л.
Өзгелік етіс: -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, т.

Жеке жұмыс.
Сабақты қорытындылау.
Сәйкестендіру. Спортшылардың туған жылдарын, туған жерін, жылдарын сәйкестендіру.


  1. Бекзат

1976

  1. Ермахан

1980

  1. Мұхтархан

1972




  1. Бекзат

Мақтарал

  1. Ермахан

Түркістан

  1. Мұхтархан

Жамбыл




  1. Алтын

Мұқтарқан

  1. Күміс

Бекзат

  1. Алтын

Ермахан




10.Бекзат

19 наурыз

11.Мұхтархан

4 сәуір

12.Ермахан

1 қаңтар




Бейнебаян көреді, сұрақтарға жауап береді, өз ойларын айтады.

Постер қорғайды.


Мәтінді оқиды, мәтін бойынша негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.


Мақал-мәтелдерде іс-ірекет кімнің тарапынан орындалатынын байқайды, етіс түрін ажыратады.

Етістердің жұрнақтарын тауып жазу.

Спортшылардың туған жылдарын, туған жерін, жылдарын сәйкестендіреді.



Өзін-өзі бағалау

«Қол шапалақ» әдісі арқылы бағалау:


«өте жақсы» - 3 рет шапалақ соғады;
«жақсы» - 2 рет;
«орташа» - 1рет.

«Бас бармақ» әдісі арқылы


жұптық бағалау
Бас бармақ әдісі арқылы бағалау

«Шапалақ» әдісі арқылы

Мадақтау


Презентация
Бейнебаян
Постер

Оқулық

Мақал - мәтелдер

Плакат, кесте


Оқулық, кесте



Сабақтың соңы
2 минут
3 минут



Үйге тапсырма береді:
6- тапсырма
Рефлексия жасатады:
«ҚҚҚ» әдісі



Үй тапсырмасын жазып алады.
Бүгінгі сабақ жайлы ойларын жазады.




Плакат
стикер


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет