Сабақ жоспары: Постсуицидалдық кезеңнің типологиясы



Дата16.02.2023
өлшемі21,8 Kb.
#68354
түріСабақ

11 Практикалық сабақ тақырыбы: Постсуицидалдық кезеңнің типологиясы


Сабақ жоспары:
1. Постсуицидалдық кезеңнің типологиясы


Сабақтың мақсаты: Постсуицидалдық кезеңнің мінез-құлықты әлеуметтiк нормалардан ауытқу құбылысын анықтау.


Қысқаша теориялық мәліметтер.


Суицидті дер кезінде танып, осындай теріс жайттардың алдын алу үшін жан-жақты ақпарат беру, түсіндіру, мәселенің мәніне бойлау, талдау, сараптама жасау. Суицид саналы түрде жасалатын әрекет. Адамның жаны қиналған кезде немесе психикалық аурудың өрбуінен пайда болады. Сондай - ақ науқас адамның стресстік күй кезінде шешім таба алмауынан, артық қиналғысы келмеген жағдайдан, жанының әлсіздігінен, өкіну, уайымдаудан көруге болады. Науқас адамдардың психикалық күйі тұрақсыз болады. Олар өз-өздерін бақылай алмайды, не айтып жатқанын, не істеп жатқанын білмейді, агрессивті мінез-құлқы басым болады. Ал, кейбіреулерінің көңіл күйлері жоғары, қимылы тез, мазасыз т.б. болады. Бұндай орынсыз қылықты сырттағы адамдар тез байқайды. Олардың ұйқысы, түсі бұзылады, денесінде әлсіздік байқалады. Олар өздеріне жоғары талап қояды, өз-өздерін бағалауы төмен болады. Басқалармен ашық сөйлесе алады, олардың жағдайларын түсінуге тырысады, өз беттерімен шешеім қабылдауға қиналады, өз бетімен жүре алмайды, өмірге құштарлығы төмендейді, өзін басқалардан кем санайды.


Тәуекелге баратын жасөспірімдер. Ол «Қиын» жасөспірімдер:
1. Ата-ананың қарауынсыз қалған балалар
2. Мүгедек балалар
3. Физиологиялық және психикалық даму кемістігі бар балалар
4. Зорлық-зомбылық көрген балалар


Өзін-өзі бағалауы төмен балалар:
1. Тез ренжігіш
2. Депрессияға жеңіл түсетін балалар
Көріп отырғанымыздай, суицидтік әрекеттер тамыры терең кеткен әр түрлі әлеуметтік жағдайлардан, үлкендер баламен дұрыс қарым-қатынас орната алмағандықтан болатыны белгілі. Сондықтан психологтар осындай қауіпті балалар мен жекелей жұмыс, олардың ата-аналары мен де жекелей жұмыс жүргізуі керек.


4. Бақылау сұрақтары:
1.Суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу шараларын атаңыз?
2. Постсуицидалдық кезеңнің типологиясы дегеніміз не?
3. Суицидтік мінез-құлықтың типін атаңыз ?


5. Аудиториялық тапсырмаларды орындау тәртібі: Жаттығу.


6. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары: Мен өз ренішіме еніп кеттім. Жаттығу.


7. Үй тапсырмасы: Психикалық жай күйді өзіндік бағалау. Тест дайындау.


8. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
1. Мектептегі психология журналы. №4, 2010.
2. Павлов П.Р., Кузнецов Р.Т., Лукашина О.О. Профилактика суицида среди школьников. Душанбе, 1998
3.Синягина Ю.В. Детский суицид. Психологический взгляд. Санк-Петербург, «Каро», 2006
4. Романов А.А., Сухаров И.П. Психология суицида. 2001
5. Ягудин И.И. Суицид: школа и семья. 2000

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет