Сабақ жоспары рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.



бет1/3
Дата06.10.2022
өлшемі19,59 Kb.
#41593
түріСабақ
  1   2   3

«Гуманитарлы-экономикалық колледжі»
(білім беру ұйымының атауы)
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу.
Дайындаған оқытушы
1.Жалпы мәліметтер
Курс ІІІ
Оқу жылы 2021-2022
Топ 3ВТК
Сабақ типі__ДМҚС.
2. Мақсаты
Білімділік. Студенттерге құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптармен таныстыра отырып, білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыру, ойлау, сөйлеу қабілеттерін, құжаттармен жұмыс жасағанда, тиянақты жұмыс жасауларын дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді құжаттармен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа, аудиторияда қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
Қазақстан Республикасында іс қағаздард жүргізу. В.И.Скала
3.2 Техникалық құралдар, материалдар
Мультимедиалық подиум, компьютерлер
4. Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Білім алушлардың сабаққа қатысуын тексеру. Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың мақсатымен міндетін түсіндіру.
5.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабағымызды бастамас бұрын біз құжат дегеніміз не деген сұраққа жауап беріп көрелік? Оқушылардың жауабын тыңдап толықтырамыз.
Құжат –фактілер мен оқиғалар, құбылыстардың объективті шындығын және адамның ойлау қызметі туралы хабарлардыәртүрлі әдістермен арнайы материалға түсіру. Басқару қызметінде пайдалынатын құжаттар қолжазба түрінде, комьпютерде жазылған және баспаханалық әдіспен теріледі.
Кез келген фирманың басқару аппаратының тиімді қызметі құжаттармен жұмысты дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Іс жүзінде ақпарат көздеріне, шешімдер дайндау мен қабылдауға байланысты бір де бір технологиялық басқару функциясы құжатарды жасау, орындау және ресімдеу процесі – құжаттаусыз іске асырылмайды.
Техникалық орындалушылардан бастап барлық буындағы басшыларға дейінгі басқару аппаратының бүкіл қызметкерлерінің қызметі құжаттаумен байланысты. Біреулері құжаттарды жасайды, басқалары олардың рәсімделуін және берілуін қамтамасыз етеді, үшіншілері сол құжаттарды басшылыққа алып, олардың негізінде шешімдер қабылдайды.
Кәсіпорындардың күнделікті жұмысында өндірістік, шаруашылық, қаржылық және қоғамдық қызметтің сан қилы мәселелері бойынша құжаттар жасалады. Ол бұйрықтар, шешімдер, хаттар, актілер, келісім-шарттар, хаттамалар, өтініштер, жеделхаттар, анықтамалар және т.б. Кәсіпорындарда жасалатын құжаттар әдетте хат-хабар деп аталады.
Құжаттардың жасалуына, олардың тіркелуіне, жіктелуіне, қозғалысына, есепке алынуы мен сақталуына байланысты жұмыстардың жиынтығы іс қағаздарын жүргізу деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет