Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы



бет1/4
Дата10.03.2023
өлшемі25,29 Kb.
#73237
түріСабақ
  1   2   3   4

ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы ()

Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтары мен технопарктері

Модуль /пән атауы

ЖБП-12

Дайындаған педагог

Сүгір Н.М

« » ақпан 2023 г.

1.Жалпы мәліметтер:

Курс, оқу жылы, топ

123, 4021, 921

Сабақ типі

Дәстүрлі сабақ



2. Мақсаты мен міндеті:

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби дағдыларының тізбесі

Қазақстан Республикасының аймақтарында қосымша құны жоғары өнімдер мен қызметтерді өндіру жөнінде бизнес-идеяларды ұсыну (өз аймағы негізінде)

3. Сабақты жабдықтау

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар (көрнекіліктер)

Презентация, Қазақстан Республикасының Экономикалық картасы.

3.2 Анықтамалық әдебиеттер

1.Каймулдинова К., Абилмажинова С., Саипов А.География. Жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану-матаматикалық бағытындағы 10-сыныптарға арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2019 ж.
2. Каймулдинова К., Абилмажинова С., Абдиманапов Б. География. Жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11-сыныптарға арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2020 ж.

3.3 Техникалық құралдар, (материалдар):

Интернет ресурстар: https://7kun.kz/qazaqstanda-qansha-arnaiy-ekonomikalyq-aimaq-bar/




Сабақтың құрылымы



Уақыт

5

10

15

20

25

30

35

40

45

50

55

60

65

70

75

80

85

90























































элементі



4.1




















































Қолданылған
КДМ, ТЖ, т.б.


























































элемента



Сабақтың элементтері, оқу сұрақтары, оқытудың
әдіс - тәсілдері



Қосымша, өзгерістер,
ескертпелер

4.1
4.2
4.3

Сабақты ұйымдастыру: Амандасу, Жеке жұмыс.
Мәтінмен жұмыс.«Географиялық ақпараттық орта»


Өткен тақырыптарға шолу: «Сұрақ-жауап » әдісін қолданып білім алушылардың білімін тексеру. Жалпы пәннің маңыздылығы;

  1. «Миға шабуыл»:

  2. «Ой қозғау» әдісі

Жаңа тақырыпты түсіндіру:
4. Сабақтың барысы
Арнайы экономикалық аймақтар — экономика салаларының және аймақтардың қарқынды дамуы үшін құрылады. Инвестиция, заманауи технологияларды тарту, бәсекеге қабілетті өндірістерді құру мақсатын көздейді. Қазіргі таңда елімізде 12 арнайы экономикалық аймақ бар. Ең соңғы болып 2018 жылдың 29 қазанында «Түркістан» АЭА іске қосылды.
«Астана — жаңа қала» АЭА
«Астана — жаңа қала» ЕЭА Қазақстанда ашылған ең алғашқы арнайы экономикалық аймақ. 2001 жылдың 29 маусымында іске қосылған, көлемі — 7 018,72 га. Бұл аймақ 2027 жылға дейін жұмыс істейді.
АЭА-ты құрудағы мақсат:

  • Астананың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығын жедел салу,

  • индустриялық паркте жаңа өндірістер ашу,

  • шетелдік инвестицияларды тарту,

  • жаңа технологияларды,

  • озық шетелдік тәжірибені тарту,

  • мемлекеттік, коммерциялық және шетелдік капиталды біріктіру және кешенді пайдалану жолымен экономиканы серпінді дамыту.

Жалпы, «Астана — жаңа қала» АЭА екі аймақтан тұрады: Әкімшілік бизнес орталығы; №1 Индустриалды паркі. Бұл екі аймақта барлығы 464 жоба іске асырылуы керек.
«Павлодар» АЭА
2011 жылғы 29 қарашада Павлодар қаласы, Солтүстік өнеркәсіптік аймағында құрылды. Қазіргі таңда мұнда 10 кәсіпорын ашылған, тағы 4 жоба жүзеге асырылуда.
Осы уақытқа дейін 65,6 млрд теңге инвестиция тартқан. Мұнда химия, мұнай-химия салаларын дамыту, атап айтқанда жоғары технологиялық экологиялық қауіпсіз қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, қосылған құны жоғары экспортқа бағдарланған өнім өндіру жоспарланған.
2036 жылға дейін жұмыс істейтін «Павлодар» АЭА жалпы ауданы — 3300 га. Қазіргі уақытқа дейін 1460 жұмыс орны ашылған, өндіріс көлемі — 71,3 млрд теңге.
«Астана – Технополис» АЭА
Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан тағы бір арнайы экономикалық аймақ — «Астана – Технополис». Жалпы аумағы 631,92 гектарды құрайды, 2017 жылдың 24 қарашасынан жұмыс істей бастады.
«Астана – Технополис» ЕЭА-ын құрудағы мақсат:

  • Астана қаласын инвестицияларды тарту мен қолда бар және тартылған озық технологияларды қолдану, ноу-хау, заманауи инфрақұрылым жасау арқылы инновациялық дамыту.

  • Өңдеу өнеркәсібі саласында тиімді, жоғары технологиялы және бәсекеге қабілетті өндірістер құру.

  • Жаңа технологияларды қарқынды дамыту, зерттеулер жүргізу және жаңа технологияларды әзірлеудегі ұйымдастырушылық, экономикалық және әлеуметтік шарттарды одан әрі жетілдіру, оларды коммерциялауда көмек көрсету.

«Астана – Технополис» арнайы экономикалық аймағының қазіргі таңда 8 әлеуетті қатысушысы бар, 3 жеке ауданнан тұрады. Олардың барлығы 2042 жылдың желтоқсанына дейін жұмыс істейтін болады.
«Сарыарқа» АЭА
2011 жылдың 24 қарашасында Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Доски ауылында «Сарыарқа» АЭА құру шешімі қабылданды.

Аумағы 534,9 гектарға белгіленген арнайы экономикалық аймақтың мақсат:



  • металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеу өнеркәсібін дамыту,

  • жаһандық брендтерді өндірушілерді тарту арқылы дайын өнім өндірісін жолға қою.

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында отқа төзімді материалдар шығаратын зауыт, құрылыс материалдарын шығаратын зауыт секілді жобалар іске асты. Барлығы 6 жоба аяқталды. Жақын уақытта тағы 6 кәсіпорын іске қосылуы керек. Бұл аймақ 2036 жылға дейін қызметін жалғастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет