Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Бөлім Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік Мектеп: Күні



бет4/6
Дата17.01.2023
өлшемі3.58 Mb.
#61562
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
1-тапсырма
Өз бойларыңда дамытқыңыз келетін
кәсіпкерлік қасиет пен құзыреттілікті айтып
беріңіз.
Тапсырмада оқушылар өз бойында бар
кәсіпкерлік қасиеттер мен тәжірибелерді және
қандай қасиеттер мен тәжірибелерді дамыту
керек екенін қағаз бетіне түсіред
і.


2-тапсырма
Төменде келтірген сөздер мен сөз
тіркестерін кестедегі үш бағанға бөліп
жазыңдар:

Интеллектуалды қабілеттер

Жеке тұлғалық сипат



Пайда болған машықтар










Өзін-өзі бағалаудың адекваттылығы,
амбициялық, билікке ұмтылу, икемділік,
бастамашылдық, интуиция, әуестілік, сенімділік,
тәуелсіздік, білімділік, жауапкершілік, ерекше ойлау қабілеті, көрегендік, жұмыс істеу
қабілеттілігі, дамыған логикалық ойлау, дербестік, шығармашылыққа икемділік, батылдық,
жаңа білімдер мен машықтарды игеру қабілеті,
әдептілік пен дипломаттылық, өзіне сенімділік,
тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына ала
білу, өз ойын жеткізе алу, танымалдылық пен
абыройға жете білу, қолдау білдіруге уәдесін
ала білу, өзге адамдарды ұйымдастыра білу,
әзілді түсіне білу, адамдарды тани алу, бірге
қызмет істей алу, сендіре алу, өзін-өзі жетілдіру,
жігерлілік.
Бұл тапсырма жеке тұлға тәжірибелерінің
негізгі бөліктері болатын дара қабілеттерді,
дағдыларды және тұлға қасиеттерін ажырату
дағдысын нығайтуға арналған



3-тапсырма
Өзіңізді кәсіпкермін деп елестетіңіз. Көрсетілген жеке тұлғалық сипат пен алынған машықтарға сүйене отырып, мынадай мәселелерді шешу жолдарын ұсыныңыз:
а) Солтүстік Қазақстанда боран, жол қозғалысы шектелген. Сізге уақытында азық-түлікті супермаркетке жеткізу қажет.
б) Сіз жаңа өнім - картон орамадағы ешкі сүтін шығардыңыз. Тұтынушы сол өнім туралы білуі үшін не істейсіз?
в) Кешке қарай жол кептелісінен қала жолдарындағы қозғалыс қатты қиындады. Қалалық билікке кәсіпкер ретінде сіз қандай шешім ұсынар едіңіз?
г) Қаланың басты көшелерінде балаларға арналған кафе аштыңыз. Мұнда көлік қозғалысы көп болады, бірақ автокөлік тұрағында орын аз, күндіз мұнда қаланың іскерлік өмірі жанданады. Сіздің кафеңіз табысты болмай шықты. Мұндай сәтсіздіктен қандай сабақ аласыз?
д) Сіз өз бизнесіңізді - гүл сататын дүкен ашқыңыз келеді. Бірақ қалаңызда ондай гүл сататын дүкендер бар, демек, сіз үлкен бәсекелестікке тап боласыз. Дүкеніңіз табысты болу үшін қандай шара қолданасыз?
Бұл тапсырма креативті дамытуға, сондайақ жеке қабілеттерді және нақты бизнестапсырмаға қойылатын сапаны қалыптастыруға бағытталған



«Атомдар мен молекулалар» ойыны

«Ми шабуылы».


Сабақ презентациясы




10 сыныпқа арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқулығы. Авторлары; Е.С. Дуйсеханов, С.А. Щеглов, Д.Ханин, А.А. Сейтенова.
1-бөлім



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет