Сабақ жоспарының Үлгісі



бет1/8
Дата18.01.2023
өлшемі54,13 Kb.
#61738
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Елемесова Алмагул Габдилмаликовна

Пән/Сынып:

3 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

2-тоқсан 32-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Уақыт

Сабақтың тақырыбы:

Қысқы кеш суреттері

Оқу мақсаты:

3.3.2.2. өлеңнің басты сипаттарын анықтай алу, көркемсөздерді қолдана білу, өлең ырғағына мән бере отырып, мәнерлеп оқуға жаттығу, өлеңді сызба бойынша талдау.

Бағалау критерийі:

  • өлеңді сызба бойынша талдау;

  • шығарманы салыстыру, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут


1-слайд,
Сабақ тақырыбы

2-слайд
Сабақ мақсаты


өлеңнің басты сипаттарын анықтай алу, көркемсөздерді қолдана білу, өлең ырғағына мән бере отырып, мәнерлеп оқуға жаттығу, өлеңді сызба бойынша талдау.

Не меңгеретінін білу үшін
.




Презентация № 1бет

7-8 минут

Жаңа сабақ



Ой қозғау:Қыс мезгілін көркемсөздермен суреттеңдер
Автормен танысу. Александр Сергеевич Пушкин-Ресей ақыны, классикалық орыс әдебиетінің негізін салушы.


Тайыр Жароков (1908–1965) – ақын, саяси-әлеуметтік лириканың шебері.
Мағынаны тану. Өлеңді тыңда.
Қысқы кеш
Қара боран көкті жапты,
Қарлы құйын қуалай.
Кейде ұлыған аң сияқты,
Кейде жылайды баладай.
Төбесінен үйдің тозған
Сылдырайды сабаны,
Жолаушыдай кешеу қалған
Терезені қағады.
Біздің лашық тозған баяу
Күңгірт әрі көңілсіз,
Терезеде, кемпірім-ау,
Неге отырсың тек үнсіз?
Әлде боран сыңсуымен,
Достым, қажып біттің бе?
Әлде иірілген ұршығыңмен
Бірге қалғып кеттің бе?
Ән шырқашы тұрған құстай
Теңіздің арғы бетінде.
Ән шырқашы сұлу қыздай
Судан шыққан ертеңгі.
Қара боран көкті жапты,
Қарлы құйын қуалай.
Кейде ұлыған аң сияқты,
Кейде жылайды баладай.



Жаңа тақырыпты меңгеру



Жарайсыңдар!

Презентация № 2бет

8 минут

Тәжірибе

Өлеңді қайталап оқып, боранға қатысты айтылған көркемсөздерді табыңдар.
Эпитет сөздер:
қара боран, қарлы құйын, тозған үйдің , тозған лашық, иірілген ұршығымен
Теңеу сөздер:
кейде ұлыған аң сияқты, кейде жылайды баладай, кешеу қалған жолаушыдай, тұрған құстай, сұлу қыздай.

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру






Презентация № 3бет

3 минут

Бекіту

Бүгінгі тақырып бойынша не меңгергенімізді білу үшін тапсырмалар орындайық.
1-тапсырма. Мәтінді сызба бойынша талдаңдар.
2-тапсырма. «Ауыл күзі», және «Қысқы кеш» өлеңдерін салыстырыңдар.
Ұқсастығы: Екі шығармада жыл мезгілін суреттеп жазған.Екі өлеңде теңеу, эпитет сөздер бар.
Айырмашылығы: Екі шығармада жыл мезгілінің ауа- райындағы ерекшеліктері айтылған.


Іс-әрекеттер немесе табиғат құбылыстары: Күз айында жапырақтар сарғайып,ағаштар қурайды.Жемістер, дәнді-дақылдар піседі.
Қыс айлары қарлы боранымен, шыңылтыр аязымен қызықты.


Әдеби көркемдегіш құралдар: Екі шығармадағы басты құралдар көркемдегіш сөздер.


Қорытынды
өлеңнің басты сипаттарын анықтай алдың;
көркемсөздерді қолдана білдің;
өлеңді сызба бойынша талдадың;
шығарманы салыстыруды үйрендің.


Оқу тапсырмасы
1. «Қысқы кеш» өлеңін жатта.
2. Қыс мезгілін суреттейтін көркемсөздерден кластер құрастыр.



Тақырыпты меңгергенін анықтау



Дескриптор:



Дескриптор:



  • екі шығарманы салыстырып ұқсатығымен айырмашылығын анықтай алады.


Дескриптор:
өлеңді мәнерлеп оқи алады;
өлеңді жатқа айтады.
Көркемсөздерді қолданып кластер құрастыра алады.

Презентация № 4бет


Жылдам оқу енді қалыптасып келе жатқан балалар үшін пайдалы. Ол ойлау процестерін жылдамдатып, есте сақтау қабілетін дамытады. Тезірек алға жылжуға мүмкіндік береді. Кітапты жылдам оқитын болсаңыз, қалған уақытыңызды басқа нәрсеге арнай аласыз. Қазіргі таңда адамдардың оқу жылдамдығы орташа есеппен минутына 180-200 сөзді құрайды. Алайда адамның қабілеті минутына 400-500 сөзді оқып, қабылдай алады екен. Ендеше Balbal.kz мотивациялық сайты жылдам оқу техникасын дамытудың әдістерімен бөліседі.
Серпіліс-тоқта
Бұл әдісті екі адам болып орындау керек. Қасыңыздағы жұбыңызға немесе балаңызға қолданып көрсеңіз болады. Ол сіз «серпіліс» дегенде оқуды бастайды. «Тоқта» деген кезде оқуын тоқтатып, назарын кітаптан алады. Қайтадан «серпіліс» деген уақытта ол тоқтаған жерін тез тауып, жалғастыру керек.
Параллельді оқу
Екі бірдей мәтін алу керек. Кейін бір мәтінді өзіңіз, екіншісін балаңызға не жаттығып отырған адамға беріңіз. Сіз дауыстап оқып бастағаннан кейін ол да сізбен ілесіп отыруы керек. Нәтижесін беру үшін бірде тез, бірде жай оқып, жылдамдықты ауыстырып отырыңыз. Бір-біріңіздің жылдамдықтарыңызға қарай бейімделіп отырыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет