Сабақ жоспарының Үлгісі



бет2/8
Дата18.01.2023
өлшемі54.13 Kb.
#61738
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Артикуляциялық жаттығу
Жаңылтпаш, өлең, т.б. мәтіндерді әртүрлі темппен оқыңыз. Айту барысында әріптердің дұрыс дыбысталып, сөздің анық болуын қадағалаңыз.
Құпия сөзді іздеу
Таныс емес мәтінді алып, соның ішінен бір сөзді жасырыңыз. Жаныңыздағы жаттығушы сол сөзді барынша тез табу керек. Сөзді іздеу барысын күнде секундомер арқылы санап, өзгерісті бақылауға болады. Мәтіннің күрделілігі жас мөлшеріне сай таңдалғаны абзал.
Бетбелгіні қолдану
Кітап оқу барысында бетбелгіні қолданыңыз. Оқылған сөздерді бетбелгімен жауып, оқыған сайын бетбелгіні де жылжытып отырыңыз. Осы арқылы бір сөзге қайтып оралмайсыз. Бұл психикалық түрде тез оқуға бейімдейді.
Көру диктанты
5-6 сөйлемнен тұратын мәтінді алыңыз. Мәтінді қағазбен не басқа затпен жауып, тек бірінші сөйлемді 3 секундтай қарап алыңыз. Кейін оны да жауып, сөйлемді дәл солай жазып шығыңыз. Неғұрлым шатасулар мен қателіктер аз болса, соғұрлым жақсы. Кезекпен мәтін біткенше шейін осы әдісті жасаңыз. Бұл концентрацияны жоғарылатуға және зейінді болуға көмектеседі.
Теріс қаратып оқу
Кітапты жоғарыдан төменге айналдырып, теріс қаратып оқып көріңіз. Алғашында бұлай оқу қиынға соғады, бірақ кейіннен миыңыз бұл қалыпқа да үйренеді. Бұл жағдайға тез бейімделуге, шапшаң болуға көмектеседі.
Бөлшектелген сөз
Қағаз беттеріне күрделі сөздерді жазып шығыңыз. Әрқайсысын жартысынан бөліп немесе түбірі мен қосымшасын айырып, қиып араластырыңыз. Кейін берілген уақыт аралығында сөздерді дұрыс табу керек. Бұл жаттығу бірінші әрпінен-ақ сөзді түсініп, тез оқып кетуге көмектеседі.
Кітап оқудағы басты мақсат – ақпарат алу, түсіну. Алайда жылдамдықты арттырамын деп оқып жатқан сөздеріңіз назардан қалмасын. Жаттығуды орындағаннан кейін міндетті түрде мәтіннен не түйгеніңізді айтыңыз. Әйтпесе бұл техниканың пайдасы болмайды.
Дайындаған: Қырмызы Скендирова
Міндеттерім:
— оқушылардың қазақ тілінде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау қабілеттерін арттыру.
— сөздердің лексикалық-логикалық үйлесімі келіскенде ғана сөз мағыналы болатынын ұғындыру.
— тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет