Сабақ жоспарының Үлгісі


-тапсырма. «Сиқырланған» сөздерді оқу



бет8/8
Дата18.01.2023
өлшемі54,13 Kb.
#61738
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
19-тапсырма. «Сиқырланған» сөздерді оқу.
Оқушыларға әртүрлі сызық, штрих, қарапайым суреттердің кедергісінен оқылуы қиынға түсетін сөз жазылған қималар таратылады. Сөздердің неліктен күрделі беріліп отырғандығы түсіндіріледі.
Берілген түсіндірме оқытушының айтқан әңгімесінің мазмұнына, ойының ұшқырлығына, тапқырлығына байланысты. Мысалы, бұл сөзді сиқыршы әдейі оқи алмастай етіп сиқырлап қойды, соған қарамастан біз бұл сөзді оқып, сиқыршы қулығының шешімін табамыз деуіне болады.[4,6]
20-тапсырма. Мәтінен бір-бір сөзден тастап оқу.
Оқығанда әдеттегідей оқымай, бір сөзден келесі сөзге аттап өтіп оқиды. Мысалы үшін осы сөйлемді бір-бір сөзін тастап оқып көрейік: …….. әдеттегідей …………. бір ………. келесі …….. аттап ….. оқиды.
Оқушыны осылай оқуға да қалыптастыру.[4,14]
ТҮЙІН
Бастауыш сыныпта еңбек еткен 31 жылдық тәжірибемде баланың оқу дағдысының дұрыс қалыптасуына, жеке қабілетін анықтауға, оқу шапшаңдығын жетілдіруге, қатесіз дұрыс оқуға, өз ойларын еркін айта білуге, тез әрі шапшаң ойлауға әртүрлі тапрсырмалар орындату керек деген ой келді. Соның нәтижесінде «Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар» атты жоба құрастырдым.
Жоба екі үлкен бөлімнен тұрады:
1) оқу техникасы (дұрыс, тез қабылдау және сөздерді дыбыстау)
2) мәтінді түсіну (негізгі ойды, мазмұнды ажырату).
Бұл екі бөлім бір-бірімен тығыз байланысты.
Жалпы бұл жұмыс бастауыш сынып мұғалімнің бір қадесіне жарап, сабақта, сыныптан тыс уақыттарда пайдалануға көмегін тигізері сөзсіз.
Бүгінгі таңда бастауыш сыныптан бастап оқушының сөйлеу қабілетінің дамуына әсер ететін жайға көп көңіл бөлу керек. Себебі, тілі жетік оқушы кез келген жерде жақсы нәтижеге қол жеткізе алады. Ал тілі дамымаған оқушы біліп тұрғанының өзін өз дәрежесінде жеткізе алмай қиналады. Сондықтан бастауыш сыныпта балаларды жылдам оқуға қалыптастырумен қатар түсініп оқуын қадағалап отыру маңызды. Осы орайда неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғырлым оны толық ашуға мүмкіндік туады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет