Сабақ жоспарлары



бет1/8
Дата07.01.2022
өлшемі129,04 Kb.
#18196
  1   2   3   4   5   6   7   8

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І. АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАЛАРЫ
«ҚЫРЫҚ МЫСАЛ»

1.1.Ахмет байтұрсынұлы өмірі және шығармашылығы

1.2.Ахмет Байтұрсынов және мысал жанры

1.3. Ахмет байтұрсынов . мысалшы.

1.4.Ахмет байтұрсыновтың қырық мысалы

1.5.Ахмет байтұрсынұлы туралы айшықты ойлар

ІІ. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

2.1. Сабақ жоспарлары


ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

МАЗМҰНЫ


Түсінік хат 3.4

I Негізгі бөлім

1.1. Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанры5.8
1.2 Мысал жанрын оқыту ерекшеліктері мен әдістері 8.12

II Тәжірибелік бөлім

2.1 Ахмет Байтұрсынов мысалдарын оқыту әдістері 13.15
2.2 А. Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысалдарын меңгерту 16.18

Қорытынды 19.20

Қолданылған әдебиеттер тізімі21

Мысал –тұспалмен, ишарамен айтылатын жанр. Мұндағы ой астармен, жұмбақпен беріледі. Мысалдың басқа жанрдан ерекшелігі оған адам қатыспайды. Мысал жанрына аң, құс, өсімдік бейнесі алынады. Әдебиетті оқу бағдарламасында мысал жанрын оқыту көбіне бастауыш буындарында беріледі. Мысал жанрын сонау Эзоп заманынан бастау ала отырып, қазақ топырағында да дамыған. Жазба әдебиетінен бұрын қазақ ауыз әдебиетінде де осы жанрдың элементтері кездесіп отырған. Ақын-жыршылардан бастап, мысал жанрына ықылас білдірген әдебиет өкілдері мол болған. Мәселен, Абай, Ыбырай, Дулат, А. Байтұрсынұлы, С.Дөнентаев, С.Көбеев, секілді қаламгерлер өздерінің төл шығармалары мен аударма мұраларында мысал жанрына ерекше көңіл бөлген. Зертеуші М. Әуезов: «Тегінде, қазақ әдебиеті тарихына Крылов мысалдары жалғыз Абайдың аудармасынан емес, одан бұрын да кіре бастаған. Бұл және де бір Крылов емес, орыс көркем әдебиетінің өлең сөз, қара сөздегі әр алуан үлгісін өзі жазған оқу кітабына кіргізіп, алғаш аударған Ыбырай Алтынсарин болатын. »-деген екен. Мысалдың басты мақсаты-адам баласының бойына жақсы, ізгілікті қасиеттерді сіңіру, терең ғибрат пен тәлім өнеге беру. Курстық жұмыстың зерттеу мәселесіне айналған өзекті сұрақтардың бірі осы мысал жанрын таныту, соның ішінде қазақ мысалышыларының бірі Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрындағы шығармаларын меңгертудің тиімді жолдарын саралау болып табылады. Курстық жұмыстың көкейкестілігі - мысал жанырн танытудағы тиімді және нәтижелі тәсілдерді ұсыну болып табылады. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде мысал тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, мысалдың балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Мысалдар бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі.

Зерттеу мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанырн оқыту барысында тиімді тәсілдерді пайдаланып, балалардың тілін дамыту жолдарын көрсету.

Зерттеу нысаны: мектептегі оқу - тәрбие процесі.

Қазір жаңа деп танылған әдістемелердің көпшілігі Ахмет Байтұрсынов еңбектерінен бастау алады

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілін меңгертудің әдістемесінің негізін қалаған ғалым-әдіскер екендігін бүгінгі ұрпаққа қалдырған әдістемелік мұраларынан белгілі. Ұлы ұстазымыздың өз заманында қарапайым қазақтың сауатын ашқан «Әліппе», «Сауат ашу», «Тілашар» т.б. оқу-құралдары күні бүгінге дейін әдістемелік және тілтанымдық тұрғыдан өз мәнін жоймаған құнды еңбектер екені даусыз. Ғалымның «Әдіс – керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай» деген сөздері әрбір педагогқа бұлжымас қағида болары сөзсіз. Бүгінгі білім беру кеңістігінде шетелдік және отандық әдіскерлер «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы, «Инсерт» стратегиясы сияқты тағы басқа оқытудың түрлі әдістерінің ерекшеліктері мен ұстанымдарын айқындап көтеріп жүр. Өткенге барлап қарасақ, бүгінгі жаңашыл деп табылған оқыту технологияларының Ахмет Байтұрсынұлының жоғарыда аталған еңбектерінен бастау алатынын атап өткен жөн болар. Бұны біз ғалымның өз заманындағы балалар мен ересектердің сауатын ашуға арналған оқу құралдарынан да, шағын мақаларынан да аңғарамыз. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлының бастауыш мектептеріне арналған «Әліпбиі» (Жаңа құрал) оқулығын жазуда көрнекілік, түсініктілік, жүйелілік, өмірмен байланыстылық, т.б. дидактикалық ұстанымдарды, дамыта оқыту идеясын басшылыққа алғанын анық аңғаруға болады. Себебі, автор бұл еңбекте білім белгілі бір жүйемен, ретпен берілуін ескеріп, балаға әлі келетін білімді ғана ұсынған. Баланың ойлау қабілетін дамытумен қатар, оларды іс-әрекетке жаттықтыру қажеттігін де ескерген. Қазіргі таңда ересектерді оқытатын оқытушылар мен мектеп мұғалімдері жалпы білім берудің ең ұтымды тәсілі ретінде Блум таксомониясын басшылыққа алады. Блум таксомониясының 6 түрлі ережесі кез келген ақпаратты үйретудің ең ұтымды тәсілдері ретінде тәжірибеде дәлелденіп жүр. Себебі Блум таксомониясының · білу – мағлұматтар мен ақпараттарды еске түсіру; · түсіну – жаңа идеяны түсіну, ондағы негізгі идеяларды салыстыру, сипаттау; · қолдану – жаңа білімді түрлі нұсқада пайдалану; · талдау – дәйектер мен себептерге байланысты ақпаратты тексеру және жіктеу; · жинақтау – ақпараттарды жүйелеу; · бағалау – ақпарат бойынша қорытынды жасау және жұмыс сапасын бағалау» сияқты 6 ережесі сын тұрғысынан ойлауда, яғни ойлау дағдыларын қылыптастыруда, жетілдіруде соны әдістемелердің бірі делінеді. Бір қызығы, осы Блум таксономиясындағы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысы жайында өз заманында сан жылдар бұрын айтылып кеткен А.Байтұрсынұлының еңбектерінен бастау алады. Ағартушы әдіскер «Ана тілінің әдісі» атты мақаласында ана тілін үйрету әдістерін былайша бөледі: 1) Кей әдістердің негізі қосу, жинау болады, барша ол негізді әдістер жалпылау (синтез) немесе жиылыңқы әдіс теп аталады. 2) Кей әдістердің негізі талдау, айыру болады. Ол негізді әдістердің бірі жалқылау (анализ) немесе айырыңқы әдіс деп аталады. 3) Кей әдістің негізінде қосу да, талдау да болады. Ондай әдістер жалқылаулы-жалпылаулы немесе айырыңқы-жиылыңқы деп аталады. Яғни, ғалым үйренушіге дайын ақпаратты бергеннен гөрі, алдына қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына мүмкіндік беру аса маңызды деп көрсетеді. Бұл категориялар қазақ тілін оқулықтарын құрастыруда да, сабақ әзірлемелерін жасауда да басшылыққа алған жөн. Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлының бұл еңбегінде қазіргі әдістемеде білім алушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, дамыту мақсатында сөйлеу әрекеттерінің 4 түрі (жазылым, оқылым, айтылым, тыңдалым) арқылы тілді меңгертудің әдістері жайында ой-пікірлерін де табуға болады. Ғалым «үйретуді» өнер деп бағалайды. «Үйрету өнер болған соң, ана тілін үйрету – бұл да өнер. Олай болса өнерлерде болған сындар мұнда болмақ» – дегені сөзсіз ақиқат. Әдіскер тіл үйретуге мыналарды жатқызады: 1) оқылым – оқу үйрету; 2) жазылым – жазу үйрету; 3) айтылым – сөйлеу үйрету. Сөйлеу әрекетінің төрт түрі Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралының» өн бойында кездеседі. Мәселен, оқылым әрекеті буындап оқу, тұтас оқу арқылы; жазылым әрекеті сөздерді буындау, тасымалдау, көшіру, құрастыру, сөзден сөз тудыру арқылы; айтылым әрекеті сұрақтарға жауап беру арқылы; тыңдалым әрекеті жаңылтпаштарды есте сақтап, жатқа жазу арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда қазақ тілін оқытуда жазбаша тілдегі сөздердің ауызша тілдегі қатынасы ескерілмей жатады. Білім алушылар әріп пен дыбысты ажырата алмай, бір үйлесіммен, бір ырғақпен айтылатын сөз тіркестерін жазба тілдегі нұсқамен айтатын дәрежеге жеткен. Ауызша тіл мен жазба тілдегі норманың арақатынасы жайында Ахмет Байтұрсынұлының екі бөлімнен тұратын «Тіл жұмсары» мен «Оқу құралында» баяндалған. Әдіскер-ғалым өтілген мағлұматтарды ауызекі тіліне жеңіл де қысқа ауызша сауалдармен бекітуді де естен шығармаған. Мысалы, 1) әріп пен дыбыс бір ме? 2) қайсысы көрінеді, қайсысы естіледі ? 3) ұқсас дыбыстардың әріптері ұқсас бола ма? Ғалым «Жаза білу үшін тілдегі дыбыстарды тани білу керек. Ол дыбыстарға арналған әріптерін тани білу керек. Таныған әріптерін жаза білу керек. Жазған әріптерін дыбысымен атай білу керек» деп әріп пен дыбысты айырудың әдіс-тәсілдерін нақты мысалдармен көрсетеді. Сонымен қатар қазіргі таңда дәстүрлі оқытудан жаңартылған білім мазмұнына ауысқан білім беру жүйесінде «білім алушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану» қағидасы басшылыққа алынып жүр. Оқытудың бұл жүйесі де Ахмет Байтұрсынұлының «Баулу мектебі» атты мақаласында» баяндалады: «Өлі оқудан» көрі «төте оқу» беретін білім жандырақ. «төте оқудан» гөрі «көрнекі оқу» беретін білім жандырақ, «баулу» беретін білім бəрінен де жандырақ. «Баулу» асылында дағдылы шағындағы тіпті «бала оқыту» емес, тіршілік ісіне тігілей түсіру». Осылайша қазіргі жаңашыл деп танылып жүрген технологиялардың түр түрін ғұлама ағартушының еңбектерінде көрініс табады. Бұдан біз сан жылдар бойы жұртшылыққа ұсынылмай, әділ бағаланбай келген Ахмет Байтұрсынұлының оқу ағарту саласындағы әдістерінің өміршеңдігіне көз жеткізуімізге болады.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazir-zhana-dep-tanylgan-adistemelerdin-kopshiligi-ahmet-baytursynov-enbekterinen-bastau-alady_a3562782



Ұлы ағартушы демократтар Ы.Алтынсарин мен А.Құнанбаевтың көздерін көрмесе де, ұлағатты сөздері-шығармаларымен сусындап, олардың ұстаздық ісін, ақындығы мен аудармашылығын XX ғасырдың басында азаматтық жүрегімен қабылдап алып, жемісті жалғастырған қазақ халқының аяулы ұлдарының бірі Ахмет Байтұрсынұлы сан ғырлы та¬лант иесі еді. Ақын, аудармашы, педа¬гог, публицист, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының есімі мен еңбектері төңкеріске дейінгі кезеңде-ақ қалың ел, дүйім көпшілікке кеңінен мәшһүр болатын. Ол шынында да қазақ халқының «рухани көсемі» М.Әуезов болған айрықша санаткер еді.
А.Байтұрсынұлының творчестволыққа бет бұруы оның ұстаздық қызметке араласкан кезеңінен басталады. Туған әдебиеттің тұнығынан сусындау, сондай-ақ, орыс әдебиетінен алған әсер-тағылымы да жас ұстазды өнер соқпағына әкелген. Ахметтің әдеби мұрасы сан салалы, әрі қомақты. Алайда оның творчестволық қалыптасуында айрықша мәнге ие екі жинағын атау ләзім. Оның бірі -1909 жылы Петербургте жарық көрген «Қырық мысал» да, екіншісі — «Маса» 1911 жинағы.
«Қырың мысал » Ахмет Байтұрсынұлын халыққа аудармашы ақын ретінде танытқан тұңғыш жинағы. Кітапқа оның орыстың әйгілі мысалшы ақыны И.А.Крыловтан аударған қырық мысалы енген. Жинақтың «Қырық мы¬сал» аталуының мәнісі де осында.

Өткен жылы ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың 125 жылдық мерейтойын атап өту барысында істелінген істер келер ұрпаққа үлігі-өнеге боларлық жай. «Ахметтану» саласының игі бастамасы, алып бәйтеректі алашқа қайта таныту мақсатындағы сара жолдың алғашқы соқпақтары іспетті. Жыл ішінде республикамыздың барлық білім ордаларында өткен ғылыми-практикалық конференциялар, баспасөз беттеріндегі толассыз жарияланған мақала, монографиялар, Алматыда ашылған мұражайы, орнатылған ескерткіш-бюсті, «Рауан» баспасынан жарық көрген «Әліп биі» қала, ауыл мектептерінің оқу-тәрбие жұмыстарының (кездесулер, кештер, жарыстар) арнайы ұйьмдастырылуы бүкіл қазақтың зиялы қауымының, болашақтың тірегі жас бүлдіршіндердің ұлттық санасының қалыптасуы мен жаңаруына зор ықпалын, игі өсерін тигізді десек артық айтқандық емес. Мұндай жасампаз жұмыстар бүгінгі жастарға адамгершілік-эстетикалық тәрбие беруде, жан-жақты дамыта отырып оқыту ісін де жаңа деңгейге көтеруге зор үлес қосуда. Ұлтық мүдде ұраншысы, оқу-ағарту ісінің көшбасшысы Ахмет Байтұрсыновтың тәлім-тәрбиелік тағылымын әр қырынан таныту, оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың жолдарын іздестіру, ұрпақ тәрбиесінде ұлт жұмысын ұлғайту мақсатындағы ұлы істерін үлгі әрі тағлым ету болашақта да ары қарай жалғасын таба беретін мәңгілік мұрат. Ахмет Байтұрсынов артына айта берсе таусылмас мол мұра қалдырған. Сол мол мұраның бір саласы көркем аудармадағы үлесі қалайда халқын ояту, «жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге» шақыру мақсатында, ол ұлы Абай салған соқпақты — аударма ісін жалғастырады. Абай Құнанбаевтың орны тілі арқылы батыс философ ғалымдары Дарвин, Милл, Спиноза тағы басқа еңбектерімен жақын таныс болғанын, көне грек кемеңгерлері Сократ, Аристотель, Платон еңбектерін үлгі еткендігін білеміз. Орыс әдебиеті үлгілерін Абай жете меңгеріп, Крылов, Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой, Салтыков-Щедринді терең танып, олардың шығармаларын қазақ ті-ліне аударып, аударма існе жол салып, өз халқының «жақсы», «жаман» мінезін ашуда, сансын оятуда басты құрал еткен, яғни XX ғасырдың бес кезінде орыстың классикалық әдебиеті үлгілерін қазақ тіліне аудару ісіндегі Абай, Ыбырайдан басталған жолды Ақылбай, Мағауия Құнанбаевтар, Шәкәрім Құдайбердиев, М. Сералин, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, АБай-турсыновтар жалғастырып, игі дәстурге айналдырды. А. Байтұрсынов алғаш рет 1909 жылы өзінің «Қырық мысал» атты аударма еңбегін жинақ етіп бастырып шығарды. И.А. Крылов өзінің мысал өлеңдеріне біздің эрамызға дейінгі VІ ғасырдағы грек мысалшысы Эзоп, I ғасырда өмір сүрген Рим мысалшысы Федр, ХҮІІ ғасырда өмір сүрген француз мысалшысы Лафонтен мысалдарының сюжетін пайдаланса, Ахмет А.С. Пушкиннен бір топ мысалдар, оған қоса И. М. Хемницердің «Ат пен есек» шығармасын, орыстың белгілі лирик ақыны Семен Яковлевич Надсонның бір өлеңін қазақ-шаға аударған. Бұл И.А.Крылов шығармаларының қазақ тіліндегі тұңғыш жеке жинақ кітабы болып табылады.

Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары хақында бір сөз

Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Бұрынғы ескі-ертегі, химия үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, "Қырық мысал" деген атпен 1909 жылы Петербургтен бастырып шығарды. 

Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді. 

Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн, 

Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін, 

Тартады аққу көкке, шаян кейін 

Жұлқиды суға қарай шортан шіркін. 

Аудармада мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп-төгіліп тұр. Ендігі кезең оқырманына қатысты жаңа ой, соны пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынан қосады. 

Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас. 

Әуелі бірлік керек болса жолдас. 

Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей 

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас, — 

деп елді тұтастық, ынтымақ жалауының астына шақырады. 

Елдің азып-тозуына байланысты сарындарды Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді, кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар: 

Қасқырдың зорлық болды еткен ісі. 

Ойлаймын оны мақтар шықпас кісі 

Нашарды талай адам талап жеп жүр 

Бөріден артық дейміз оның ісін.

Алуан-алуан ойға жетелейтін "Қайырымды түлкі", "Ала қойлар", "Үлес", "Қартайған арыстан", "Өгіз бен бақа", "Қайыршы мен қыдыр", "Ат пен есек" мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды мегзейтін оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған. Аудармашы негізгі түпнұсқа тексіне орайластырып, көркем ойға ой, суретке сурет қосып, пікірді ұштап, жаңа сарын – әуез қосып отырады. "Қартайған арыстан" мысалына:

Бақ қонса, сыйлар алаш ағайын да,

Келе алмас жаман батып маңайыңа. 

Басыңның бақыт құсы ұшқан күні

Құл-құтан басынады, малайың да, —

деген жалғасты түйін жасайды. Бірнеше кісі тіл таба алмай, берекесі кетіп, өртке шалдығып, үлестен құр қалады. Осы "Үлес" өлеңінің түйінінде ақын өз позициясын ашық көрсетіп:

Ойласақ оқиға емес болмайтұғын,

Ел қайда өзін жаудан қорғайтұғын.

Қазіргі пайдасына бәрі жетік,

Адам аз алдын қарап болжайтұғын.

Аңдыған бірін-бірі жаудан жаман

Байқасақ ел белгісі оңбайтұғын.

Бұл белгі табылып жүр біздің жұрттан

Таласып бір-бірінің жүзін жыртқан.

Алданып арқадағы дау-шарына

Кәтерден кәпері жоқ, 

келер сырттан, —

деп терең маңызы бар әлеуметтік ой толғайды.

Мысал жанрының қазақ әдебиетіне бойлап ену құбылысы әлемдік көркемдік дәстүрлердің типологиялық ұқсастығын көрсетеді. "Дала уалаяты" газетінде 1894 жылы 14 тамызда И.Крыловтың "Инелік пен құмырсқа" (аударған А.Құрманбаев) мысалының жариялануы – қазақ әдебиеті үшін жаңа бір арнаның басы еді. 

Крыловтан Абай – 14, Спандияр Көбеев – 37, Бекет Өтетілеуов – 12 мысал аударған. Бір мысалдың бірнеше рет аударылғаны да бар. Мәселен: "Аққу, шортан һәм шаян", "Ат пен есек", "Қасқыр мен тырна", "Шал мен ажал (өлім)", "Айна мен маймыл", "Маймыл мен көзілдірік" мысалдарын Ахмет Байтұрсынов та, Спандияр Көбеев те аударған. "Ала қойлар", "Есек пен қамыс (шілік)", "Бақа мен өгіз" мысалдарының Абай нұсқасы да, Ахмет нұсқасы да бар. 

Абай аудармалары Крылов түпнұсқасымен көбіне-көп дәлме-дәл келеді, Спандияр Көбеев 8 мысалды қарасөзбен баяндаған. Ал Ахмет Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанмен, еркіндік басым, қазақ тұрмысына жаңа идеялар, заман тынысын танытатын жаңа ойлар айтылады. Түп негізі Федрдан алынған Крыловтың он жолдық "Шымшық пен көгершін" мысалы Ахмет Байтұрсынов аудармасында отыз екі жолдан тұратын жаңа шығарма. "Өгіз бен бақа" орысшада – 17, қазақшада – 36 жол, "Қасқыр мен тырна" орысшада – 19, қазақшада – 76 жол, "Арыстан, киік һәм түлкі" орысшада – 35, қазақшада – 56 жол, “Қасқыр мен қозы” орысшада – 37, қазақшада – 68 жол, "Ағаш" орысшада – 31, қазақшада – 56 жол. Бұл фактілер қазақ ақыны дәстүрлі оқиға, қалыпты бейнелерді ала отырып, ойға ой, суретке сурет қосып, жаңа, ұлттық төл туынды жасағанын көрсетеді. Бұрын емеурін, ишара, мегзеу, астар, мысалмен берілген ойлар "Маса" кітабында ашық, анық, дәлді, нақты айтылады. Мұнда Ахметттің өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер, ауыр жолдар, қуғын-сүргін, жетімдік-жоқтық, бірталай өлеңдерге арқау болады; ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы – басты сарын болып табылады.

Ахмет Байтұрсынұлының мысал шығармаларды аудару тәсілдері



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет