Сабақ кезінде, сондай-ақ әртүрлі жұмыстар кезінде білім мен біліктіліктерді ұйымдастыру және оқушылардың ғылыми білімдерді меңгеру деңгейін болжау



бет1/7
Дата20.02.2023
өлшемі41,46 Kb.
#69375
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7

2.4.5. Сабаққа қойылатын талаптар Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:
білімділік мақсаттарды түгелдей, сондай-ақ олардың құраушы элементтерін және олардың дамытушылық және тәрбиелік мақсаттармен байланысын айқын дұрыс түрде құрастыру қажет;
оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды ескере отырып, оқу бағдарламасы мен мақсаттарына сай сабақтың үйлесімді мазмұнын анықтау;
сабақ кезінде, сондай-ақ әртүрлі жұмыстар кезінде білім мен біліктіліктерді ұйымдастыру және оқушылардың ғылыми білімдерді меңгеру деңгейін болжау;
оқыту формаларының ең тиімді тәсілдерін және әдістерін таңдап қолдану, олардың сабақтың кезеңдеріне әсерін бақылау және қалыптастыру, жеке және ұжымдық жұмыс формаларын таңдау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;
барлық дидактикалық принциптерді сабақ барысында жүзеге асыру;
оқушылардың табысты оқуына жағдай жасау.
Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:
Сабақтың психологиялық мақсаты:
оқушылардың дамуын нақты оқу пәні және нақты сабақ шегінде жобалау;
сабақтың мақсатын қою кезінде, тақырыпты оқытудың және оның нәтижесінің психологиялық мақсатын ескеру;
оқушылардың дамуын қамтамасыз ететін әдістемелік тәсілдердің психологиялық және педагогикалық әсерлерінің жеке құралдарын қадағалау.
Сабақтың стилі:
1. Оқытудың дамытушылық принципіне сай сабақтың құрылымы мен мазмұнын анықтау:
оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілетіне әсер ететін жүктемелердің қатынасы;
оқушылардың шығармашылық және жүзеге асыру іс-
әрекетінің көлемін анықтау;
дайын түрде (мұғалімнің сөзінен, кітаптан немесе қосымша құралдардан) және өздігінен іздену кезінде білімдерді меңгеруді жоспарлау;
проблемалық-эвристикалық оқытуды мұғалім мен оқушылардың орындауы (проблеманы кім қояды, кім тұжырымдайды және оны кім шешеді);
мұғалім жүзеге асыратын әрекеттерді: оқушылардың ісәрекетін тексеру, талдау мен бағалау және оқушылардың өзара сынай бағалауын, өзін-өзі бақылауын, өзін-өзі талдауын есепке алу.
2. Мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыру ерекшеліктері:
сабаққа деген дайындығы және ең бастысы– психологиялық мақсатты түсіну, оны жүзеге асыруға іштей дайын болу;
сабақтың басында және барысындағы көңіл-күй – жинақылық, сабақтың психологиялық мақсаты мен тақырыпқа байланысты өзін-өзі баптау, жігерлілік, анықталған мақсатты орындауға табандылықпен ұмтылу, педагогикалық шеберлік; - педагогикалық әдептілік;
сабақтағы психологиялық жағдай.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет