Сабақ мақсаты: Интернет желісінде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеу, қажетті ақпаратты жылдам іздеп табу. Тапсырма



бет1/3
Дата03.12.2022
өлшемі77,34 Kb.
#54542
түріСабақ
  1   2   3

Зертханалық жұмыс №8.
Тақырып: Интернетте ақпаратпен жұмыс. Іздеу алгоритмдері.
Сабақ мақсаты: Интернет желісінде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеу, қажетті ақпаратты жылдам іздеп табу.
Тапсырма:

  1. Яндекс, Рамблер және Google іздеу жүйелері туралы ақпарат тауып, олардың артықшылықтары және кемшіліктерін сипаттайтын кесте құрыңыз.

  2. Яндекс, Рамблер, Google іздеу жолында Семей сөзін енгізіңіз. Қай браузер арқылы Семей қаласының картасын тез табуға болады?

  3. Яндексе, Рамблер, Google іздеу жолында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті сөзін енгізіп, қай іздеу сайтында университетке байланысты қанша сурет бар екенін анықтаңыз?

  4. Интернет туралы презентация құрыңыз.

Қажетті құралдар: Дербес компьютер, Браузер, MS Power Point бағдарламасы
Зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Интернет - миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.Интернет желісініндегі мәліметтерді миллиондаған мекемелер даярлайды. Әлемдік желідегі, ақпараттарды тез тауып алуда іздеу серверлерінің көмегі зор. Олар мыңдаған іріктелген құжаттардың, сайттардың адрестары сақталады. Көптеген іздеу серверлерінің ішінде кең тараған іздеу каталогтары (directories) мен машиналары (search) бар.

http:\\www.google.com — GOOGLE, ақпараттық іздестіру жүйесі 1999 жылы қыркүйек айында ашылған. Бүгінгі күндері Searchenginewatch.com эксперттерінің айтуына қарағанда базаның көлемін 560 млн құжаттар құрайды. Жүйе қолданушыларға қарапайым және кеңейтілген іздестіру интерфейсін ұсынады. Көптеген тілдерде сонымен қатар орыс тілінде, ақпарат іздеу мүмкіндігі бар.
http:\\www.yahoo.com — Yahoo — тез іздестіретін анықтамалықтардың бірі. Ақпараттарды жеке сөздер бойынша немесе классификатор бойынша іздеу мүмкіндігін береді.
http:\\www.aport.ru — Апорт — ақпараттық іздестіру жүйесі алдыңғы қатардағы іздестіру жүйесіне кіреді. Бүгінгі күндері мәліметтер көлемін 20 млн индекстелінген құжаттар құрайды. Жүйеде іздестірудің кең спектрлі мүмкіндіктері бар. Онда қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндіктері ұсынылады. Ақпараттарды, ағылшын және орыс тілінде іздеуге болады.
http:\\www.yandex.ru — Яндекс — ақпараттық іздестіру жүйесі 1997 жылы ашылған. Бүгінгі күндері базадағы индекстелінген құжаттар көлемі 33 милионға жуық. Ақпараттық іздестіру жүйесі логикалық операторлармен белгіленген өзінің меншікті жүйесін қолданады, сонымен қатар көптеген түрлі іздестіру функцияларын ұсынады.
http:\\www.rambler.ru — Rambler — іздестіру жүйесінде Россияның және ТМД елдеріндегі серверлерде орналасқан 12 миллионға жуық мәліметтер индекстелінген. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.
Осылайша, іздеуді жоспарлау үш сұрақты тудырады: " Не іздейміз?", " Қайдан іздейміз?", " Қалай іздейміз?".


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет