Сабақ мақсаты: жүйке жүйесінің, жүйке ұлпасының, нейрондардың құрылысы мен қызметтері туралы түсінік беру. Сабақ міндеті



Дата01.02.2023
өлшемі16,87 Kb.
#64487
түріСабақ

Сынып:8
Сабақ тақырыбы: Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі. Нейрон құрылысы. Рефлекстік доға. Орталық, шеткі жүйке бөлімдері.
Сабақ мақсаты: жүйке жүйесінің, жүйке ұлпасының, нейрондардың құрылысы мен қызметтері туралы түсінік беру.
Сабақ міндеті:
Білімділік: жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі туралы білім қалыптастыру, атқаратын қызметтерінің жүйке жасушаларының ерекшеліктеріне байланысты екендігін, жүйке жүйесінің рефлекстік принципін, жүйкелік реттелу механизмін түсіндіру
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ой еңбегіне үйрену дағдыларын дамытуды жалғастыру: салыстыру, талдау, қорытындылау; кітаппен жұмыс істеу, өзін-өзі бақылау.
Тәрбиелілік: Жүйке жүйесінің қалыпты қызмет атқаруы денсаулық үшін маңызы зор болғандықтан жүйке жүйесінің гигиенасын сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: электронды оқулық, тақта,суреттер, тірек-сызбалар.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Әдістемелік шешім: сұхбат-баяндау, өзіндік жұмыс, жұп болып жұмыс жасау.
Сабақ барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу,даярлығын қадағалау
Сабаққа назарын аудару
ІІ. Төменгі сыныптарда тірі организмдердің жүйке жүйесі туралы білімдерін қайталап- сұхбаттаса отырып, жаңа сабаққа кіріспе жасау.
ІІІ. «Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметтері» атты жаңа материалды оқыту.

  1. Нейрондар- жүйке жүйесінің негізі. Олар ақпаратты қабылдау беру, сақтау қызметін атқарады. Тірек сызбанұсқаларын дәптерге құру.


нейрондар

Жүйке ұлпасы

денешіктері

өсінділері

Ақ заты

Сұр заты



Қысқа-дендрит

Ұзын-аксон



Нейрондардың типтері/қызметтері бойынша/



Сезімтал
Дененің терісінен және ішкі мүшелерден миға импульсті өткізеді


Аралық/ассоциациялық/
Ақпаратты талдайды, шешім қабылдайды

Қимыл
Ми мен жұлыннан бұйрықтың импульстерін жұмыс мүшелеріне өткізеді




  1. Жүйке жүйесінің құрылысы мен маңызы. /Оқулықтағы мәтінмен, суреттермен жұмыс жасау; сызбанұсқа құрау/

Жүйке жүйесі: ОЖЖ: ми мен жұлын
Шеткі: жүйкелер, жүйке түйіндері, жүйке ұштары


Жүйке жүйесі: Сомалық: Қаңқа бұлшық еттері мен терінің жұмысын реттейді, организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырады
Вегетативті /автономды/- симпатикалық –парасимпатикалық: алмасу процестерін,организмнің өсуін реттейді.
Импульстер қысқа өсінділер ұзын өсінділер
Сезімтал талшықтар импульсті орталыққа, ал қозғалғыш нейрондар арқылы керісінше ОЖЖ бұлшық ет синапсы-қозғалғыш талшықтың бұлшық етпен түйісуі арқылы жұмыс мүшесіне беріледі.
Жүйке жасушаларының қысқа өсінділері қосылып, жүйке синапсын түзеді. Қимыл-қозғалыс нейрон талшықтары безге баратын жерде безді синапс түзіледі. Синапс арқылы сигналдардың берілуі химиялық заттар –медиатор көмегімен іске асырылады. Жүйке талшықтары бойынша 0,5-тен 120 м/с-ке дейінгі жылдамдықпен таралатын жүйке импульстері –әлсіз биоэлектрлік ток.
Егер синапсты зақымдаса, нейрон қаншалықты қозған күйде болса да, ол жүйке импульсін көрші немесе бұлшық ет жасушасына бере алмайды. Синапстардың бірі –қоздырғыш, ал басқалары –тежеуші.
Рефлекс және рефлекс доғасы. Организмнің тітіркендіргіштерге жауап реакциясы рефлекс деп аталады. Рефлекс дегеніміз- ОЖЖ іске асырылатын және бақыланатын, сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге жауап реакциясы.Рефлекс доғасы арқылы іске асырылады.Рефлекс доғасы – жүйке импульсі өтетін жол.
Рецепторлар- сезімтал жүйке талшықтары- ОЖЖ- қозғалғыш жүйке талшықтары- бұлшық ет
Ең қарапайым рефлекстізе рефлексі.
ІҮ. Сабақты қорытындылау. Тақырып соңындағы тапсырманы орындау.
Зертханалық жұмысты орындау.
«Тізе рефлексін зерттеу».
Ү. Үйге тапсырма: 14 параграф терминдеріне биологиялық негіздеме беру. Оқу. Сұрақтарға жауап беру. Зертханалық жұмыстың қорытындысын жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет