Сабақ «Мен түсінігін қалыптастыру»



Дата08.04.2023
өлшемі20,44 Kb.
#80534
түріСабақ

Жеке түзету сабақ жоспары
Түзету бағдарлама: «Қатынас» саласы.Тіл дамыту.



Тақырыбы

Мақсаты

Түзету жұмысының барысы

Сағат саны

І - кезең



8 сабақ



«Мен түсінігін қалыптастыру»



- Жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру,өзінің есімін және тегін білуге уйрету.


- Жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

«Мен» түсінігі арқылы баланың өз-өзіне деген сенімін нығайту,өз пікірін ашып айтуын дамыту.





Түзету жұмыстары:

  • Өз есімін айтқызу.

Әдіс-тәсіл:

  • Ойын-сабақ,сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Көрнекіліктер:

  • Заттық суреттер, өзінің суреті, айна, парақ, қарындаштар, балапан, қарға,бала, қыз.

Тапсырма:

  • Кім? Сұрағына жауап беру.

Ұйымдастыру барысы:
Сәлемдесу. Педагог баламен айна алдында отырады. Өзін таныстырады.

  • Менің атым – апай.

Баланы айнаның алдына отырғызып, өзін айнадан көрсету. Содан кейін оның есімін, жасының нешеде екенін сұрау.

  • Мына айнадан сен кімді көріп тұрсын?

  • Баланың жауабы (мені)

  • Сенің атың кім?

  • Бала атын айтады.

  • Сенің жасың нешеде?

  • Бала жасын айтады.

  • Жарайсын, сен өз есіміңмен жасыңды біледі екенсің!

Содан кейін балаға сурет беріледі.

  • Мынау кім?

  • Бала.

  • Қане оған ат қояйықшы.

  • Бала өз есімін қояды.

Баладан өскенде кім болуды армандайтынын, нені ұнататынын сұрау. Сұрау арқылы баланың әңгімелесу қабілетін кеңейту.
Тапсырма: Маман балаға екі-үш фотосуреттердің ішінен өзінінің суретін табуды тапсырады.
Ойын: «Суретті таңда»
Мақсаты: Берілген сөзге суретті тауып көрсету.
Құралдар: Берілген дыбыстан басталатын сөздері бар заттық суреттер,басқа дыбыстардан басталатын бірнеше суреттер.
Ойын барысы: Ойынның алдында заттық суреттерді үстелге орналастыру,бала алдымен көріп алады. Сосын тапсырма беріледі бір дыбысқа барлық суреттерді жинастыру.

  • Қане мына суреттерде не бейнеленген, айтып берші?

  • Бала аттарын атап береді.

  • Енді, осы суреттерден «Б» - дыбысынан басталатын суреттерді бір жақа, «Қ»-дыбысынан басталатын суреттерді бір жақа жинастырайықшы.

  • Бала нұсқауды орындайды.

Егер бала тапсырманы дұрыс орындай алмай жатқан жағдайда, мұғалім көмек беріп, бірге орындайды
Артикуляциялық жаттығу: кәне, тілімізді жаттықтырайық.
«Түтікше» – ерінді алға қарай созу. 1-5, 1-10 секунд ұстап тұру.
«Ат шауып келеді» - тілді таңдайға жабыстырып баяу, жылдам қағу керек.
Қатемен жұмыс: Балаға қуыршақ беріледі. Бала оған ат қойып, турінің қандай екенін сипаттайды.


Ұсақ қол моторикасын дамыту: Қуыршақты киіндіру.



1апта:1
2 апта:6,8


3апта:13,15
4 апта:20,22
5апта:27




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет