Сабақ міндеттері: Тізбек және қатар деген түсініктерді бекіту. Тізбекпен жүруді және жүгіруді үйрету



Pdf көрінісі
Дата07.01.2017
өлшемі330,33 Kb.
#1365
түріСабақ

6

2-сабақ

сабақ міндеттері:  

1.   Тізбек және қатар деген түсініктерді бекіту. 

2.   Тізбекпен жүруді және жүгіруді үйрету. 

3.   «Ысқырықты тыңда!» ойынын үйрету. 

4.   Қол,  дене,  аяқ  және  баспен  орындалатын  негізгі  қимыл-қоз-

ғалыстарымен таныстыру.

5.   Тәртіптілікке тәрбиелеу.

сабақ өткізілетін орын: спорт алаңы.

спорттық жабдықтар: бағдарлауға арналған заттар, ысқырық.

сабақтың барысы:

Оқушыларды  сынып  бөлмесінде  тізбекке  тұрғызып,  сабақ  өт-

кізілетін орынға апару. 

Сабақтың міндеттерімен таныстырылады.

Бұйрық бойынша бір қатарға, бір тізбекке тұрғызу. Бағдар бойынша 

тізбекпен жүру.  

«Ысқырықты тыңда!» ойыны. Шарты: мұғалім ысқырықпен ұзақ 

ысқырып, белгі берсе, оқушылар жүгіреді. Қысқа ысқырылған белгіден 

соң жүреді.

Шеңберге  сапқа  тұру.  Бас,  қол,  аяқ  және  денеге  арналған  негізгі 

қимыл-қозғалыс жаттығулары орындатылады. 

«Балаларда тәртіп қатал!» ойыны. 

Сабақты қорытындылау. Сыныпқа тізбекпен кету. 

арақашықтық 

бір-бірден тізбекке тұру 

бағытт

аушы

Тұйықт

аушы


7

3-сабақ

сабақ міндеттері: 

1.   Бір тізбектен екі тізбек құрып, жүруді үйрету. 

2.   Қатармен жүру мен жүгіруді үйрету (жүру мен жүгіруді алмас-

тыру ептілігін жетілдіру).

3.   Ойын барысында жылдам, шұғыл шешім жасай білу іскерлік-

терін  дамыту. 

4.   Тәртіптілікке тәрбиелеу. 

спорттық жабдықтар: ысқырық.

сабақтың барысы:

Сыныпта тізбекке тұру. Оқушыларды сабақ өтілетін орынға апару. 



Тізбекте тұрып, қолдарын алға созу арқылы араларын ашу 

қатарда  тұрып, қолдарын екі жаққа созу арқылы араларын ашу

16

«Доппен қуаласпақ» ойыны тізбек және қатармен жүгірту арқылы 

ойнатылады.

Мұғалімнің командасымен сапқа тұру.

Сабақты қорытындылау.  

бІР ОРЫНДа ТҰРЫП сЕКІРУ. бЕЛГІЛІ бІР НЫсаНҒа сЕКІРУ.  

ӘРТҮРЛІ КЕДЕРГІЛЕРДЕН сЕКІРУ


17

13-сабақ

сабақ міндеттері

1.   Баяу жүгіруді жүрумен алмастырмайтындай етіп жаттықтыру. 

2.   Қысқа секіртпемен секіруге үйретуді жалғастыру. .

3.   Ойындық касиеттерін дамыту. 

4.   Бұйрықтарды тыңдап, орындауға тәрбиелеу. 

сабақ өткізілген орын: алаң.

спорттық жабдықтар: оқушылардың саны бойынша секіртпелер, 

екі мини-баскетбол доптары, екі шеңбер, ысқырық.



сабақтың барысы:

Сыныпта  сапқа  тұру.  Сабақ  өтілетін  орынға  бару.  Сабақтың 

міндеттерімен таныстыру. Сапқа арналған жаттығуларды орындау. 

Мұғалімнің  ысқырығының  белгісімен  бағытты  шұғыл  тоқтап, 

өзгертіп жүру және жүгіруге жаттығады. 

700 м қашықтыққа дейін баяу қарқынмен тоқтамай жүгіру.

Шеңберге тұру. 

Төртке бүктелген секіртпемен жаттығуларды орындау.

Қысқа секіртпемен секіру.

«қарағайлы ормандағы аю» ойыны. 

Сынып оқушыларын екі топқа бөліп, эстафета өткізіледі. Шарты: 

бір оқушы допты шығыршыққа апарып қояды, ал екінші оқушы допты 

қайтадан алып келеді.

Қатарға тұру.

Сабақты қорытындылау. 



бИІКТІКТЕН сЕКІРУ

26

3.   Қимыл-қозғалыс ойындары барысында төзімділік, жинақтылық, 

ептілік  сынды  қимыл  сапаларын  және  командаларды  тыңдап, 

дұрыс орындауға баулу арқылы зейін мен естерін дамыту.



сабақ өтілетін орын: спортзал.

спорттық  жабдықтар:  үнтаспа,  гимнастикалық  орындықтар, 

гимнастикалық таяқтар, төсеніштер, арқан, тартысқа арналған арқан.



сабақтың барысы: 

Қатарға тұру. Сабақтың міндеттерімен таныстыру.

Сапқа арналған жаттығулар: бір орында тұрып бұрылыстар жасау. 

Музыканың сүйемелдеуімен жүру. Баяу қарқынмен жүгіру. Шеңберге 

тұру.

Затсыз орындалатын жаттығулар. Музыканың сүйемелдеуімен би 



жаттығуларын орындау. 

Акробатика:  тоңқалаң  асу,  көпір,  екі  аяқты  тік  көтеріп, 

1.

жауырынмен тұру.



Көлбеу  қойылған  гимнастикалық  отырғыштың  үстімен  тізер леп, 

2.


жоғары көтеріліп, одан соң гимнастикалық қабырғаға ауысу.

Арқанды аяқпен қысып алған қалыпта өрмелеу, арқаннан ұстап 

3.

тұрып салбырау.



Гимнастикалық орындықтың үстімен адымдап жүру.

4.


«арқан тартыс» ойыны.

5.


«балаларда қатал тәртіп!» ойыны.

Сабақты қорытындылау.



27

26-сабақ

сабақтың міндеттері:

1.   Өрмелеуді үйрету. 

2.   Статикалық және динамикалық тепе-теңдіктерін дамыту. 

3.   Акробатикалық жаттығуларды үйретуді жалғастыру. 

4.   Гимнастикалық  жаттығуларды  бар  ынтасымен  және  қызығу-

шылықпен орындауға деген құлшыныстарын ояту. 



сабақ өтілетін орын: спортзал.

спорттық  жабдықтар:  үнтаспа,  гимнастикалық  орындықтар, 

бөрене, төсеніштер; арқандар.



сабақтың барысы: 

Сапқа тұру. Сабақтың міндеттерімен таныстыру. 

Сапқа арналған жаттығулар: бір орында тұрып бұрылыстар жасау, 

бір  орында  жүру.  Музыканың  сүйемелдеуімен  жүру.  Баяу  қарқынмен 

жүгіру.


34

сабақ өткізілгетін орын: спортзал, шаңғы трассасы.

спорттық  жабдықтар:  оқушылар  санына  қарай  шаңғылар, 

жалаулар, ысқырық.



сабақ барысы: 

Залда сапқа тұру. Сабақтың міндеттерімен таныстыру. Шаңғышы 

киімі, ақ киімі, қауіпсіздік техникасы ережелері, шаңғы жабдығы және 

оның күтімі туралы әңгіме жүргізіледі.

Шаңғымен қатарға, тізбекке тұру, бұрылу, жүру.

«Шаңғыны қой», «Шаңғыны ки», « Бір орында шаңғының өкшесін 

кезек көтере адымдап бұрыл», «Шаңғыны шеш», «Буып түй», «Қатарға 

тұр»,  «Тізбекке  тұр»  командаларын  орындау.  Сабақ  өтілетін  алаңға 

тізбекпен  бару.  Шаңғыны  кию.  Балаларға  шаңғымен  жүру  қимылын 

үйрету. Ысқырық белгісімен сырғанай адымдау тәрізді жүру түрлерін 

шаңғы жолында орындау. Мұғалімнің белгісі бойынша шаңғы жолынан 

шығып, шаңғыны шешіп, қардан тазалап, буып-түйіп, қолдарына алып, 

тізбекпен киім ауыстыратын бөлмеге бару, шаңғыны орнына қою. 

Сабақты қорытындылау. 



34-35-сабақТаР

сабақ міндеттері:

1.  Шаңғыны  кию,  тасу,  шаңғымен  сапқа  тұру  ептіліктерін 

қалыптастыру.

2.  Оқушыларға шаңғымен серпіліп және сырғанай адымдап жүруді 

және аяқты алма-кезек көтере адымдап бұрылуды үйрету.

3.  Жабдықтарды күтіп ұстауды үйрету.



35

сабақ өтілетін орын: шаңғы трассасы.

спорттық  жабдықтар:  оқушылардың  санына  қарай  шаңғылар, 

жалаулар, ысқырық.



сабақ барысы: 

Сабақтың  міндеттерімен  таныстыру.  Шаңғыны  алу.  Шаңғылар-

ымен тізбекке тұру. Шаңғы трассасына шығу.

Қатарға  тұру.  Шаңғыны  алдына  қойып,  бумадан  алу,  кию.  Бір 

орнында  тұрып  бұрылу.  Сырғанай  адымдауды  көрсету.  Шаңғымен 

500-600  м  қашықтықта  сырғанап  жүру.  Мұғалімнің  ысқырығының 

белгісімен шаңғы жолынан шығып, шаңғыны шешіп, қардан тазалап, 

буып-түю.  Тізбекпен  киім  ауыстыратын  бөлмеге  қайту.  Шаңғыларды 

орнына қою. Сабақты қорытындылау. 

36-сабақ

сабақ міндеттері:

Шаңғыны киіп-шешу дағдысын қалыптастыру.

1.

Сырғанай адымдап жүруді үйренуді жалғастыру.



2.

Жабдықтарды күтіп ұстауға баулу.

3.

сабақ өтілетін орын: шаңғы трассасы.

спорттық  жабдықтар:  оқушылардың  санына  қарай  шаңғылар, 

жалаулар, ысқырық.



сабақ барысы: 

Қатарда «Шаңғыны қой», «Шаңғыны бумадан ал», «Шаңғыны ки» 

командаларын орындау. 

Сырғанай  адымдау  арқылы  шаңғы  жолында  1  км  қашықтық қа 

дейін жүру. Екі аяқты (шаңғыны) ауыстырып басу арқылы  бұрылу. 


46

Орнында бір аяқпен секіру.

1. 

Екі аяқпен секіру.



2. 

Орнынан екі аяқпен ұзындыққа секіру.

3. 

Спорттық  қалашық:  мұғалімнің  белгісі  бойынша  жоғарыға, 



4. 

төменге өрмелеу.

«Доппен қуаласпақ» ойыны.

5. 


Қатар құрап сап түзеу. Сабақты қорытындылау.

53-сабақ

сабақтың міндеттері:

1.  Кішкентай  допты  лақтырып,  қайтадан  ұстап  алу  ептілігін 

жетілдіру.

2.  Секіру ептілігін жетілдіру.

3.  Ойын барысында белсенді қимыл-қозғалыстарды дамыту.

4.  Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.



спорттық  жабдық:  оқушылардың  саны  бойынша  доптар,  ыс-

қырық.


сабақтың барысы: 

Қатар құрап сапқа тұру, сабақтың міндеттерімен таныстыру. 

Сапқа арналған жаттығулар: орнында бұрылыстар жасау, орнында 

жүру, шеңбер жасап жүру.

Жүруді жүгірумен, жүгіруді жүрумен алмастыру (ысқырған белгі 

бойынша). 500 м-дей баяу қарқынмен жүгіру.

Шеңбер  жасап  тұрып,  доптармен  жалпы  дамыту  жаттығуларын 

орындау. 

Биіктіктен секіру (автомобиль доңғалағының тысынан).

1.


Автомобиль  доңғалағының  тыстарынан  (төменнен  жоғарыға) 

2.


секіру.

47

Гимнастикалық қабырғада өрмелеу, ұзақ асылып тұру.

3.

«Доппен қуаласпақ» ойыны.



4.

Қатар құрып сапқа тұру. Сабақты қорытындылау.



54-сабақ

сабақтың міндеттері:

1.  Секіру мен жүгіру ептіліктерін жетілдіру.

2.  Допты лақтыру мен ұстап алу ептіліктерін жетілдіру.

3.  Ойын барысында белсенді қимыл-қозғалыстарды дамыту.

4.  Мұғалімнің берген белгісіне жедел түрде әрекет ету дағдысын 

қалыптастыру. 



спортық жабдық: оқушылардың санына қарай доптар.

сабақтың барысы: 

Қатар құрап сапқа тұру, сабақтың міндеттерімен таныстыру. 

Сапқа  арналған  жаттығулар:  бытырай  жүріп  қатар  құрап  сапқа 

тұру. 


Жүру  мен  жүгіруді  кезектестіру.  600  м-дей  қашықтыққа  баяу 

қарқынмен жүгіру.

Бытырай шашыла жүріп, сапқа тұру. Кішкентай доптармен жалпы 

дамыту жаттығуларын орындау.



32

Гимнастикалық  орындықтың  үстімен  жылдамдықты  арттыра 

2.

және кеміте отырып жүріп өту.



Алдыңғы  сабақта  үйренген  акробатикалық  жаттығуларды 

3.


қайталау.

«секіргіш торғайлар» ойыны.

4.


Бөрененің соңынан, аласа серкеден секіру.

5.


Қатар сапқа тұру. Ойынды, сабақты қорытындылау.

32-сабақ

Екінші  тоқсанда  меңгерген  білім,  білік  және  дағдыларын  бекіту 

мақсатында оқушылардың өз қалаулары бойынша ойындар ойнатылып, 

жаттығулар орындатылады.  



33

III  тоқсанның бағдарлама мазмұнының  жоспар-кестесі

Оқу материалы 

33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50

Шаңғы дайындығы 

1.

Шаңғы, шаңғы таяқтары және 



спорттық  киім  және  шаңғы 

жаб дықтарын күтіп ұстауды іс 

жүзінде таныстыру 

х

2. Шаңғыны қолға ұстап қатарға 



тұру

х х х х х х х х х х х х

3. Шаңғыны қолға ұстап тізбекке 

тұру. 


х х х х х х х х х х х х

4. 


Шаңғыны тасу

х х х х х х х х х х х х

5.

Шаңғыны кию



х х х х х х х х х х х х

6. Бір орында шаңғының өкшесін 

кезек көтере адымдап бұрылу х х х х х х х х х х

7. Шаңғымен  жүру  және  сырға-

нау адыммен жылжу 

х х х х х х х х х

 –  таяқтарсыз

х х х х х

 –  таяқтармен

х х х х


8. Шаңғымен  1  км  қашықтыққа 

сырғанау


х х х х х х х х

9.  Шаңғымен  еркін  сырғанау 

және ойнау

х х


Ойындар 

1 Допты шеңберде, қатарда, тіз-

бекте бір-біріне беру. 

х

2



Допты бір-біріне домалату

х х


3

Допты лақтырып ұстап алу

х х х х

4

Жерге допты ұру 



х х х х

5

Допты бір-біріне лақтыру



х х х х

6

Допты тор арқылы лақтыру



х х

7

Доппен ойындар 



х х х х х х

Шаңғы дайындығы

33-сабақ

сабақ міндеттері:

1.  Оқушыларды шаңғы жабдықтарымен, шаңғышының киімімен, 

қауіпсіздік техника ережелерімен таныстыру.

2.  Шаңғымен сапқа тұруды, оны киіп шешуді үйрету.



3.  Құрал-жабдықтарды күтіп ұстауға баулу.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет