Сабақ «Не үшін өмір сүруді білетін адам, қалай өмір сүруді де әрқашан біледі»



Дата15.12.2022
өлшемі71 Kb.
#57501
түріСабақ

Өмірдің мәні «Өмірдің мәні» атты тренинг элементтері бар сабақ
«Не үшін өмір сүруді білетін адам, қалай өмір сүруді де әрқашан біледі» (Ф. Ницше)
Мақсаты: жеткіншекке өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуіне
Міндеттері: жеткіншектік жастың жалпы және жеке проблемаларын анықтау; оның ерекшеліктерін түсінуге, өз өмір тәжірибеңді басқа балалардың тәжірибесімен салыстыру; белсенді өмір позициясын қалыптастыруға, өзіндік рефлексияны дамытуға көмектесу.
Сабақ барысы
1. Сәлемдесу. Балаларға келесі сөйлемдерді аяқтау ұсынылады:
• «Мені… үшін жақсы көреді»
• «Мен... үшін өмір сүргім келеді»
2. Балалар санына байланысты 3 - 4 топқа бөлінеді де, оларға Д. Соколовтың «Мейірімді тағдыр туралы ертегінің» үзіндісі беріледі, оны аяқтау ұсынылады.
«Екі тоғай гүлдеп өсіп тұрады — екеуі де жас және әдемі. Кеш түскен сайын олар тағдыр туралы сыбдырлап сөйлеседі екен.
– Мен биік және үлкен болып өсемін, — деді біреуі. — Менің бұтақтарымда құстар өмір сүреді. Менің көлеңкемде бұғылар мен қояндар дем алады. Күннің ең алғашқы сәулелері мен таңғы лебін алғашқы болып мен көремін. Ұзақ уақыт өткеннен кейін балаларым жанымда өсіп мені қуантады. Олар сондай кішкентай және сондай әдемі!
– Жоқ, — деді басқасы, — өсу қиын. Қыста аяз соғады, жазда күйдірген күн. Күні бойы тамырларымды жұмыс істетіп, суды үстіге қарай айдатып, жапырақтарымды тамақтандыруым керек. Мен шаршадым. Жоқ, оданша мені адамдар келіп шауып алып, ұста әдемі бір зат ойып жасасын. Сонда мен жұмсақ жастық үстінде жатып дем алам...»
- Ал енді сендер осы ертегі немен аяқталды деп ойлайсыңдар? (қосымша 2)
Балалар өз варианттарын тауып, ертегіні аяқтайды. Олармен сыныптастарын таныстырады.
Талқылаудан кейін психолог ертегінің шынайы нұсқасымен таныстырылады.
«Сақалды адам келіп, екінші тоғайды шауып тастады. Оның жартысын отқа жағып, ал діңінен ұста шкатулка жасады. Ұзақ уақыт ол жұмсақ жастықта жатып, сырға, моншақтарды сақтады. Кейін ақырындап кеуіп, құлыбы да сынды. Оны балаларға беріп, балалар оны сындырып, ақырында лақтырып жіберді. Қысқа дейін оның сынықтары жерде жатты да, ал кейін – жел ғана біледі! Жел аралап ормандағы тоғайлардан сұрастырды, ал олардың бірі — алғашында бірінші тоғай болғаны, — құстардың ескі шкатулканың қалдықтарынан ұя салғанын айтып беріпті, сол кезде олар бірін - бірі танып, мейірімді тағдырға таң қалыпты».
Талқылауға арналған сұрақтар:
• Тағдырды өзгертуге болады ма?
• Тоғайдың тағдыры қандай? (өсу, тамақтану, гүлдеу)
• Адамның тағдыры қандай? (туу, даму, ұрпақ жалғастыру, өлім)
• Екінші тоғай өз тағдырын қалай өзгерткісі келді?
• Тоғайлар өз мақсаттарына жетті ме?
• Тағдырдан тілегенің жағымсыз нәтижелерге әкелуі мүмкін бе?
• Өмір мәнін кім анықтайды – тағдыр немесе адамның өзі ме?
• Адам не үшін өмір сүреді? Адам не үшін бұл өмірге келді?
• Сендер не үшін өмір сүріп жүрсіңдер?
3. «Афоризмдер» - топпен жұмыс
Алдын - ала дайындалып үрленген шарларда өмір мәніне, достыққа, махаббатқа байланысты афоризмдер жатыр (қосымша 1). Әр топ бір шардан таңдап, оны жарып, оларға түскен афоризммен жұмыс істейді: ватман бетіне бұл ақыл сөздің мағынасын бейнелейді. Барлық топтар тапсырманы орындап болған соң өз жұмыстарымен басқалары таныстырады. Жұмыс нәтижесін талқылайды.
4. «Алтын балық» жаттығуы
Балаларға келесі сұраққа жауап беру ұсынылады: «Сіздің өміріңіз қызықты бола түсуі үшін алтын балықтан не сұрар едіңіз?»
5. Психолог сыйы.
Сабақ соңында психолог оқушыларға кеңестері, афоризмдер және тілектері бар жадынамалар таратады.
6. Рефлексия
Қосымша 1
«Бақытты өмір жоқ, тек бақытты күндер бар»
«Өз - өзіңнің көңіліңді көтерудің ең дұрыс тәсілі – бұл басқаның көңілін көтеру»
«Жүруге талпынысы және тілегі бар адаммен тағдыр бірге жүреді, ал талпынысы жоқты - сүйрейді»
«Өмір – бұл өмір сүру ғана емес, өмір – бұл өмір сүріп жатқаныңды сезіну»
Қосымша 2
Екі тоғай гүлдеп өсіп тұрады — екеуі де жас және әдемі. Кеш түскен сайын олар тағдыр туралы сыбдырлап сөйлеседі екен.
– Мен биік және үлкен болып өсемін, — деді біреуі. — Менің бұтақтарымда құстар өмір сүреді. Менің көлеңкемде бұғылар мен қояндар дем алады. Күннің ең алғашқы сәулелері мен таңғы лебін алғашқы болып мен көремін. Ұзақ уақыт өткеннен кейін балаларым жанымда өсіп мені қуантады. Олар сондай кішкентай және сондай әдемі!
– Жоқ, — деді басқасы, — өсу қиын. Қыста аяз соғады, жазда күн күйдіреді. Күні бойы тамырларымды жұмыс істетіп, суды үстіге қарай айдатып, жапырақтарымды тамақтандыруым керек. Мен шаршадым. Жоқ, оданда мені адамдар келіп шауып алып, ұста әдемі бір зат ойып жасасын. Сонда мен жұмсақ жастық үстінде жатып дем алам...
Ал, сендер осы ертегі немен аяқталды деп ойлайсыңдар?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет