Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)



бет1/2
Дата15.02.2023
өлшемі478,62 Kb.
#68140
түріСабақ
  1   2

САБАҚ:
Карбон қышқылдары, қаныққан бірнегізді карбон қышқылдарының молекуласы мен карбоксил тобының құрылысы, карбон қышқылдарының жіктелуі, жалпы формуласы, изомерленуі мен номенклатурасы, карбон қышқылдарының табиғатта таралуы.

Мектеп: «№44 ЖОББМ» КММ

Күні: 01.02.2019

Мұғалімнің есімі: Саманова Жанар Муратовна

СЫНЫП: 11 «А» сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)

Берілген тақырыбының құрылымын игеріп, тапсырмаларды орындауда негізгі деректерді қолдана отырып топпенжұмыс істеуге дағдыландыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Карбон қышқылдары, қаныққан бірнегізді карбон қышқылдары





Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі, физика

Алдыңғы тақырып

Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар

Жоспарланған
уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар,
ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут



Топқа бөлу 2 минут



Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Көрші»
Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық:
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі тренинг барысы,
Біз үлкен отбасы.

Жіпте жайылған фотосреттерді алып, түріне сай топтарға бөлінеді.


(Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)

Ортасы 20 минут

Білу және түсіну 10 минут
“Химиялық диктант”
1.Құрамына көміртек,сутек және ... кіретін органикалық қосылыстар ... деп аталады.
2.Оттекті органикалық қосылыстар ... , ... және ... кластардан тұрады.
3.Спирттердің құрамында ... тобы- ... болады.
4.Спирттердің жалпы формуласы ...
5.Халықаралық номенклатура бойынша спирттерді атағанда сәйкес көмірсутектердің атына ... жұрнағы жалғанады.
6.Радикал табиғатына байланысты альдегидтер ... , ... , ... болып бөлінеді
.7.Альдегидтердің жалпы формуласы ...
8. Халықаралық номенклатура бойынша альдегидтерді атағанда сәйкес көмірсутектердің атына ... жұрнағы жалғанады.
9.Альдегид атауы “ ... “ деген сөзден шыққан.
10.Альдегидтер тотығып ... айналады


.Қолдану 8 минут Постер жасату.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет