Сабақ негізделген оқу мақсаттары



бет4/6
Дата25.04.2022
өлшемі417.26 Kb.
#32228
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
«Қар кесегі» әдісі

(Қозғалуға және араласуға ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе оқушылар парталардың айналасына топтар құрып, тиісінше орындықтарды қозғалта алады.

Жаттығудың сипаттамасы:

Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұп ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт,бес,алты жауап бір жауап болып біріктіріледі.)



Ортақ сүрақтар:

1. Вегетативті көбею түрлерін сипаттаңдар.

2. Вегетативті көбею қашан және қалай пайда болғанын, оның генетикалық ерекшеліктерін түсіндіріңдер.

Оқулық.


«Қар кесегі» әдісі.

Ортасы

10 минут




Қолдану

Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстан, тіпті Сібір мен Қиыр Шығыста өсетін алманың кейбір сұрыптарын осылай алған. Телуді жабайы сұрыпқа дәмдік са- пасы жақсы мәдени сұрыпты теліп, дәмдік сапасы жақсы төзімді өсімдік алуға болады. Телуді екі әдіспен: қалемше және көзше арқылы жүзеге асырады (125-сурет). Қалемше арқылы телуде бір өсімдіктен кесіп алынған бұтақ – телінуші тұтас өсімдік (телітуші) сабағының кесіндісіне телінеді.Оны қабық пен сүрек арасында, камбий сақинасы деңгейіне орнатады.

«Көзше» арқылы телу кезінде бүршігі бар бұтаның сопақтау кішкентай бөлігін кесіп алады. Бүршік «көзше» деп аталады. Телітуші қабығында Т-тәрізді тілік кесіп, оған телінушіні қойып, тығыз опал қояды. Осы жағдайда камбий жасушасы көбейе бастағанда, телінуші мен телітушіні – екі өсімдік ағзасының бөлігін біріктіреді. Алынған буданда өсімдіктің әртүрлі бұтақтарында әртүрлі хромосомалар болады. Мұндай ағза ішінде әртүрлі сұрып немесе түр өзара әрекеттеседі. Кейде мұндай үйлесім күтілмеген дәмдік сапа тудырады.

Қазіргі кезде биотехнология әдісі – өсімдікті ұлпасы арқылы көбейту қолданылады. Ол үшін өсімдіктің түзуші ұлпа жасушасы алынады. Мысалы, бүршік ұшын алып, оларды қоректік ортаға (стерильді жағдайда) салады. Жасушаның бірнеше ұрпағы көбейеді. Олар негізгі ұлпа жасушасына ұқсас болады, каллус деп аталады. Каллус телу кезінде камбийден түзіледі. Ол телінуші мен телітушіні біріктіреді. Каллустау қажет мөлшерін алған соң, оны арнайы ерітіндімен – өсімдік гормондарымен өңдейді. Сонда жасушаның осы біркелкі массасында кішкентай жас өсімдіктер (кейде жеке бүршік немесе қосалқы тамырлар) түзіле бастайды. Осылай жасушада вирустық бөлшектері жоқ өсімдіктің жаңа сұрыптарын алуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет