Сабақ нөмірі №3-сабақ Тарау немесе бөлім атауы: Француз буржуазиялық революциясының көрінісі



бет1/3
Дата12.12.2022
өлшемі1,04 Mb.
#56772
түріСабақ
  1   2   3

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:




Пән/Сынып:

Дүниежүзі тарихы, 7 сынып

Сабақ нөмірі

№ 3-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Француз буржуазиялық революциясының көрінісі

Сабақтың тақырыбы:

Наполеон империясы қалай құрылды және оның құлдырау себептері неде болды?



Оқу мақсаты:

7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;
7.3.2.4 империалистік соғыстардың әлемдік саясаттың өзгеруіне ықпалын бағалау (Наполеон соғыстары мысалында);
7.2.3.2 Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау

Бағалау критерийі:

  • Француз жаулаушылық соғыстарының барысын сипаттау;

  • Франция соғыстарының Италия мен Германияға тигізген ықпалын анықтау;

  • Наполеон кодекстерін талдау;

  • Наполеон соғыстарын сипаттайтын өнер туындыларын сипаттау.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

Тақырып, мақсаттармен таныстыру

Не меңгеретінін білу үшін




Презентация № 1-2 бет

4 минут
10 минут

Жаңа сабақ

  1. Тақырыпқа шығу мақсатында сурет көрсетіледі және оқушыларға жетелеуші сұрақ қойылады:



  • Наполеон туралы не білесіздер?

2. Жаңа сабақты бейнефильм арқылы түсіндіру.


3. Оқулық, 60-67 беттерді оқу

Жаңа тақырыпты меңгеру




Презентация № 3 бет

Презентация № 4-11 бб.



5 минут

Бекіту тапсырмалары

1-тапсырма:

18 брюмер төңкерісі дегеніміз не? Оның нәтижесі қандай?




2-тапсырма:

Наполеон Бонапарттың Франция экономикасында шығарған заңнамалық құжаттары қандай?




3-тапсырма:
Наполеон соғыстарына қарсы коалициялық одаққа біріккен елдер?

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

Бағалау критерийі:
1- тапсырма
1) 18 брюмер төңкерісіне анықтама береді.
2) 18 брюмер төңкерісінің нәтижесін сипаттайды.
2- тапсырма
1) Наполеонның кодекстерін атайды;
3-тапсырма:
1) Францияға қарсы біріккен мемлекеттерді атайды.

Презентация № 12-17 бб.







1795 жылдан бастап Франция Республикасы анти-француз коалициясына қарсы соғыстарда жеңіске жетті. Соғыс бастапқыда Францияны азат ету мақсатында басталғанмен, біртіндеп басқыншылық соғысына айналды. 1796 – 1797 жж. Италия мен Австрияға жасалған әскери жорықтар жас генерал Наполеон Бонапарттың даңқын шығарды. Францияның Еуропа мен Таяу Шығыстағы экспансиясы 1798 жылы екінші коалицияның құрылуына әкелді.
1799 жылғы әскери жеңіліс салдарынан француздар Италиядан кетіп, Директория тәртібі құлдырай бастады. 1799 жылы 9 қарашада (18 брюмер) Францияда мемлекеттік төңкеріс болып, нәтижесінде директория тәртібі біржола жойылып, билік үш консулға өтті.
18-ші брюмер төңкерісі контрреволюцияның түпкілікті жеңісі болды. 1804 жылы Францияда Бірінші империя құрылып, жаңа Конституция қабылданды. Осы Конституцияға сәйкес, Наполеон «француз императоры» болып жарияланды.
Наполеонның билігі тұсында бірқатар әкімшілік және құқықтық жаңашылдықтар енгізілді. Құзыреттілігі Францияның бүкіл аумағына жарайтын «Наполеон Кодексі» деп аталатын бірыңғай заңдар жинағы қабылданды. Наполеонның сыртқы саясаты буржуазияның мүддесіне сай келді. Наполеон соғысы кезінде (1791 – 1815 жж.) Францияға қарсы 7 коалиция құрылды. 1792 жылғы бірінші коалиция революциялық Францияға қарсы құрылды. Коалицияларда басты рөлді Англия, Ресей, Австрия және Пруссия атқарды
Францияда заманына сай жетік әскери жүйе болды. 1805 жылы қазан айында Трафальгар шайқасы өтті. Бұл шайқаста вице-адмирал Нельсон басқарған ағылшын флоты француз-испан флотын талқандады. Алайда осы жылдың желтоқсан айында Аустерлиц түбінде («үш императордың шайқасы») француздар Австрия мен Ресей империяларының біріккен әскерін жеңіп шықты. Горацио Нельсон (1758 – 1805 жж.) 1806 жылы Наполеон Рейн одағын құрды. Бұл одақтың құрылуына Пруссия қарсы шығып, Францияға соғыс ашып, алайда жеңіліп қалды. 1807 жылы І Александр мен Наполеон Тильзит келісімін жасады. Соған сәйкес, Ресей француздардың барлық жаулап алған жерлерін мойындады. Наполеон соғыстарының бастапқы кезеңінде француз әскерлерінің шабуылына ұшыраған халықтың көпшілігі оларға азат етуші ретінде қарады. Басып алған аумақтарда француздар сословиелік артықшылықтар мен абсолютизмді жоюға бағытталған реформалар жүргізді. Алайда Наполеон соғыстары Еуропа халықтарының тағдырына біркелкі әсер еткен жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет