Сабақ өтетін дәрісхана, зертхана


Дәріс 25-27. Қарапайым ДТ-лер үшін қойылған Коши есебін шешуге



бет15/42
Дата27.04.2022
өлшемі1.21 Mb.
#32503
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
Дәріс 25-27. Қарапайым ДТ-лер үшін қойылған Коши есебін шешуге

MathCad, Maple жүйелерін қолдану

Дәріс28-30. ЖОО-да математикалық пәндерді оқытуда мультимедия

жабдығы мен электрондық оқулықтарды қолдану
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асырудың тиімді жолдары Елбасының «бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында айқындалған. Адамның жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылым-техникалық және әлеуметтік мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан туындайды. Математиканы оқыту жүйесі болашақ мұғалімдерді оқыту мен тәрбиелеудің жалпы теориясын математиканың көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Математиканы оқытудың негізгі міндеті – қазіргі қоғамның әрбір мүшесінің күнделікті тынысы мен еңбек әрекетіне қажетті білімін одан әрі жалғастыруға жеткілікті математикалық білім мен біліктілікті жүйелі түрде тиянақты әрі саналы меңгеруін қамтамасыз ету болып табылады. Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, әдістемелік зерттеулерді, есеп шығарудың және оларды түсіндірудің жолдарын жоғары мектеп қабырғасында игеруі тиіс. Жастарды оқытуға, оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да сондықтан. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты - өзгермелі білім жағдайына тез бейімделетін өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлғаны даярлау. Қазіргі жоғарғы оқу орындары ғылым жетістіктері мен адам қызметінің әртүрлі салаларының сұраныстарына сәйкес ертеңгі күннің қажеттіліктеріне сай бола отырып, оқу орындарын бітіруші түлектің алдағы өміріне қажетті білімінің берік іргетасын қалауы керек. Сондықтан, білімдер мен икемділіктер білім жүйесін құруға арналуы тиіс. Жалпы, білім жүйесінде ақпараттық технологиялардың тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін ғана емес, мазмұнын да өзгерте бастады. Математика саласында математикалық әдістерді ұйретуде математикалық ойлаумен қатар математикалық білім беру мазмұнын жаңарту мен оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық білім беру сапасын жолға қоюмыз қажет деп ойлаймын. Осы орайда әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің  деңгейінде  білім беруді толықтай ақпараттандыру маңызды орын алады.

XXI ғасырда  білім беру саласында  компьютерлік технологияны, интернет, компьютерлік желі,  электрондық  және телекоммуникациялық  құралдарды, электрондық оқулықтарды, мультимедианы, проекторларды  оқу үрдісінде  тиімді пайдалану    білім сапасын  көтеруге ықпал етеді.

XXI ғасыр  ақпарат  ғасыры  болғандықтан  адамзатқа  компьютерлік  сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектепте басталып, жоғарғы оқу орындарында жалғасын табатыны сөзсіз. Жоғарғы оқу орындарында  теориялық біліммен қатар практикалық білімнің  алғышарттарын меңгеру қажет. Ал теориялық білімді практикамен  ұштастыру  үшін компьютердің  қажет  екендігі  даусыз. Түрлі елдерде болып жатқан жаңалықтармен танысуда, ақпараттар ағымынан  қалыспауда  интернет, электронды пошта құралдарын пайдалануға болатыны белгілі. Сондықтан білім беруді  ақпараттандырудың тағы  бір басты  бағыттарының  бірі - студенттердің  интернет желісінде жұмыс істей  білуіне жағдай жасау. Интернет желісінде  жұмыс істеу оқушыларға әлемдік жаңалықтардан хабардар болып, білімін тереңдетуіне септігін  тигізеді. Заман ағымына сай  күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғылары  мен теледидарларды, компьютерлерді  қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта  электрондық оқулықтарды пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін  арттырып қана қоймай,  логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,  шығармашылықпен жұмыс істей білуіне  жағдай жасайды. Дәстүрлі  оқулықты  оның  электрондық нұсқасына  оңай айналдыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі – оны компьютер жадында  сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік  желілер  арқылы  тарату  болып табылады.

Оқу-тәрбие процесінде  ақпараттық технологияны пайдалану  оқытушылар мен студенттердің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ендеше ақпараттық технологияларды  үйлесімді пайдалану  қазіргі кезеңде  өзекті мәселеге айналып отырғаны даусыз.

Математикадан сабақ  беру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Пән ерекшелігіне қарай матаматика курсын толығымен компьютерлік негізде ауыстыруға болмайды. Мысалы, аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылық ойлау қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілдермен жүргізілуі тиіс. Тек кейбір тақырыптар мен тарауларды оқып үйренуді ғана компьютерлік технологияға жүктеу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет