Сабақ Пікірталас 1 Пікірталас және оны ұйымдастыру жолдары



Дата30.03.2023
өлшемі23,5 Kb.
#77479
түріСабақ
Байланысты:
Конструк (копия)


11-12 Практикалық сабақ Пікірталас
1.1 Пікірталас және оны ұйымдастыру жолдары
1.2 Пікірталастың ережелері. Пікірталаста назар аударатын маңызды мәселелер
1.3 Пікірталас тәсілдері. Диспут формасындағы пікірталас
1.4 Пікірталас түрлері: дөңгелек үстел, ток шоу, форум, симпозиум, срапшылар топтарының отырысы, сот отырысы, пікірталас-диалог, фишпул, мылқау пікірталас


Айкоо

ЮПікірталас – оқушылардың сыныпта немесе шағын топ ішінде нақты бір мәселелер мен құбылыстарға немесе оқиғаларға қатысты жеке пікірін білдіруі және басқалардың пікірін тыңдау, оған қатысты өз пікірін айтуы. Пікірталас кезінде өз ойын дұрыс жеткізе алуға қалыптасу үшін пікірталас мәдениетін меңгеру маңызды рөл атқарады. Пікірталас мәдениетіндегі ең бастысы аудиторияға ой тастау. Ал көпшілік ойын әрқашан бір арнаға тоғыстыра бермейді. Ойды ой қозғайды, жаңа пікір тудырады немесе жаңа пікірдің ашылуына жағдай жасайды, не қарсы көзқарас пайда болады. Пікірталас кезінде қойылатын сұрақтың мазмұнына қарап, оны екіге бөлуге болады: түсіндірме сұрақтар; қосымша сұрақтар. Сұраққа берілген жауапқа әрқашан да барлығыбірден келісіп, мойынсұна бермеуі де мүмкін, осыдан пікірталас пайда болады.


Пікірталас – түрлі көзқарас, ой-пікірлерді қатар қою, салыстыру, салғастыру арқылы өзінің көзқарас, ой-пікірін дәлелдеу.
Пікірталасты мынадай түрлерге бөлуге болады: пікір алмасу, ойталасы, пікірсайыс, ой бөлісу, айтыс, т.б.
Пікірталас жастарды көшбасшылыққа баулудың бір құралы да болып табылады. «Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі - қолбасшылық, екіншісі - шешендік» - деп ертеректе Цицерон айтқан. Кез келген құбылыс немесе оқиғаға қатысты өз пікіріңді жеткізу – жеке тұлға ретіндегі беделіңді арттырады. 
Пікірталас үлгісі
1. Мұғалім сабақта қарастырылып жатқан тақырып бойынша кемінде 2 шешімі бар мәселені оқушыларға жариялайды.
2. Оқушылар төрт адамнан тұратын шағын топтарға бөлінеді.
3. Топ ішінде оқушылар қарама-қарсы көзқарастар бойынша екі-екіден бөлініп жұптаса отырып, өз позициясын қорғауға дайындалады (бұл жерде оқушылар жұптарға өз қалауы бойынша немесе мұғалім нұсқауымен бөлінеді).
4. Жұптар уақытша бұзылып, оқушылар аудитория ішінде өз жақтастарын тауып, басқа жұптар құрып, өз дәлелдерімен бөліседі,оларды толықтырады.
5. Оқушылар алғашқы жұптарына қайта оралып, басқа оқушылардан естіген дәлелдерін ортаға салып талқылайды, алдағы пікірталасқа дайындалады.
6. Жұптар топ ішінде кезекпен екінші жұпқа өз позициясын жеткізеді. Қарсы жақ мұхият тыңдап, туындаған ойларын қағазға жазып отырады.
7. Екі жұп бір-біріне сұрақтар қойып, жауап беріп өз ұстанымдарын жақтап, пікірталасқа кіріседі.
8. Пікірталас тоқтатылып, екі жақ келісім мен мәмілеге келетіндей ортақ шешімді іздестіреді. Мұнда әр жақтан ұтымды дәлелдер ескеріледі.
9. Оқушылар пікірталаста туындаған өз ойларын, ұстанымдарын қағазға түсіріп, есеп береді, бағалау жасайды.
Пікірталастар жүргізуге арналған жаттығулардың уақыт шеңбері, жұптық әңгіме, стоп-кадр, еркін талқылау, Джигсо, сұрақтар шеңбері, 3 қадамдық сұқбат т.б. түрлері бар.


Ару
Дебаттар Көне Мысырдан бастама алады. Афинада азаматтар заңдардың артықшылықтары мен кемшілктері жайлы дауласатын; оқушылар проблемаларды талдай отырып, пікірталас шеберлігін иегерді. Орта ғасырларда Еуропада білім беру саласында шешендік өнер мен дебаттар курстары енгізілді. АҚШ тарихына қарасақ, дебаттар университеттер құрылғаннан бері оқу барысында қолданылып келеді. 1960 жылы президенттік сайлау кезінде Джон Кеннеди мен Ричардом Никсон арасындағы дебат көпшіліктің назарын өзіне тартып, пікірталасты жандандырды. Қазіргі кезде дебаттар әлемнің барлық мектептері мен университеттерінде өтеді
П і к і р т а л а с т ү р л е р і Пікір алмасу, Ойталқы, Пікірсайыс, Ойбөліс Айтыс Сөзталас 
Пікір алмасу - латын сөзі, беретін мағынасы “зерттеу”, “талқылау”, “талдау”. Пікір алмасу көпшілік арасында өтеді. Мақсаты - әртүрлі қозғалыстарды салыстыра зерттей отырып шындық пікірді көрсету, талас мәселенің шешімін іздеп табу. Пікір алмасу - дұрыстыққа көз жеткізудің ең тиімді тәсілі, өйткені қатысқандар көзі жеткендіктен де бір пікірге өздері келеді
Ойталқы сөзі де латын тілінен алынған, мағынасы - “ой жүгірту”, “жарыссөз”, “айтыс”. Ойталқы - ғылыми және қоғамдық мәні бар тақырыптардың төңірегінде көпшілік арасында өтетін сөз жарысы. Мұнда да сөз жарысына қатысқандар белгілі бір пікірге тоқталады.
Пікірсайыстың табиғаты өзгешелеу. Оны бұл сөздің шығу төркіні де айқындайды. Пікірсайыс - көне гректің сөзі, мағынасы - “соғысқұмар”, “жаулық”, “дұшпандық”. Әрине, бүгінгі мағынасы басқаша: бірдеңені талқылау мақсатында жиналыстарда, баспасөз беттерінде орын алатын сайыс. Бұл - жай ғана сайыс емес, көзқарасқа қарсы тұрушылық, идеядағы бітіспестік, пікірдегі қарсылық.ікірсайыстың мақсаты басқа: қарсы жақты жеңіп шығу, өз пікірінде қалып, соны бекіту.Пікірсайыс бұлтартпас дәлелдерге, ғылыми аргументтерге жүгінеді.
Ойбөліс - француз сөзі, мағынасы - “айтыс”, “жарыссөз”. Ойбөліс - көпшілік алдында екі адамның не екі топтың ой-пікірлерін ортаға салуы. Ойбөлісте пікір қарама- қарсылығы болғанмен, түсіністікке негізделеді.
. Сөзталас - орыс сөзі (прения), мағынасы - бірдеңені, қандай да бір мәселені көпшілік арасында талқылау. Сөзталас, ойбөліс сияқты баяндамаларды талқылағанда, хабарламалар жасағанда, жиналыстар мен конференцияларда орын алады.
Айтыс - қазақтың сөзі. Мағынасы - екі адамның, екі топтың арасында суырыпсалма өлеңмен кезектесе айтылатын сөз жарысы, өнер сайысы
Нурс

Пікірталаста назар аударатын маңызды мәселелер 


1. Тақырып 


Пікірталаста қарастырылатын тақырып (мәселе) әлеуметтік маңызы бар өзекті проблема болуы тиіс. Бұл мәселе қатысушыларға белгілі бір дәрежеде таныс болып, олардың қызығушылығын тудырып, мүдделеріне сәйкес келуі керек. Бұдан басқа жағдайда студенттердің бұл мәселе бойынша қызу талқы мен талас жүргізуі екіталай. 
Тақырып бинарлы сұрақ түрінде келтірілуі керек. «Бинарлы сұрақ» дегеніміз бір-біріне қарама-қарсы екі жауап беруге болатындай сұрақ. 
2. Сұрақтар 
Пікірталаста талқылау үшін алдын-ала сұрақтарды дайындап алған дұрыс, өйткені пікірталастың қалайша өрбитіндігі көп жағдайда осыған байланысты болады. Сұрақтар пікірталасты дамытуға бағытталуы керек, сол себепті де оларда даулы тұжырымдар, кеңінен тараған түсініктерге сәйкес келмейтін ұйғарымдар болуы керек. Сол арқылы пікірталас жанданады, қатысушылар сыни тұрғыдан ойлауды үдете түседі, пікірталасқа қатысушылар санын да осылайша өсіруге болады. 
3. Пікірталастың жоспары 
Пікірталас жоспары (сценарийі) алдын-ала дайындалады. Онда талқылауға ұсынылған сұрақтар келтіріліп, пікірталасқа қатысушылардың мақсаттары, қандай техникалық (слайдтар, диафильмдер) және көрнекі құралдар (плакаттар, диаграммалар) қолданатындығы көрсетіледі. 
Сценарийде пікірталасты үш кезеңде жоспарлаған орынды: 
1) Берілген сұрақты талқылау, өзіндік позицияны таңдап алу және айқындау. 
Сценарий әдетте жүргізушінің (оқытушы немесе студент) алғы сөзімен басталады. Мұнда ол тақырыптың таңдалуын негіздеп, оның өзектілігіне, пікірталаста қатысушылардың мақсаттарына тоқталады, пікірталас ережелерін қатысушылардың есіне салады. Осыдан кейін пікірталастың сұрағы тақтаға жазылады да, қатысушылар алдымен жеке, содан кейін жұппен немесе шағын топ ішінде ой қозғап, өз пікірлерін ортаға салады. Бұл кезеңде қатысушылар позиция таңдап, оны негіздеп алуы керек. 
2) Пікір таластыру. 
Қатысушылар көзқарастары бойынша екі немесе одан да көп топтарға бөлінеді. Топтар өз дәлелдерін айқындап, спикерлерді таңдап, қарсы жаққа қойылатын сұрақтарды қарастырады. Пікірталас келесідей тәртіппен жүргізіледі: 
- Әр топтан спикер сөз сөйлейді. 
- Оған басқа топтардан сұрақтар қойылады. 
- Жауап берілгенде, пікірталасқа топтың басқа да мүшелері қатысады. 
3) Ой-толғаныс. 
Пікірталас аяқталғаннан кейін студенттер өз ойларын ортаға салып, талқылауы керек. Содан кейін оларды жазбаша келтіріп, оқытушыға өткізеді. 

Оқытушы пікірталастың келесідей ережелерін қадағалауды талап етуі керек:


1. Пікірталаста тұлғаның жеке қасиеттері сыналмай, тек пікірлер, көзқарастар мен пайымдаулар ғана сыналуы тиіс.
2. Пікірталаста басты мақсат жеңу емес – ақиқатқа жету.
3. Басты этикалық ереже: басқа пікірлермен келіспеуге болады, алайда оларды сыйлау керек.
4. Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлуге болмайды.
5. Басқа пікірлермен келіспеушілік болған жағдайда, оларға жалаң түрде баға бергеннен гөрі («Бұл дұрыс емес!», «Бұл қате ұстаным!», «Мен мұнымен келісе алмаймын!», «Біздің пікір ғана дұрыс!» деген тәрізді), олардың мағынасы мен мазмұнын айқындайтын сұрақтар қойған орынды.
6. Пікірталаста икемділік пен бейімшілдіктің жоғарғы дәрежесін көрсеткендер (яғни өз пікірлерін басқалардың позитивті де жағымды ықпалы арқасында өзгерте алатындар) жеңіске жетеді. 
7. Ақиқатқа жету жолы біреу емес және олардың барлығы да тең дәрежелі.
Пікірталас тәсілдері 
Пікірталастар жүргізуге арналған жаттығулардың уақыт шеңбері, жұптық әңгіме, стоп-кадр, еркін талқылау, Джигсо, сұрақтар шеңбері, 3 қадамдық сұқбат т.б. түрлері бар.

«Торлы талқылау» немесе Қайшыланған пікірталас


1) Екі жақты шешімі бар проблеманы келтіргеннен кейін, оқытушы студенттердің осы мәселе төңірегіндегі өз ойларын қағазға түсіріп алып, өз көзқарасын айқындауын сұрауы керек.
Бұл жерде студенттер «Т-кестесін» қолданғаны орынды. Олар оқытушы ұсынған проблема (немесе сұрақты) жазып алғаннан кейін дәптерін екіге бөліп, сол жақ бағанға бірінші көзқарасты жақтайтын, ал оң жақтағы бағанға екінші көзқарасты негіздейтін дәлелдерді келтіреді. Осыдан кейін олар өздерінің қай позицияны жақтайтындығын кестенің астына жазып қояды
Диспут
1
(лат.disputare-пайымдау пікірталасы)- ғылыми, әдеби
әлеуметтік т.б тақырыптар бойынша көпшілік
алдында жария түрде өтетін пікірталас,белгілі бір
мәселені талқылаудың ұтымды жолы.Оқу –
әдістемелік тұрғыдан жастардың дүниетанымын
қалыптастыруға септігін тигізеді.Диспут жоғары
,орта, арнаулы оқу орындарында әдістемелік тәсіл
ретінде қолданылады.


7.
Дөңгелек үстел
2
4-6 оқушылар топтары талқыланып жатқан мәселе
бойынша өз ойларын ортаға салады.Мұнда олар
кезекпен де, кез келген тәртіппен де (таңдап алған
ережелері бойынша)сөйлеуі ықтимал.Пікірталасқа
берілген уақыт аяқталған соң(әдетте 4-10
минут),оқушылар талқылаудың нәтижелерін
тиянақтап,ортақ қорытынды шешім қабылдайды,өз
ойларын 6 минут ішінде қағазға
түсіреді(бағалау).Сыныпта бірнеше топ(оқушылар
санына байланысты)бір мезгілде дөңгелек үстел
шеңберінде пікірталас жүргізуі мүмкін.


8.
Ток-шоу
3
Теледидарда жиі жүргізілетін пікірталастар желісі
бойынша ұйымдастырылады.Пікірталастың бұл түрі
талқыланатын проблема бүкіл сынып үшін қызықты және
өзекті болған жағдайда тиімді болады.
Бұл үшін-оқушы бүкіл сыныптың алдына
шығып,ұсынылған проблема бойынша өз ойларын жария
қылады.Жүргізуші олардың пікірлерінің қарама-қарсы
жақтарына назар аударып, көзқарастарыдың
қақтығысуына жол береді.Қалған оқушылар тек
тыңдайды,олардың талқыға қатысуға құқығы болмайды.
Пікірталас соңында жүргізуші талқыны
қорытындылап,ортақ шешім табуға тырысады.Барлық
оқушылар өз ойларын жазбаша келтіріп,жұмыстарын бірбіріне оқып береді.


9.
Форум
4
Пікірталастың бұл түрі “Ток-шоуға ”ұқсас .Мұнда тек
қалған сынып оқушылары талқыға түсе алады:өз
орындарынан сұрақ қойып,өз пікірлерін берілген мерзімде
қысқа түрде баяндайды(мәселен,олардың сөйлеуі 30 секунд
немесе 1 минуттан аспауы керек).Осы арқылы сынып
пікірталасқа қатыса алады.
Симпозиум
5
Оқушылар берілген тақырып бойынша өз баяндамаларын
топ алдында оқып,тыңдаушылардың сұрақтарына жауап
береді.Жүргізуші назарын пікірлердің қақтығысуы мен
қарама-қайшылықтрныа аударып,пікірталас
ұйымдастырады.Сыныптың пікірі екі жақты болып ,әртүрлі
көзқарастар келтірілгендігі орынды.Пікірталас
баяндамашының ұстанған көзқарасы төңірегінде
ұйымдастырылады.


10.
“Фишпул”
6
Қатысушылар екі шеңберге бөлініп отырады.Ішкі
шеңберге пікірталасқа қатынасатын оқушылар отырады
да, қалғандары сыртқы шеңберге жайғасады-олар
пікірталасқа қатыспайды.Ішкі шеңбердегі оқушылар саны
6 болуы керек,олардың төртеуінің пікірталасқа
қатынасатындығы алдын- ала жарияланған және олар
пікірталастың аяғына дейін болады, қалған екі орын
бос.Бұл орындарға пікірталасқа қатынасам деген сыртқы
шеңбердің кез келген оқушысы отыра алады.Сыртқы
шеңбердегі оқушылар сарапшылар рөлін орындап,
пікірталасқа баға береді.
.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет