Сабақ реті мұғалім: Даутбаева Л. Е.№26 жббм алатау ауданы Қатысқаны



Дата04.02.2022
өлшемі281,84 Kb.
#24851
түріСабақ

Тексерілді : о.і.м.

күні

пәні:қазақ әдебиеті

Сыныбы: 10

сабақ реті

мұғалім: Даутбаева Л.Е.№26 ЖББМ Алатау ауданы

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы: Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен өскен ортасы


Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқу мақсаты

Біржан салдың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау арқылы ақынның жеке тұлғасын таныту, ақын шығармашылығына қызығушылықты ояту;

Оқушылардың жаңа сабақты меңгерудегі ізденіс үстінде талдау, түсіне оқу, тақырыпты қорыта алу, пікір білдіру дағдыларын қалыптастыру,рухани танымдарын кеңейту;

Туған халқының талантты ақыны Біржан салға, әдебиетке, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.


Құндылықтарды игеру

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

*Отбасы мүшелеріне, ұлттық құндылықтарға деген құрмет.



Сабақтың мақсаты


Оқылған мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

Ақын бейнесін ашады, портреттік мінездемелерін салыстырады.

Диалогке қатыса алады, баға бере алады, өмірмен байланыстыра біледі.


Күтілетін нәтиже

Мәтін сюжеті бойынша мазмұндай алады. Ақын кейіпкерге мінездеме береді.

Әдебиетке, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімі оянады

Тілдік мақсаттар

Мәтінде кездесетін кейбір сөздер мне тұрақты тіркестердің мағынасын ашу.

Пәнаралық байланыс

Өзің-өзі тану, музыка пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.

С а б а қ т ы ң б а р ы с ы

Кезеңдер/уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Құрал-жабдық

ресурс

бағалау

Алдыңғы оқу

немесе

бастапқы білім

(2-3 минут)

«Қыз қуу» ойыны

Ақын-композиторлар шығармашылығы бойынша

ұл бала бір қызды таңдап, сұрақ қояды немесе керісінше

Вербалды бағалау (мадақтау сөздері)



Сабақ

тың басы

7-10 мин.
Білу/түсіну.


«Қонақ кәде» салты

Оқулықпен жұмыс.316-320-бет
Жеке жұмыс:

1. Біржанның өмірі мен өскен ортасы жайлы.

2. Біржан мен Абай.Біржан мен Сара.

3. Өмірінің соңы.

Ok.ru 07.03.18 «Біржан сал» фильмі. 2009 жыл.

1-үзінді 9 минутынан. (Біржанның өмірі мен өскен ортасы жайлы )

2-үзінді фильмнің алғашқы минутынан

3-үзінді 1 сағат 58 минутынан өмірінің соңы



Ok.ru 07.03.18 «Біржан сал» фильмі. 2009 жыл.

Бағалау асық арқылы:

Алшы – керемет;

Тәйке – жақсы;

Бүк - орташа



Сабақтың ортасы

15 минут

Қолдану/талдау


«Аударыспақ» ойыны

«Ашық және Жабық сұрақтар» әдісі (жұптық жұмыс)
Оқушының қойған сұрағы оның мәтінге ену деңгейі мен алған біліміне диагностика жүргізу тәсілі болып табылады. «Жабық»  сұрақтар – бір сөзді жауапты талап ететін сұрақтар. Ал «Ашық» сауалдар – ойлауды, қосымша білімді тартатын, талдай білуді талап ететін сұрақтар.
Оқушылар жұптасып, 5 жабық сұрақ және 2 ашық сұрақ құрастырады.


Бағалау:

бейвербалды (ым-ишара, жымию, басын шайқау, қабағын түю т.б.)


Оқулық, ЖД




Сабақтың соңы

6 мин.

Жинақтау/бағалау

Жамбы ату” ойыны.



Жылдам дебат” әдісі

Топтық жұмыс. Оқушылар 4-4-тен топтасды. Топ басшыларын сайлайды. Топ басшысы басына тақия киеді. Оқушылар тақырып туралы пікірлерін ортаға салады. Бар пікірді жинақтап, әр топтан тек топ басшы сөйлейді.
Дебат тақырыбы: Қазіргі таңда Біржан мен Ақандардай сал-серілер бар ма?








Бағалау/кері байланыс

Ат мінгізу – пікірін керемет айтқандарға; шапан жабу – жақсы пікірге; «орамал тон болмайды, жол болады» -орташа пікірге.

рефлексия

«551» әдісі мен «СМС-хабарлама» әдісі
Оқушыларға ұялы телефондарынан сынып чатына SMS хабарлама жазу тапсырылады. Хабарлама ұсынылған сөйлемдердің толықтырылған немесе аяқталған нұсқасы болуы қажет.

  • Маған ерекше ұнағаны....;

  • Бүгінгі сабақта мен....жасай алмадым, қиын болды;

  • Мен... орындадым, қызықты болды;

  • Мен өзімді....үшін мақтар едім;

  • Енді мен ...






Ұялы телефондар

Үйге тапс.

1.Біржанның шығармашылығымен таныстықты жалғастыру.

2.Біржан салға хат (қазіргі өнер жайлы)

3.«Біржан сал» фильмін көру (2009)


Күнделіктеріне жазып алады.

Қосымша ақпарат

Дескриптор

  1. Оқушылар мәтінді оқыды.

  2. Сұрақтар құрастырды.

  3. Диалог арқылы ойларын жеткізді.

  4. Ақынның өмірін талдады, бағалады.

  5. «Жылдам дебат» әдісі арқылы көзқарастарын ортаға салады. 

Саралау


Сабақ кезеңдері сақталды, оқу мақсатына жетті.



Қорытынды бағамдау


Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуда да, оқуда да)
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады? (оқытуды да, оқуды да)

Сабақ барысында келесі сабағымда кімге ( кімдерге)көмек қажет н/е нені жетілдіру керек


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет