Сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым қатынас орнайды



бет1/2
Дата22.02.2022
өлшемі98,39 Kb.
#26068
түріСабақ
  1   2




Жаркент Жоғарғы Гуманитарлық-Техникалық колледжінің

305-топ студенті Анарбек Динара

Интерактивтік технология мақсаты мен міндеттері

«Интерактивті» сөзін ағылшын тілінен аударғанда «бірлесіп әрекет жасау» деген мағынаны білдіреді. Білім берудегі интерактивтік технология -бірін-бірі толықтыратын және барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту технологиясы. Бұл сабақ барысында оқушының ұжымдық жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес.

Интерактивтік оқыту-бұл ең алдымен студент пен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады. Интерактивтік оқыту-бұл танымдық әрекеттің арнайы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын ала болжауға болатын оқыту түрі. Сабақтағы Интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушылардың әрқайсысына қажет міндетті бірлесіп шешуге алып келетін-ұйымдастыру және қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.

Интерактивтік оқыту технологиясы деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоцияналдық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, студентке педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен студенттің іс-әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.

Интерактивті әдіс кезінде:

Сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым қатынас орнайды.

Ондай қарым қатынас білім алушылар әлдебір мәселені талқылап соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады.

Онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады



Бұл әдісте білім алушылар мыналармен қарым-қатынасқа түседі:

Мұғаліммен

өзге балалармен

шағын топтармен

кейбір техника түрлерімен

белгілі бір топпен, аудиториямен



Интерактивті әдістің ерекшелігі—бала өзгелермен араласу барысында агыла түседі, көбірек оқып тәжірибе жинай білуі керек. Тәжірибе интеллектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып табылады және барлық өркениетті азаматтың қажетті құралы десек те болады. Интерактивті әдістеме білім алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.

1.Олар мол мағлұмат алып өздері айтқан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол ашады

2.Өз пікірлерін терең ойланып айта алатын болады

3.Мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибе де жинақтаған білім қорын пайдалана алады

4.Бір бірінен жаңа мағлұматтар аьа отырып, білімін толықтыра алады

5.Шындыққа көзі жеуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады

Интерактивті әдісте таным қабілеттерінің мынадай түрлері қолданылады:

1.Фактілерді еске алу

2.Ойлану

3.Баға беру

4.Алған білімін жаңа жағдайға пайдалану

5.Талдап, синтездеп үйрену

Оқу үрдісінде келесі интербелсенді әдістер қолданылады.

1.Кейс-стади

2.Іскерлік, рөлдік ойындар

3.Тестілеу

4.PBL әдісі

5.TBL әдісі

6.Топтық дискуссия әдісі

7.Миға шабуыл әдісі

8.Тренинг

9.Білім беру үрдісін ақпараттандыру

Оқытудың Интерактивті әдістерінің артықшылығы:

тұлғаның қызығушылығын туғызады

әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді

әрбір тұлғаның сезіміне назар аударады

оқу материалдарын тиімді

тұлғаға көп жоспарлы әрекет етуге әсер етеді

тұлғаның пікілері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады

мінез-құлықтың өщгеруіне көмектеседі



Оқытудың интерактивті әдісі. Оқытудың тәжірбиелерді дамытуға бағытталуы . Елде болып жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және басқадай өзгерістер білім беру жүйесіне де әсерін тигізді. Бұл өзгерістер оқу орындарында жаңа пәндер енгізіп қана қоймай, дәріс беру әдістемесінің өзін өзгерту қажеттігін туғызды. Біздің еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алғандықтан қазіргі кезде шешім қабылдауға халықты тартудың да маңызы зор. Бұл аудиториядағы жұмысқа да қатысты: оқушылар сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуға тиіс. Міне оқушылардың сондай белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалдарды көбіне интерактивті деп атайды. «Интерактивті оқыту әдістемесі». Егерде сабақ үстінде оқушылар мен оқытушылардың арасында тығыз қарым-қатынас байқалса бұлайша оқытуды біз интерактивті деп атаймыз. Әдетте мұндай қарым-қатынас оқушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде байқалады. Бұл жерде оқушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңыздырақ. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол- оқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таратуға үйрету. Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Оқу процесінің барысында оқушылар мыналармен қарым-қатынасқа түседі: оқытушымен (оқушылар оқытушының сұрағына жауап берген кезде); шақырылған адамдармен (немесе топ оқушыларының өздері әлдебір ұйымдар мен адамдарға баруы мүмкін); өзге оқушылармен (бірігіп жұмыс істеу барысында); шағын топтармен (3-5 оқушымен); оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, топ болып әлдебір мәселені талқылау барысында); оқушылардың тобымен және халықпен (топ әлеуметтік сауалнама жүргізеді); кейбір техника түрлерімен (мысалға компьютермен). Топтың сандық құрамы оқудың немесе өзара қарым-қатынастың сапасын айқындамайды. «Өзара қарым-қатынас» әдісінің ерекшелігі- оқушы өзгелермен араласу барысында ашыла түсетін болады.

Заманауи интерактивті технологиялардың оқу процесіне орасан зор ықпалын ескере отырып, көптеген мұғалімдер оларды өздерінің әдістемелік жүйесіне көбірек енгізуге дайын.

Баланы қоршаған ортамен және баланың неғұрлым жан-жақты дербес әрекетін ынталандыратын және ондағы негізгі құзыреттерді қоса алғанда, қажетті сәтте неғұрлым тиімді түрде қалыптастыруға қабілетті нәрсені қалыптастыратын осындай қарым-қатынас жүйесімен қоршау керек. Ал мұндай дамып келе жатқан ортаны құру үшін мектепке дейінгі білім беру мекемесінің оқу-тәрбие үрдісіне интерактивті, баланың дербес әрекетін қамтамасыз ететін ойын педагогикалық технологияларын енгізу қажет.

«Ойынсыз толыққанды психикалық даму бар және болуы мүмкін емес. Ойын – баланың рухани әлеміне өмір беретін идеялар мен концепциялар ағыны түсетін үлкен жарық терезе. (В.А. Сухомлинский)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет