Сабақ үстіндегі, үзіліс кезіндегі өмір қауіпсіздік ережелері


ДК - де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары



бет5/6
Дата05.05.2023
өлшемі39,09 Kb.
#90086
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
ДК - де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:
1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері

Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру);
2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;
3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету;
4. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Күйгенде көмек көрсету:
1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка);
2. Күйген жеріне май жағу (ванилин);
3. Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау;
4. Дәрігер шақыру.

Демі тоқтағанда көмек көрсету:
1. Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары қарай кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру;
2. Дәрігер шақыру.
3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру (ауыздан - ауызға) керек.

Көз талғанда жасайтын жаттығулар
1 - жаттығу
 Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.
 Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.
Бұл кезде бірқалыпты дем алыңдар. 4 - 5 рет қайталаңдар.
2 - жаттығу
Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.
 Алысқа қадалып қараңдар.
3 - жаттығу
 Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
 Алысқа қадалып қараңдар.
4 - жаттығу
 Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
 Алысқа қадалып қараңдар.
5 - жаттығу
 Бастарыңды бұрмай, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.
 Алысқа қадалып қараңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет