Сабақ тақырыбы 7-сыныпты қайталау



Дата25.06.2022
өлшемі0,59 Mb.
#37278
түріСабақ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1А Бүтін көрсеткішті дәреже

Мектеп: №71 орта мектебі

Күні: 01.09.2021ж

Мұғалімнің аты-жөні: Балсүгірова К

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

7-сыныпты қайталау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.3
нөл және бүтін теріс көрсеткішті дәреженің анықтамасын және оның қасиеттерін білу;
7.2.1.1
санды өрнектердің мәндерін табуда бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану;
7.1.2.5
алгебралық өрнектерді ықшамдауда дәреженің қасиеттерін қолдану

Сабақ мақсаттары

- Бүтін көрсеткішті дәреженің анықтамасы мен қасиеттерін дәрежесі бар өрнектерді түрлендірулерде қолданады
- Өрнектің мәнін табу барысында дәреженің қасиеттерін қолдана алады.
- Амалдарды орындау ретін сақтай отырып, бүтін көрсеткішті дәрежесі бар өрнектің мәнін таба алады.
- Дәрежелері бар есептеу мысалдарында амалдар орындау тәртібін реттілігін біледі .

Бағалау критерийлері

1. Бүтін көрсеткішті дәрежені таба алады;
2. дәрежені дәрежеге шығара алады;
3. дәрежелерді көбейте алады;
4. дәрежелерді бөле алады;
5. өрнектерді түрлендіру кезінде бүтін көрсеткішті дәреженің анықтамасы мен қасиеттерін дұрыс қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
2 минут

12 минут


Оқушылардың зейінін шоғырландыру, түгелдеу;
Сабақтың тақырыбымен таныстыру
Сабақтың мақсатын және бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылау.
Стартер. "Бинго" ойыны.
Ойынның соңында оқушылар презентация көмегімен өзін-өзі тексереді

Презентация


Карталар мен кестелер

Сабақтың ортасы
33 минут




Жеке жұмыс.
1) Бүтін көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру.
Әр есептің a, b, c, e тапсырмаларын орындау;
d тапсырмаларын үйге қалдыру.
2) Өрнектерді ықшамдау.
1, 2, 4, 5, 7, 8, 10, 11 тапсырмаларды орындау;
3, 6, 9 тапсырмалар үйге қалдыру.
Теріс көрсеткішті дәреже
а – n = ( 1 / an )
Тапсырма 1

Тапсырма 2. Есептеңіз

Тапсырма . Оқушылар жеке орындайды, жұпта бір-бірімен салыстырады. Мұғалім тексереді

Жұптық жұмыс.
Мұғалім сыныпты жұптарға ыңғайына қарай бөледі.
1.Есептеңдер:

2.Куб түрінде көрсетіңдер:

3. n қандай мәнінде теңдік орындалады:

4. Қайсысы үлкен:
Мұғалім шығару жылдамдығы бойынша жұптарды анықтайды, бір-бірлерінің жұмыстарын тексертеді.



Дидактикалық материал, №1

Дидактикалық материал, №2


Дидактикалық материал, №3



Сабақтың соңы
3 минут

Рефлексия:
Сабаққа мен белсенді / белсенді емес қатынастым.
Сабақтағы өз жұмысыма ризамын / әлі де жұмыстануым керек.
Шығарылған есептер түсінікті болды / тағы да қарап шығуым керек.
Үйге тапсырма: дидактикалық материалдар №1 - d тапсырмалары, дидактикалық материалдар №2 - 3, 6, 9 тапсырмалар.

Дидактикалық материалдар





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет