Сабақ тақырыбы: Адамдар ғарышты қалай зерттеді?



бет3/3
Дата18.01.2023
өлшемі383,5 Kb.
#61852
түріСабақ
1   2   3
Қосымша тапсырмалар




Дүниетану. Оқиғалар мен нысандарды хроно­ логиялық тұрғыдан жүйелеу.



Ғарышты зерттеу

Бұл тапсырманы орындаған кезде мынадай сұ­ рақтар қойыңыз:

— Біз әдетте қандай да бір белгісіз, бұрын көрмеген затты қалай зерттейміз? (Ұстап көреміз, мұқият қараймыз, дәмін көреміз, иіскейміз, тыңдаймыз т.б.)

— Адам аспан денелерін қалай зерттейді? (Оларды бақылайды.)

— Неге? (Олар өте алыс; жақыннан олар үлкен; олардың барлығына жақындауға болмайды, мысалы, Күн — қатты қызып тұрған шар.)

Зерттейік. Оқушыларды шамамен әр топта алты-сегіз адам болатындай етіп бөліңіз. Топтарға бөлген кезде оқушылардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескеру керек. Тапсырманы орындау үшін: А4 фор­ матты парақтар (басқалардан баяу жұмыс жасайтын оқушылар үшін астрономиялық жаңалықтар жазылған парақтарды алдын ала дайындап қойыңыз), бояулар, түрлі түсті қарындаштар қажет болады.

Оқушылар ерте кезде ашылған астрономиялық­ жаңалықтарды парақтарға жаза алады. Бір парақ — бір жазба. Әр жаңалықтың суретін салып көрсетуге болады. Одан кейін оқушылар жаңалықтарды (па­ рақтарды)­ хронологиялық ретпен орналастырады. Нөмірлейді.


Топта оқушылар әр жаңалықты пантомима не­ месе рөлдік қойылым түрінде ұсынуға болатынын ойластырады.
Әр топ өз нұсқасын көрсетеді.

Оқушылар астрономиялық жаңалықтардың адамдардың­ өмірін жақсарту үшін жасалғанын түсі­ нетін болады. Сонымен қатар оқушылар осы тап­ сырманы­ орындау барысында өздерінің бақыла­ ғандарының­ нәтижесін ұсына алу дағдыларын жетілдіреді­ (ауызша, сурет, пантомима түрінде).



Бағалау



Астрономияда мәлімет алудың ең негізгі әдісі — бақылау екенін біледі, оның көмегімен қандай жаңалықтар ашылғанын түсінеді.
Алғашқы жаңалықтар. Оқушылар алғашқы астрономиялық жаңалықтар бейнеленген сурет­ терді таңбалап, белгілі ретпен нөмірлей алады. Жұмыс кезінде не себепті осындай рет сақталғанын нақтылап,­ олардың дәлелдерін тыңдаңыз.
Ықтимал жауаптар
Суреттерді орналастыру тәртібі бойынша: 4. Шоқжұлдыздар.
2. Күн мен түннің ауысуы.
1. Күннің көзге көрінетін тәуліктік жолы.
5. Күнсағаттар.
3. Күн күнтізбесі.
Нақты хронологиялық реттілікті анықтау қиын болғандықтан,­ келесі нұсқаларды қабылдауға бо­ лады: 2—4—1—5—3; 4—2—1—5—3. Маңыздысы,­ Күн күнтізбесінің соңғы болуы. Гномон (күнсағат) тек Күннің көзге көрінетін тәуліктік жолынан кейін болуы, ал Күн күнтізбесі бірінші болуы мүмкін емес.

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет