Сабақ тақырыбы Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы. Әке өсиеті. Ахмет атаға хат



Дата24.02.2022
өлшемі249,29 Kb.
#26322
түріСабақ

Қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Адамгершілік - асыл қасиет Бекітілді: _____________

Күні: ________2018 ж.

Мұғалімнің аты жөні: Мамбетова А.М.

Сынып: 5"А" Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы. Әке өсиеті. Ахмет атаға хат.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

5 Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

5.2.4.1 - көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат жазады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашады

Кейбір оқушылар орындай алады: тақырып мазмұнына сай өлең жазады

Бағалау критерийі


  • образын ашады

  • тақырып мазмұнына сай өлең жазады

  • авторға хат жазады

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен термин: портрет, образ, хат, тәкаппарлық, өсиет

Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер: егіннің бастары, жалғыз бидай, көкке қарап, сарша тамыз, әке жауабы, бала сұрағы

Құндылықтарға баулу

шығармашылық және сын тұрғыдан ойлайды

қарым-қатынас жасау қабілеті артады

Пәнаралық байланыс

Сабақта АКТ пайдалану арқылы информатика, «Бес жолды өлең» әдісі арқылы қазақ тілі пәндерімен байланыс орнатылады

Алдыңғы білім

3 мин.


Суретпен жұмыс. Дәні жоқ егіннің басы, Дәнге толы егіннің басы.

-Балалар, суреттен нені байқадыңдар ?

-Бидайды

-Сендер бидай туралы қандай мәлімет білесіңдер? –деп тақырыпты оқушыларға ашқызу. Бидай бүкіл әлемдегі негізгі азық көзі болып табылады. Азық - түлік өнімі ретінде бидайдың көптеген бағалы қасиеті бар. Бидай дәні - аса құнарлы да қуатты азық. Ал, ендеше Қазақстан картасынан елімізде бидай өсіретін өңірлерді көрсетейік.  Батыс, Орталық, Шығыс, Оңтүстік Қазақстан облыстарында

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин.


Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, біз бүгін А. Байтұрсыновтың «Егіннің бастары» мысал өлеңі. Әке өсиеті. Ахмет атаға хат тақырыбын өтеміз.

Енді топқа бөлінбес бұрын «Егіннің бастары» мысалын аудиотаспадан тыңдайық. Тыңдалым алды тапсырма. Мысалдағы кейіпкерлерді атаңыздар. Сол кейіпкерлердің атаулары арқылы топтарға бөлінеміз.



Топқа бөлу. 1-топ Дәні көп бидай, 2-топ Бала, 3-топ Әке, 4-топ Дәнсіз бидай

Сабақ мақсатын түсіндіру. 5.Т.Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

5.2.4.1 - көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу



Бірлескен оқыту. Оқулықтан мәнерлеп оқушыларға оқыту
Суреттер

Сабақтың ортасы

23 мин.

Топпен жұмыс.

1-топ Дәні көп бидай. «Венн диаграммасы» арқылы дәні көп бидай мен дәнсіз бидайды салыстырыңдар

2-топ Дәнсіз бидай. Мысал өлең туралы пікірлеріңді «ПОПС формуласы» әдісі арқылы білдіріңдер

3-топ Бала. «Драма» әдісі арқылы мысал өлеңді сахналастыру

4-топ Әке. «Әліпби желісі» әдісі арқылы әкенің образын ашу

Дескриптор

-дәні көп бидай мен дәнсіз бидайды салыстырады

- мысал өлең туралы пікірлерін білдіреді

- мысал өлеңді сахналастырады

- әкенің образын ашады



Бағалау топтар бірін-бірі «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды

Шығарманың негізгі идеясын үш сөйлеммен айтып, ойымызды мақал-мәтелмен жеткізейік. (Тәкаппарды Тәңірі сүймес. Асқанға аспан да аласа.)

Интербелсенді тақта,

Флипчарт, маркерлер



Сабақтың соңы

7 мин.

ҚБ Ахмет атаға хат жазу



Кері байланыс

«Бес жолды өлең» әдісі



Қосымша ақпарат

«Артық болмас-білгенің» 81 бет


Сабақ бойынша рефлексия
«Бес жолды өлең» әдісі

Ықшамсабақ қорытындысы


Табысты болған екі нәрсе:





Сабақты жақсартатын екі нәрсе:

1.

2.



Үй тапсырмасы

«Тәкаппарлық деген не?» тақырыбында ойтолғау жазу

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Интербелсенді тақтаның қауіпсіздігін сақтау

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет