Сабақ тақырыбы Алкендер. Құрылымы және химиялық байланыстар түзілуі



Дата06.01.2022
өлшемі25,99 Kb.
#12527
түріСабақ




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3В Көмірсутектер

Мектеп:

Қостанай қ. ФМБ НЗМ

Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Дарибаева С.А., Мұхтарұлы Е., Худайбергенов Н.М.

Сынып:

10 А, В, С, D

Қатысқандар саны:

А (...), В (…), С (…), D (...)



Қатыспағандар саны:

А (...), В (…), С (…), D (...)



Сабақ тақырыбы

Алкендер. Құрылымы және химиялық байланыстар түзілуі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.4.3.13 алкендердегі байланыстың қанықпағандығын және алкендерге тән изомерия түрлерін түсіну;

10.4.3.14 алкендерге тән сапалық реакцияны (қанықпағандық) білу;

Сабақ

мақсаттары

Барлық оқушылар үйренеді

- алкендердің құрылысын, жалпы формуласын, қанықпаған көмірсутектер екендігін білу

Оқушылардың көбісі үйренеді:

- алкендерді атау үшін ИЮПАК номенклатурасын қолдана алу

- алкандар мен алкендерді салыстыру



Кейбір оқушылар үйренеді:

- алкендердің химиялық реакцияларға түсу белсенділігі мен реакция типтерін болжау

Бағалау

критерийлері

- алкендердің аталуын біледі;

- аталуы арқылы алкендердің құрылымдық/графикалық формуласын салады;

- алкендердің изомерлерін құрастыра біледі;

- алкендерге тән сапалық реакцияға қажет реактивтерді біледі;

- алкендердің сапалық реакциясы кезінде байқалатын өзгерістерді дұрыс сипаттайды;

- алкендерге тән сапалық реакция теңдеуін жазады;



Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Алкандарға анықтама беру; «қаныққан», «көмірсутек» ұғымын түсіндіру; жалпы формуланы қолдана отырып, молекулалық формула құрастыруды түсіндіреді Пәнге қатысты лексика мен терминология

Алкандар, көмірсутек, қаныққан, қанықпаған, көміртегі, сутегі, жалпы формула, бейнелеу, мәліметтер кестесі, өседі, құлайды, мазмұны

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Алкандар / тек қана X… тұрады

Қасиеті санына байланысты өзгереді ...

Қайнау нүктесі / тұтқырлық / өртке қауіпсіздігі жоғарылайды / төмендейді санмен ...

Көміртегі атомы көп болған сайын, көбірек /жоғарырақ ...


Құндылықтарды

дарыту

– Сыйластық (бір-бірінің ойын айту кезінде)

– Ынтымақтастық (жұптық жұмыс барысында)

– Ашықтық (сұрақтарды ұялматсан қою және оларға жауап беру)

- Өмір бойы білім алу



Жаһандық азаматтықты тәрбиелеу

Этикалық жауапкершілік пен белсенділікті жеке және ұжымдық іс-әрекеттер арқылы тәрбиелеу

АҚТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта (бейнебаяндар, презентация)

Өмірмен байланыс

Алкандардың күнделікті өмірде қолданылуы. (пропан газы)

Пәнаралық байланыстар

Информатика, биология, физика

Бастапқы білім

8.2A Атомдағы электрондардың қозғалысы

8.4В Көміртегі және оның қосылыстары

9.1В Қосылыстар құрылымы

10.3А Органикалық химияға кіріспе



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-2 мин


Ұйымдастыру сәті.

Өткен тақырыптар бойынша қайталау сұрақтары

1. Хлорлы еріткіштер туралы не білесіңдер?

2. Хлорлы еріткіштердің қоршаған ортаға қандай кері әсері бар?

3. Алкандар жанғанда қандай өнімдер түзіледі?

4. Тұрмыста немесе өнеркәсіпте қолданылатын алкандарға мысал келтіріңіздер.

Сыныппен бірге қосылыстың формуласын есептеуге арналған қарапайым есепті шығару.

Егер құрамындағы көміртектің массалық үлесі - 87,5%, сутегінің массалық үлесі -14,3 % болса, көмірсутектің молекулалық формуласын қорытып шығарыңыз. Газдың сутек бойынша тығыздығы 14-ке тең.

(Жауабы: C2H4)


Презентация
1 бет

2 бет

3-10 мин

11-38 мин



Сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру.

Қарастырылатын мақсат:

10.4.3.13 алкендердегі байланыстың қанықпағандығын және алкендерге тән изомерия түрлерін түсіну;

Жұппен жұмыс

Оқушылар шар өзекті модельді пайдаланып, құрамы С2Н6 және С2Н4 болатын қосылыстардың 3D-моделін жасау қажет.

Қос байланыстың түзілгенін ескеру керек.

Бейнебаяндар:

1. Қаныққан және қанықпаған көмірсутектер (54 сек)

Сілтеме: https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/organikalyq-ximiya/organikalyq-ximiyanyng-negizgi-taraulary/lesson/alkender-alkenderding-qurylysy-zhane-gomologtyq-qatary

2. Этилендегі С=С байланысының стереохимиясы (1,34 мин)

3. Алкендердің құрылымдық изомериясы (21 сек)

Сілтеме: http://www.bilimland.kz/kk/content/lesson/10486-alkenderding_izomeriyasy_zhane_fizikalyq_qasietteri

4. Бутен-2-нің геометриялық изомериясы (53 сек)

Мұғалім оқушыларға алкендердің гомологтық қатарын, изомерлерін және аталуын С5Н10 мысалға ала отырып түсіндіреді.

Оқушылар алған білімдерін бекіту үшін қалыптастырушы бағалау жұмысын орындайды.


Презентация

6 бет


7-11 бет
Қосымша 1


Сабақтың соңы

39-40 мин



Рефлексия. Қойылған мақсаттар мен бағалау критерийлеріне оралу.

Презентация

Сабақтың басы

0-1 мин


Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын анықтау.



Сабақтың ортасы

2-37 мин


Қарастырылатын мақсат:

10.4.3.14 алкендерге тән сапалық реакцияны (қанықпағандық) білу;

Бейнебаян: Алкендердің сапалық реакциясы (1,23 мин)

Сілтеме: https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/organikalyq-ximiya/komirsutekterding-funkczionaldyq-tuyndylary/lesson/organikalyq-ximiyadahy-sapalyq-reakcziyalar

Лабораториялық жұмыс. Алкендерді алу және оларды анықтау.

(E) Оқушылар алкендердің қасиетін зерттеулері керек: тұтануы, рН-ортасының көрсеткіші, калий манганатының (VII) және калий дихроматының ерітінділерімен (VI), йод суының ерітіндісімен реакциялары. Оқушыларға алкендерді гексанмен салыстыруды ұсыныңыз. Оқушылар мүмкін болатын реакция теңдеулерін және (органикалық) өнімдердің атауларын жазуы керек. Олар бромды сумен реакциясын қанықпағандыққа тест ретінде түсінулері керек (еселі байланысқа сапалық реакция).


12 бет
Қосымша 2




Сабақтың соңы

38-40 мин



Сабақ қорытындысы. Кері байланыс.

Рефлексия Пирамида

Рефлексия «Телеграмма»

Сабақ аяқталғаннан соң оқушылардан телеграмма бланкын толтыруды сұрау. Келесі инструкцияны ескеру қажет:

"Өтілген сабақ туралы не ойлайсыз? Сізге не маңызды болды? Сіз неге үйрендіңіз? Сізге не түсініксіз болды? Сізге әрі қарай қандай бағытта жүру қажет?» Қысқа жолдау 11 сөзден тұру қажет. Бұл әдіс мұғалімге әрі қарай осы тақырып бойынша оқушылармен бағытын білуге көмектеседі.

Келесі сабақта мұғалім рефлексия нәтижесі бойынша алынған ой-пікірі туралы бөлісуі қажет.



Презентация

Үй жұмысы

Теориялық ақпаратты қайталау.




Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлығы: - органикалық қосылыстардың функционалдық топтарын білу

- функционалдық топтардың болуы органикалық қосылыстың белгілі бір класқа жататынын түсіну

- функционалдық тобы көрсетілген қарапайым органикалық қосылыстың құрылысын дұрыс сызып көрсету

Көбісі: - функционалдық топтадың түрлілігіне сәйкес изомерлерді құрастыра алу

- ИЮПАК номенклатурасын білу



Кейбіреулері: - изомерлерді ИЮПАК номенклатурасы бойынша атай алу

Жұптық жұмыс, оқушылардың ауызша жауаптары бойынша және жеке қалыптастырушы бағалау жұмыстар нәтижесі бойынша бағалау орындалады.

Химия кабинетіндегі қауіпсіздік ережелер

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет