Сабақ тақырыбы: Қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы



бет1/3
Дата30.10.2022
өлшемі166,13 Kb.
#46306
түріСабақ
  1   2   3

Практикалық сабақ тақырыбы: Қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы.


1. Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы.
Жазу өте ерте заманда жасалып, ұзақ тарихи даму кезеңдерден өтті. Даму барысында жетілуімен бірге оның принциптері де өзгеріп отырды. Оның себебі кай кез болмасын, жазуда сөздің дыбыстык жағын, яғни айтылу формасын дәл беру басшылыққа алынады, соған талпынады.

  • Қазіргі қазақ емле ережесінің тарихына көз жіберсек, оның іргесі 1940 жылы кириллицияға («орыс жазуынаң) көшкен кезде қаланды . Қазақ тілі емлесінің осы жазу бойынша түзілген қағидаларының 15-16 жылдық тәжірибеден кейін кем-кетігі ескеріліп, біршама реттелген нұсқасы 1957 жылы ұсынылып, заңдастырылды, яғни үкімет тарапынан арнайы каулы қабылданып, бекітілді. Европа елдері мен кытай, үнді, жапон сияқты халықтардың, жүздеген, тіпті кейбіреуінде мыңдаган жылдарға созылған жазу үрдісі бар халыктардың дұрыс жазу қағидаларын үкімет тарапынан бекітіп, көпшілікті соған бағынуға міндеттеу шарт та болмас. Бұларда дәстүр факторы өз-өзінен кызмет етіп жатады.

  • Ал 1940 жылға дейін бас-аяғы он бес-жиырма жылдың ішінде үш түрлі: А.Байтұрсынұлы түзген қазактың тұңғыш ұлттык жазуы — араб таңбаларын, одан кейін оншакты жыл (1929-1940) колданған латын жазуын, 1940 жылдан бастап кабылданған кириллицаны пайдалануга мәжбүр болған қазак сиякты халыктың әр жазудың емлесінде дэстүрі калыптасып, орнығып үлгермеді, сондыктан эркім бұрыңғы жазудың тэртібін сактап, алакұлалык туғызуы мүмкін болғандықтан, 1940 жылы жаңа графикага көшкен кездегі емле ережелері де, 1957 жылғы оның біршама түзетілген жаңа редакциясы да ресми үкімет тарапынан арнаулы қаулымен бекітілген болатын.

Емле немесе сауатты жазу нормалары да көпшілік талкысына көп түсетін болғандықтан, үнемі түзету, кырнау, толықтыру сияқты негұрлым жетілдіру процесін басынан кешіреді. Қазақ тілі емлесі де бұл процестен шеттеп қалмады. Тағы да эрі қарай жазу тәжірибеміз көрсеткендей, эрі енді жазу мәдениетіне көңіл бөліне бастағандыктан, сауаттылыктың тетігін ғылыми негізге сүйеніп табу әрекеті қолға алына басталды. Сондыктан 1983 жылы казак емле ережеліне біраз түзетулер мен өзгерістер енгізілген жаңа редакциясы ұсынылды. Бұл соңғы нұска да заң жүзінде кабылданды: 1983 жылы 23 тамызды Қазак ССР Жоғаргы Советі Президиумының Указымен бекітілді. Бұл қаулыда: «Министрліктерге, мемлкеттік комитеттерге, ведомостыларға, газет- журнал редакцияларына, баспаларға, ғылыми-зерттеу мемкемелеріне, оқу орындарына қазақ тілі орфографиясының осы негізгі ережелері жарияланған күннен бастап оларды жазу практикасына алу міндеттеледің — деп жазылды


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет