Сабақ тақырыбы: Қазіргі ақпараттық қоғамды философиялық талдау және қазіргі заманның жаһандық талаптарын зерделеу



бет4/8
Дата26.04.2022
өлшемі30,39 Kb.
#32296
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Постиндустриалдық қоғам - экономикалык дамыған елдердің «индустриялықтан», «индустриялықтан кейінгі» қоғам типіне өтуімен сипатталатын қазіргі жағдайын білдіретін ұғым. Бұл терминде аталмыш қоғамның кызмет көрсету экономикасын калыптастыру, ғылыми-техникалық мамандардың басымдылығы, жаңа «интеллектуалды» техниканы жасау сияқты негізгі белтілер қалыптастырған. Оны Д.Белл ұсынды. Қоғам бір-бірімен тығыз байланыстағы фақторлардың, техниканың, әлеуметтік құрылымның, саясаттың, рухани кұндылыктардың жүйесі ретінде көрінеді.

Ашық қоғам — мемлекеттің ішкі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жүйелерінің деңгейін білдіретін ұғым; Карл Поппердің «еркін қоғам» концепциясы, мұнда білімнің барлық түрлері және кез-келген әлеуметтік саясат ашық сыналады. Ол оны фальсификациялық және сыни рационалистік эпистемологиямен сәйкестене алатын жалғыз қоғам түрі ретінде қарастырады; бір қабаттан екінші қабатқа өту ресми түрде шектелмейтін қоғам. Ол мұны әр түрлі қоғамдардың тарихи-мәдени және саяси жүйелеріне сипаттама беру үшін қолданған.

«Жабық қоғам» — догматты түрде жеке басқа табынушылықты, сондай-ақ дамудың ерте кезеңдеріне тән сипаттармен, жаңару, жаңғыруларсыз, ілгері қозғалыссыз тұрып қалу мәнін білдірсе, «ашық» қоғам — бұған қарама-қарсы ұғымда айтылады. Ол сыртқы жағдайларға тез икемделіп, жылдам ыңғайланатын, өзара сынға ерік бере білетін демократияшыл қоғам. Поппер өркениет тарихында қоғамдық даму қашанда «жабық» жүйеден «ашық» жүйеге өту арқылы жүзеге асып отырғанын көрсетеді. Қазақстан мемлекеті де биліктің түп иесі халық болып табылатын демокр. республика әр адамның негізгі құқық және бостандық нормалары белгіленген, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Әркім өзі қалаған саяси және діни көзқарастарды, мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы берілген, соның ішінде сын құқығы заң жүзінде қорғалады. Желілік қоғам ақпарат таратуда технологиялардың дамуы адамдардың өміріне терең әсер етуде. ХІХ ғасырдың адамы өмір бойы алатын ақпарат көлемін қазіргі адамдар бір күнде алады. Баспа технологиясы білім беру мен мәліметтерді сақтау жүйесін түбегейлі өзгертті. Адамзаттың жинаған тәжірибесі мен білімін ұзақ жылдар сақтауға мүмкіншілік тудырды. Қағаздың ойлап табылуы бір революция болса, баспа технологияның пайда болуы екінші революция болды. Ақпаратты заманның келуі білімді жинақтауда үшінші революцияны алып келді. Ол – бүкіл ақпараттың сандық түрге өтуінде. Ендігі уақытта интернет арқылы кез келген адам бүкіл адамзат өркениеті жинақтаған білім қорына қол жеткізе алады. Осы таңға дейін ешбір қоғамның қолында болмаған мүмкіншілік. Сандық заман білімге ашықтық алып келді. Егер де бұрынғы замандарда білімге ғалымдар және университеттердің монополиясы болса, осы уақытта жекелеген адамдар иелік етуге көшті. Бұл өзгерістердің ұзаққа баратын салдары бар. Көптеген адамдардың әлемге деген көзқарасын өзгерді. Мемлекет идеология мен идеяны жасақтауда орталық орнынан айрылды. Енді білім де, саясат та желілік болып барады. Жақсы ұйымдасқан желілік бірлік саясатқа көп әсер ете алады. Өзі де саясаттың субъектісіне айналады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет