Сабақ тақырыбы: Қазіргі ақпараттық қоғамды философиялық талдау және қазіргі заманның жаһандық талаптарын зерделеу


Қазақтардың ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері



бет8/8
Дата26.04.2022
өлшемі30.39 Kb.
#32296
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақтардың ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері

Мәдениет дегеніміз қоғамның тарихи дамуында жеткен сатысын көрсететін, адамзаттың шығармашылық қызметінің үдерісінде жасалған және жасайтын рухани және материалдық құндылықтардың жиынтығы. Ал Қазақстанның географиялық орналасуы жағын қарастырсақ еліміз шығыстық елдер қатарына жатады сондай-ақ Азия құрлығына шектеседі қоғам өмірінде, шаруашылығы мен мәдениетінде тұрмыстық пайдаланатын материалдық игіліктер Шығыс және Батыс мәдениетінің түрлерін қамтиды, сондықтан біздің мәдениетіміз орналасқан жеріне байланысты дүние жүзінде іске асырылып жатқан мәдени үрдістерден тыс қалмай, солармен қатар дамып келеді.

Біздің елімізде көп ұлт өкілдері тұратындықтан мәдениетіміз көптілді және көптүрлілік сипат алады кез келген азамат өзінің белгілі бір ұлт өкіліне тәнділігіне орай белгілі бір тілде жасалынған мәдениетті тұтынады. Біздің жеріміздегі мәдениет түрі мен жанры жағынан бай және әр алуан, мазмұны жағынан халықтар достығының жаршысы және көрінісі ретінде ерекшелеп көрсетеді.

Ұлттық мәдениеттің жалпыға бірдей қабылданған, бірмінді айқындамасы жоқ, оның бірнеше айқындамасы бар. Солардың ішіндегі негізгі екеуіне тоқталымыз. Оның біріншісі – ұлттық мәдениет дегеніміз белгілі бір ұлт өкілдерінің күшімен жасалған мәдени-рухани мұралардың жиынтығы. Жинақтай айтқанда, қазақ ұлты өкілдерінің интеллектуалдық және тәни күшімен жасалған мәдениет жетістіктерінің барлығы қазақ халқының мәдениеті болып табылады.

Қазақ халқының ұлттық мәдениеті дегенде қазақ ұлты өкілдерінің қолымен, ойымен, ақылымен жасалған барлық рухани көркем, ғылыми, білімділік, материалдық игіліктердің жиынтығы ойымызға түседі. Мейлі ол Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауидің кесенесі болсын немесе Есік қорғанынан табылған сақ жауынгерінің алтын киімі болсын, немесе М.Әуезовтің романдары, Мағжанның өлеңдері болсын – барлығы да қазақ ұлтының мәдениеті болып табылады.

Бұл айқындаманың ерекшілігі оның мәдениетті ұлттық шеңберде алып, тұтас қоғам мәдениетінен бөле қарастыруында болып табылады. Мұны Қазақстанда тұратын өзге ұлттық диаспораларға қатысты қолданғанда орыс, украин, татар, өзбек, ұйғыр халықтарының өкілдерінің күшімен жасалған мәдени туындылардың жиынтығы болып шығады. Бұдан Қазақстанда өзара сұхбатасатын көптеген ұлттық мәдениеттер қатар өмір сүреді деген байлам келіп шығады.

Мәдениетті тар шеңберде алып қарастырушылар патриоттық сезімдердің жетегіне көбірек ілеседі, мәдениеттердің кірігуін қаламайды және оған күдікпен қарайды. Олар үшін ұлттық төлтумалық қымбат. Сондықтан олар өнердің ежелден келе жатқан дәстүрлі түрлеріне ден қояды, солардың дамуын жақтайды және қадағалайды, өркениетті елдерде таралған мәдениеттердің түрлеріне жатсына қарайды.

Ұлттық мәдениеттің мәніне қатысты екінші тұрғы оның ұлттық мемлекеттік шеңбердегі аясынан көрініс береді. Бұған қатысты, алдымен, «ұлттық», «мемлекеттік» ұғымын саралап алу қажеттілігі туады.

Қазір бізде де дүние жүзінің өркениетті елдері қабылдағандай, «ұлттық» сөзі «мемлекеттік» деген ұғыммен барабар қолданылады. Демек, «ұлттық банк», «ұлттық экономика», «ұлттық валюта» тектес тіркестер де «ұлттық» сөзі «қазақтікі» деп түсінілмейді, бүкіл Қазақстан халқынікі немесе мемлекеттікі деп түсініледі. Сол сияқты «ұлттық мәдениет» дегенде де біз тек қазақ халқының мәдениеті туралы емес, Қазақстан халықтарының мәдениеті туралы сөз болып отыр деп түсінуіміз керек. Сонда ұлттық мәдениет қазақ ұлтының және Қазақстан жерін мекендеген түрлі өзге ұлттық диаспоралар өкілдерінің қатысуымен жасалған материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы болып шығады.



Қазақ халқының ұлттық мәдениеті Қазақстан халықтарының мәдениетінің негізін құрайды. Өйткені республика атауын арқалаған қазақ халқы – бұл елдің автохтонды тұрғындары және республмка тұрғындарының басым көпшілігі құрайды. Бұл жерде қазақ тілінің мемлекеттік тіл болу факторының айрықша маңызы бар. Ол келешекте қазақ тілі толыққанды мемлекеттік тіл ретінде күшіне енгенде Қазақстанда жасалып жатқан мәдениеттің негізгі тіліне айналады. Осылардан қазақ ұлтының мәдениетінен тұтастай Қазақстан халықтары мәдениеттерінің ұйытқаса болу мәртебесі көрініс береді. Қазірдің өзінде Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан қазақстан өзге ұлт өкілдерінің қолымен жасалған игіліктің бәрі де ұлттық мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады, ал кейін ол игілік қазақтың ұлттық мәдениетімен кірігіп, ажырамас біртұтастықты құрайтын болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет