Сабақ тақырыбы: Дыбыстар түрлері және дыбыстар тіркесі. Практикалық сабақ мазмұны



бет1/4
Дата14.04.2022
өлшемі30,7 Kb.
#31037
түріСабақ
  1   2   3   4

2 апта:

Практикалық сабақ тақырыбы: Дыбыстар түрлері және дыбыстар тіркесі.

Практикалық сабақ мазмұны:

1. Дыбыс туралы ұғым.

2. Дыбыстау мүшелері мен олардың қызметі.

3. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары.

4. Дыбыс ырғағы, күші.


  1. Дыбыс туралы ұғым.

Дыбыс, кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында – адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс. Егер дыбыс таралатын орта болмаса дыбыс та болмайды.
Дыбыстау мүшелері және олардың қызметі

Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Тіл дыбыстары өкпедегі ауаның сыртқа шығуынан жасалады. Дыбыстау мүшелерінің жиындығы сөйлеу аппараты деп аталады (аппарат-мүше деген сөз). Қазақ тіліндегі дыбыстау мүшелері, негізінен мыналар: өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, таңдай, ерін, тіс т.б.

Дыбыстау мүшелері ауа жүретін каналдың бойына орналасқан. Дыбыстау мүшелері дыбыс шығару қасиетіне қарай негізінен үш топқа бөлінеді:

1.Тыныс мүшелері.

2.Тамақ мүшелері.

3.Қуыс мүшелері.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет